Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы. Тақырыбы:Әдемі жалаушалар
Күні: 16.09.2014
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Жапсыру
Мақсаты: Туған елінің рәміздері туралы білімдерін толықтыру. Үлгі бойынша ту жасауды үйрету. Желіммен тиянақты, таза жұмыс жасауды, үлгі бойынша ақ қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдеуді игерту. Тазалыққа, әсемдікке, өз елінің отаншыл азаматы болуды тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, тік төртбұрышты көк қағаз, желім, ақ бет.
Билингвалды
компонент: ту-флаг, желім-клей
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру-шылық немесе мотивациялық
қозғаушы |
- 1,2,3 Топтың іші
тып-тыныш, Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз. -Балалар біз қай елде мекен
етіп жатырмыз? -Әр Республиканың өзінің бөлек мемлекет
екендігін көрсететін рәміздері болады екен. Есімізге түсірейікші әр ертеңгіліктің ашылуында біз қандай әнмен
бастаушы едік? -Сонымен қатар,
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
мен Туы бар. |
-өлеңді бірге айтып, мәтініне сәйкес іс-әрекет жасайды.
Әнұранның қайырмасын айтып
береді. Сұрақтарға жауап бере отырып
Елтаңбаны сипаттайды. |
Ізденушілік немесе қойылған
тапсырманы орындау
|
- Жарайсыңдар, балалар. Енді
Республикамыздың туына жақсылап назар аударайықшы. Туымыздың түсі қандай
екен? Ортасында нелердің бейнесін
көріп тұрмыз? -Неліктен күн мен қыран құс бейнеленген
деп ойлайсыңдар? -Тудың шетін қалай әсемдепті? Сергіту сәті: Жаса-жаса алтын күн, жаса –жаса жарқын күн, қағаздан ту жасайық, Жалаудан күн жасайық.
Олай болса бүгін сендерге ту
жасауды үйреткім келеді. 1.Үстел үстіндегі
құрал-жабдықтармен таныстыру; 2.Туды жабыстырудың жолдарын көрсетіп өтемін а) Тік төртбұрышты, көк түсті қағазымыздың бір жағына желім жағамыз; ә)Ақ қағаз бетінің ортаңғы жоғарғы жағына туға ұқсас көк қағазымызды желімдейміз; б)Тудың таяғын
желімдеу. 3.Әр балаға көмектесу 4.Әр кезеңде атқарылған
жұмыстарын мадақтап, үлгі ретінде басқа балаларға көрсетемін. |
Сұрақтарға жауап береді
Балалар қайталап айтады. Өлең сөздеріне сәйкес
қимыл-қозғалыстар келтіреді.
Мұқият тыңдайды.
Кезең бойынша барлық бала
бірге жұмыстарды орындайды.
|
Бекіту және жалпылау |
- Сонымен, бүгін біз не
жасадық? -Оның түсі қандай екен? -Нелердің көмегімен
Қазақстан Республикасының туын жасап алуға болады екен? -Өздерің енді жасай алатын
болдыңдарма? |
Бекіту сұрақтарына жауап
береді.
Үйден тағы жасап көруге уәде
береді. |
Қорытындылау және рефлекция |
Әр жұмысты мадақтап, көрмеге
орналастыру. |
Балалар өз ойларымен,
пікірлерімен бөліседі. Көрмеге орналастыруға
көмектеседі. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Қазақстан
Республикасының рәміздерін
Игереді: Желіммен
тиянақты, таза жұмыс жасауды; Үлгі бойынша ақ қағаз бетіне дұрыс орналастырып,
желімдеуді .
Меңгереді: Қағаз бен желім арқылы ту жасауды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.