Геометрия 7 сынып. Сабақ тақырыбы: Түзулердің параллельдік белгісі
Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақ мақсаттары:
Білімділік
мақсаты: Оқушылардың параллель түзулер туралы алған білімдерін кеңейте отырып,
жазықтықтағы түзулердің параллельдік белгілерін
түсіндіру.
Дамытушылық
мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ой ұшқырлығын арттыру.
Тәрбиелік
мақсаты: Оқушылардың жауапкершілік және
өзін-өзі бағалау қасиеттерін қалыптастыру. Сызбаны дұрыс сызуға дағдыландыру.
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті тақта, параллель түзулер салынған плакат, геометриялық фигуралар салынған
тапсырмалар, магнитті тақта, стикер.
Сабақтың
жоспары:
I
Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын тексеру
III Өткен тақырыптарды қайталау
III Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV Сабақты бекіту
V Жаттығулар орындау
VI Оқушыларды бағалау
VII Үйге тапсырма
Сабақтың жүру барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылардың сабаққа дайындығы
(дәптер, қалам, қарандаш, сызғыш)
Б) журналды толтыру
2. үй тапсырмасын тексеру
(оқушылар бір-бірінің дәптерлерімен алмасып, бағалайды)
3. өткен тақырыпты қайталау - математикалық
диктант
1. Қиылысатың екі түзудің неше
нүктесі болады? (1. бір)
2. Өзара тең бұрыштар. (2. вертикаль)
3. Перпендикуляр белгісі.( 3. ┴)
4. Жазықтықта қиылыспайтын
екі түзу.( 4. параллель)
5.
Қиылысатын
екі түзудің бір бұрышы 50º, қалған бұрыштарын тап. ( 50, 50º,130º,130º)
жауаптары
бізді
қоршаған әлемдегі параллель түзулерге мысалдар келтіру
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.