Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы. Тақырыбы: «Арыстан мен түлкі» ертегі
Күні: 22.09.2014
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Мақсаты: Ертегі
мазмұнымен театрленген көрініс арқылы таныстыру. Өз пікірлерін, сұраққа
жауаптарын толық жеткізуді үйрету. Рөлге
еніп ертегі мазмұнын қайталату. Ойлау,
сөйлеу қабілеттерін дамыту. Ертегі кейіпкері түлкіні үлгі етіп, ақылды болуға тәрбелеу.
Көрнекі құралдар:Арыстан, түлкі және орман аңдарының суреттері, ойыншықтары, үңгір.
Билингвалды
компонент: Арыстан-лев, түлкі-лиса.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру-шылық немесе
мотивациялық қозғаушы |
Аң патшасы арыстан, Ақырыпты алыстан, Бастаңдар деп сабақты, Тастаңдар деп салақты. |
-өлеңді бірге айтып, мәтініне сәйкес іс-әрекет жасайды.
|
Ізденушілік немесе қойылған
тапсырманы орындау
|
-Балалар аң патшасы арыстан
қайда мекен етуші еді? -Ал сендер тағы басқа қандай
орман жануарларын, аңдарын білесіңдер? - «Олар қалай жүреді» ойыны.
Мақсаты: Аңдардың жүрісі мен
дыбыстарын ұқсатып салуды меңгерту.Мысалы: Қоян болып-секіреді, аю
болып-ақырады т.б. -Бүгін сендерге аң патшасы
«Арыстан мен түлкі» туралы ертегіні айтып бермекпін. 1. Ертегіні толық оқып
беремін Арыстан
қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен
аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да: — Аурумын,
жүруге әлім жоқ, — деп барлық аңдарға хабар таратты. Аңдар бір-бірлеп
арыстанның халін білуге келді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі
де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі
келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да: — Халіңіз қалай,
тақсыр? — деп көңілін сұрады. — Халім нашар.
Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік? —
деді арыстан. Түлкі: — Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да,
шыққан із жоқ! — деп жүріп кетіпті.
2. Ертегі бойынша сұрақтар
қоямын А. Арыстан қартайғанын
сезген соң, қандай айла ойлап тапты? Ә. Аңдарға қандай хабар
таратты. Б. Халін білуге келген
аңдарға не болды? В. Ал түлкі қандай айла
тапты? |
Сұрақтарға жауап береді
Ойынғы қатысып, қимыл-қозғалыстар келтіреді.
Мұқият тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Бекіту және жалпылау |
3. Ертегіні
театрлендіріп көрсету 4. «Театр» сюжеттік- рөлдік
ойыны. Мақсаты: Рөлге еніп, ұқсатып
ертегі мазмұнын қайталату. |
Қойылымды тамашалайды. Ойынға өз еріктерімен
араласады. |
Қорытындылау және рефлекция |
-Сонымен балалар бүгін
қандай ертегімен таныстық? -Ертегі сендерге ұнадыма?
Несімен ұнады? «Жеті рет өлшеп, бір рет
кес!» -ой мен асықпай іс-әрекет ету. Түлкідей ақылды болайық! |
Балалар өз ойларымен,
пікірлерімен бөліседі. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: «Түлкі мен
арыстан» ертегісін
Игереді: Өз пікірлерін,
сұраққа жауаптарын толық жеткізуді
Меңгереді:. . Рөлге
еніп, ертегі мазмұнын қайталауды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.