Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы. Тақырыбы:Гүлдер
Күні: 30.09.2014
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Жапсыру
Мақсаты: Балабақшадағы гүлдер, оларға қамқорлық жолдары туралы
түсінік беру. Ыдыстағы егулі тұрған
гүлдерге ұқсатып, түрлі-түсті қағаздардан гүлдерді жабыстыруды үйрету. Ұсақ қол
моторикаларын дамыту. Бөлме гүлдеріне байланысты сөздік қорларын байыту.
Желіммен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіру. Әсемдікке, сұлулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Бөлме гүлдері, түрлі түсті қағаз, желім,
шаблондар.
Билингвалды компонент: гүл-цветы
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру-шылық немесе
мотивациялық қозғаушы |
Тізеге қолды қоямыз. Денемізді тік ұстап, Тәрбиешіні тыңдаймыз. Білім алу үшін дұрыстап. |
Өлең сөздерін бірнеше рет
қайталайды. |
Ізденушілік немесе қойылған
тапсырманы орындау
|
-Балалар бізде қазір қай жыл мезгілі? -Далада қандай өзгеріс болып жатыр? -Ағаштар қалай өзгеруде? -Ал гүлдер ше? -Гүлдер бізге не үшін қажет? -Дұрыс айтасыңдар, балалар. Гүлдер өте әдемі болғандықтан, күн
суытқанда гүлдер болмайтындықтан, адамдар оларды үйде, бөлмелерде ыдысқа
салып өсіруді ойлап тапқан екен. Гүлдерді еккенен кейін, жақсылап күтім жасау
керек екен. (су құю, түбін қопсыту) -Барлығымыз жақындап, қолымдағы бөлме гүліне назарымызды аударайық. -Далада гүлдер топырақтың бетіне отырғызылады. Дәл солай бөлме гүлдері
де топыраққа отырғызылатындықтан, гүл егуге арналған ыдыстарда өсіріледі. v
Гүлдің мүшесі туралы түсінік
беру. -Біздің топта бөлме гүлдері бар ма? -Қажет пе? -Олай болса, алдымызда қандай құралдар көріп тұрмыз? Дәл осы құралдардың көмегімен өз тобымызға гүлдерді жасап үйреніп алайық. 1. Жасалу жолдарын көрсетемін 2. Балалар дайын шаблондарды қиып даярлайды. 3. Әр бала өз қолының ізін сызады Сергіту сәті. Оң қолымда бес саусақ, 4. Әр кезеңді балалармен бірге орындау v
Ақ қағаз бетіне гүліміздің
сабағы мен жапырақтарын (қолымыздың ізін) желім арқылы жабыстырамыз; v
Әр сабаққа(саусақ басына)
гүлдерді орналастырамыз v
Дайын болған гүлімізді,
бөлме гүлі етіп ыдысқа орналастырамыз. Яғни ыдысын жабыстырамыз. 5. Балалардың жұмыстарын әр кезеңде мадақтап, үлгі етіп көрсету |
Сұрақтарға жауап береді.
Мұқият тыңдайды.
Гүлдердің Топқа қажет
екендігін айтады.
Құралдарды атайды.
Мұқият тыңдап, талап бойынша
іс-әрекеттерді орындайды. Өлең сөздерін бірнеше рет
қайталайды.
Мұқият тыңдап, талап бойынша
іс-әрекеттерді орындайды.
|
Бекіту және жалпылау |
Балалар жұмысын тақташаға
ілу. -Сонымен, балалар бүгін не
жасауды үйрендік? -Сендерге ұнады ма? |
Өз пікірлерімен бөліседі. |
Қорытындылау және рефлекция |
Жұмыстар ортақ көрмеге
ілінеді. Мадақтау жұмысын жүргізу. |
Көрмеге орналастыруға
көмектеседі. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ыдыстағы
егулі гүлдерге ұқсатып, түрлі-түсті қағаздардан гүлдерді жабыстыруды.
Игереді:Балабақшадағы
гүлдер, оларға қамқорлық жасау жолдарын.
Меңгереді: Желім мен
қайшымен жұмыс істеуді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.