Білім беру саласы: «Шығармашылық».Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Жапсыру.Тақырыбы: Қонжыққа арналған пирамида
Мақсаты: Ойыншықтар туралы білімдерін жетілдіру; Пирамида
ойыншығына дәл ұқсатып, түрлі-түсті, көлемі бойынша үлкеннен кішіге қарай
орналастыртып желімдеуді үйрету. Қайшымен, желіммен жұмыс істеу дағдыларын
дамыту. Қол ұшын беруге ұмтылдырып, қонақжайлылыққа, достастыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: пирамида
мен қонжық ойыншығы, желім, түрлі-түсті тік төртбұрыштар шаблоны, қайшы.
Билингвальді компонент: Қонжық- медвежонок,
қонақ-гость, ойыншық-игрушка. Қызыл-красный-red, көк-синий-blue, сары-желтый-yellow,
жасыл-зеленный-green
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің
іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы лық |
Ойын сабаққа кіріспе өлең
жолдарын оқу. Бәрін білгім келеді Тәрбиеші білім береді Дайындалам қазір мен Салемдесем Бәріңмен.-Сәлеметсіздерме? Екі қолым тіземде, Тіп-тік отыр Денемде Достым артық сойлеспе Сөйлеспеймін менде. Қонаққа сынып қалған
«пирамида» ойыншығын алып келген қонжық келеді. Дәл қолындағы ойыншығын(игрушка) жасап
беруді өтініп, көмек сұрап келеді. |
Ойын сабаққа таныс кіріспе
өлең жолдарын оқиды Қонақпен амандасады. Қонжыққа-(медвежонок)
көмектесуге келіседі. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-Балалар, қонжықтың қолындағы не? -Қалай аталады?
-Бұл ойыншық неше бөліктен құралыпты? -Олардың көлемдері қандай екен?
-Пирамиданың бөлшектерінің түстері қандай? -Өте жақсы балалар, пирамиданың бөлшектерін жақсылап
есімізге сақтап алайық. Сергіту сәті: Қолыңдағы қайшыны Қайшылама албаты, Ұстау керек жағымен Досыма беремін мен.
-Алдымыздағы құралдарды қарап шығайықшы. Олармен жұмыс
істеу ережелерін есімізге түсіріп алайық. Жұмыс кезеңдерін түсіндіру. Жұмыстың орындалу тәртібін тақтада жасап көрсету. - алдымыздағы тіктөртбұрыштарды қағазымызға бастырып
алып, қиямыз. -дайын бөлшектерді дәл пирамида ойыншығына ұқсатып
желімдейміз. Балалардың жұмыс істеу әрекеттерін бағылау. Үлгерімі
нашар балаларға көмектесу. Таза, ұқыпты, тиянақты жұмыстарды үлгі етіп
көрсету. -Жұмысымызды аяқтаған соң, жұмыс орнымызды жинақтаймыз.
|
-ойыншық -пирамида -ойыншық 4 тіктөртбұрышты бөліктерден құралыпты. -Қызыл-красный, сары-желтый, жасыл-зеленный, көк-синий
түстері бар. -Қайшының ұстайтын жағынан ғана ұстау қажет. Желімді түбінен бұрау арқылы
шығарып, жұмыс соңында ішіне кіргізу керек.
Мұқият тыңдап, естеріне сақтайды. Жұмысты рет-ретімен орындайды. Желімнің қақпағын жауып, қағаз қалдықтарын жинақтайды. Қайшыны үстелдің
оң жақ бұрышына жинап қояды. |
Рефлексия-лық түзетушілік |
-Балалар, жұмыстарың тамаша, қонағымыз сондай қуанышты.
Сендердің жасап берген ойыншықтарыңды өзінің достарына да алып кетпекші.
Қонжық барлық жұмысты жинап алып, рахметін айтып,
қоштасады. -Балалар, ойыншық жасау біздің де қолымыздан келеді
екен. Жарайсыңдар! Үйден осы ойыншықты жасап көрулеріңе болады.
|
Тақтаға жұмыстарын орналастырады. Ойынщықты қонжыққа сыйлайды. Қонақпен қоштасады. Үйде пирамида ойыншығын жасап көруге сөз береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Түрлі-түсті қағаздардан, көлемі бойынша үлкеннен кішіге
қарай орналастырып пирамида ойыншығын жасауды.
Игереді: Тиянақты желімдеуді, қайшымен жұмыс істеуді
Меңгереді: Қол ұшын беруді,
қонақжайлылықты, достастықты.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.