Тіл дамыту "Киіз үйге әжеге қонаққа барамыз"
Күні:22.04.2014
Тақырыбы: «Киіз үйге әжеге қонаққа барамыз»
Мақсаты:
Білімділік: Қазақтың үйі – киіз үй ішімен таныстыруды және үй
жануарлары туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру.
Дамытушылық: Дидактикалық ойындар арқылы танымдық,ойлау қабілеттерін
дамыту,сөздік қорларын молайту,тілдің белсенділік қызметін арттыру.
Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға
тәрбиелеу,үй жануарларының төлдерінің атын атай білуге үйрету. Оларға
қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдар: қағаздан жасалған
ат арба,киіз үй, үй жануарлары суреттері. Үнтаспа,ойыншықтар.
Сөздік
жұмыс:
лақ,қозы,бота,бұзау,құлын.
Билингвалды
компонент:Үй
жануарлары-домашние животные.киіз үй-юрта.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру-шылық немесе мотивациялық қозғаушы
|
(Топта кереге ,киіз үй
ішіндегі жабдықтармен безендірілген бұрыш дайындалады) - Балалар, қараңдаршы,бізге бүгін көптеген қонақтар
келіпті. Қонақтармен амандасып алайық. (шаттық шеңберге жиналады) Шаттық шеңбері Менің әжем жыр әжем, |
-Балалар, топқа кіреді
Сәлеметсіңдер ме?
Балалар қол ұстасып Өлең жолдарын айтады. |
Ізденушілік немесе қойылған тапсырманы орындау
|
-Балалар бүгін ауа –райы керемет.Сендердің де
көңіл-күйлерің көтеріңкі.Олай болса, ата мен әжеміздің үйіне қонаққа апарайық.Қонаққа
барғыларың келе ме? -Жақсы, әжеміз сағынып күтіп отырған болар?Ауыл
алыс,біз жаяу жете алмаймыз.Атамыз өзінің ат арбасын беріп жіберген
екен.Соған мініп, жақсы көретін әнімізді айтып ауылға барайық.(қағаздан
жасалған арбаға отырады) Ән: «Қошақан» (Балаларды әже қарсы алады.) -Айналайындар, келдіңдер ме,
құлыным,ботақандарым,кішкентай аппақ қозыларым! -Ауылғада келіп жеттік арбадан ақырындап
түсеміз.(Әженің үйіне кіреді) Бұйымтайларыңды айтыңдар Тәрбиеші: Әже біздің балалар сіздің қолөнеріңізді
көруге келді. Тәрбиеші:Әженің үйінде тағы не көріп тұрмыз? -Мына киімдерді қандай кезде киеміз?-Қандай мерекеде? -Өте жақсы балалар. Әже сізге көп
рахмет. Балалар сендерге ұнады ма? Киіз үйді орысша юрта дейміз. (Осы кезде сиырдың мөңіреген дыбысы естіледі). -Балалар,қорадан ненің дауысы естіледі?(үнтаспадан) -Бұл сиырдың дыбысы. Дұрыс
айтасыңдар,балалар.Онда әжемен бірге ойын ойнап көрейік.Тағыда ары қарай
тыңдайық.қандай дауыстар естіледі екен. Дидактикалық ойын. «Дауысынан таны» Бұлар үй
жануарлары, себебі оларды адамдар бағады, күтеді. Олардың сүті, еті – тамақ,
жүні, терісі – киім. Әже;Айналайындар,біз
сиыр,қой,жылқы,ешкі асыраймыз.Үй жануарларының адамға пайдасы көп. -Әжелерің сиыр сауады,сиырдың сүтінен
май,қаймақ,құрт,ірімшік жасап,айран ұйытады. Санап,сипаттап берейікші. Ол үшін алдымен сергіту
сәтін орындап алайық. Сергіту сәті: «Шөре,шөре,лағым» -Балалар,әженің қорасында неше жылқы,сиыр,түйе бар.Үй
жануарларын күтіп,жем,шөп,су беру керекпіз. -Ой,балаларым,санауды жақсы үйреніпсіңдер.Міне ауылға
келіп үй жануарларымен таныстыңдар,осылай жиі келіп тұрыңдар. Дидактикалық
ойын: «Төлдерін тап»
төлдердің суреттерін көрсетіп,төлдерін тапқызу. Енді сендермен тіл ұстарту жаттығуларын жасап
алайық,менімен бірге қайталаңдар: Дидактикалық ойын: «Қызықты жануарлар» Балалар,бәріміз
үй жануарлары туралы білетін тақпақтарын айтады. Құлын-құлын құлыншақ,
Шөре-шөре,лағым Тентек болма шырағым Секектемей деміңді,ал Селтеңдемей құлағың. -Әже ,енді біздер бөбекжайға қайтайық.Рахмет,сау
болыңыз! Әже: Рахмет. Өздерің өнерлі балалар екенсіңдер.Сау
болыңдар қарақтарым. |
Ия
«Қошақан» әнін айтады.
Әженің қол өнеріне қызыға қарайды.
Балалар не көріп тұр соны айтады. мерекелерде наурыз
ұнады.
Балалар қайталап айтады.ю-ю-ю-юрта
Сиырдың
Балалар сиырдың дыбысы екенін айтады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Үй жануарлары- домашние животные
Қимылдар жасайды.
Орындарына отырады.
2-сиыр,1-түйе,3-жылқы. 1-қой,1-ешкі.Сиырдың түсі қара ала.түйе
қоңыр.т.б. Балалар төлдерін табады. Қ-қ-қ-қозы Ж-ж-ж-жылқы Б-б-б-бота Л-л-л-лақ
|
Қорытындылау және рефлекция |
-Әже қандай үйде тұрады екен? -Әженің үйінен
не көрдік? Үй жануарлары қандай дауыс шығарады? балаларды мадақтау,сыйлықтар беру |
-Балалар ауылдан көргендерін үй жануарлары туралы әңгімелеседі.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларының төлдерінің аттарын;
Игереді: үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті.
Меңгереді: Өз ойларын жүйелі айтуды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.