Әдебиеттік оқу "Наурыз көже" 3 сынып
Сабақтың мақсаты:Наурыз айы жаңалық бастауы,жыл басы екені,наурыз мейрамы туралы түсінік беру.
Білімділік:Оқушыларға тақырып бойынша түсіндіру,өз ойларын жүйелі түрде жеткізе
білуге үйрету.
Дамытушылық:оқушылардың сөздік қорларын молайту,ойлау қабілеттерін дамыту,пәнге
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі.қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсету және оны құрметтей білуге
тәрбиелеу .
Сабақ түрі:Жаңа сабақ
Сабақ
әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақ
көрнекілігі:көктем көрінісі,тал ағаштары,сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
Психологиялық
дайындық.
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақ
Тал
егу(мақал-мәтел)
«Домино ойыны»( жұмбақ)
Сергіту
сәті(қазақды дастарқаны әні)
Сөзжұмбақтар
Қорытынды.
Үйге тапсырма
Бағалау
Оқушыларды
түгелдеу.
Сабаққа
дайындық.
Психологиялық
дайындық.
Қар мұз еріп
Су көбейіп,
Сай салада ағады.
Бүршік шашып
Жапырақ ашып
Жер гүл шашақ тағады
Қой маңырап
Төл жамырап
Жайлау малға толады
Сыныптастарым айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?(көктем)
Балалар қазір көктем мезгілі.
Көктемде ауа райы қалай болады?
Көктем айлары қайсылар?(наурыз.сәуір,мамыр)
Сендер қандай тақпақтар білесіңдер?
Үй тапсырмасы.
Ұзынсары.(түсінік айту)
Жаңа
сабақ.Наурыз көже.
Наурыз –жаңа күн,жыл басы,жаңа жылдың бірінші күні.
Қазақ халқы наурыз күнін «Ұлыстың
ұлы күні»деп,жақсылық тілейді.Ескі жылдағы өкпе-араздықты ұмытып, «Ұлыс оң
болсын,бәле-жала жерге енсін,ақ мол болсын,ел тоқ болсын!»деседі.Жас кәрісі
бірін-бірі құттықтап,құшақтасып көріседі.
Наурыз тойының мақсаты-халыққа
молшылық,тоқшылық тілеу.Сол үшін қазан-қазан наурыз көже жасайды.Наурыз көженің
құрам әр-түрлі дәннен,әр түрлі дәмнен
құралады.Бидай,тары,қамыр,бұршақ,ет,тұз,сүт сияқты жеті дәмнен құралу керек.Сол
үшін де наурыз көженің қамы ерте жасалады.
Наурыз көжеге арнап соғымның жамбасы ,жая,қазы қарта сақталынады.
Көжеге құрт езіп,уыз қосады.
Әлгі аталған жеті дәмнің ішіндегі бидайдың орны бөлек.Бидайды келіге
түйіп,түктейді.Сонда көжеге дәмі шығады.Кейде бидай орнына күріш,арпа
қолданылады.
Бекіту
Наурыз қандай мейрам?
Наурыз күні қалай аталады?
Наурыз көжеге нелер қосылады?Санамалап айт.
-«Бір тал кессең,он тал ек»деген
мақал бар.Наурыз мерекесіне тал отырғызайық
Сендерді екі топқа бөліп тал отырғызудан жарыстырамын.Бізде сабақ болған
соң мақал-мәтелді тал арқасына жазып отырғызуымыз керек.
«Домино ойыны»мен сендерге жұмбақ
жасырамын мұнда қыздар немесе ұлдар тобы тез тауып жазу керек.
Қамыс құлақ
Тостаған тұяқ
Мінсең қанат
Сүті дәрі
Еті тамақ (жылқы)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой)
Екі айнасы бар
Екі найзасы бар.
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар
Екі құлағы бар,
Иегінде сақалы бар.
Үстінде екі тауы бар,
Кезікті бір жануар.
Балалар енді бойымызды жазып серігіп алайық.Қазақ халқы дастарқаны ашық
халық.Наурыз мерекесінде кеңінен жайылып әже-аналарымыз өлеңдер айтады.бізде
бүгін «Қазақы дастарқаным әнін»орындап жіберейік.
Ал енді сөзжұмбақтар шешеміз.
Мұсылман халықтарында жаңа жылды тойланатын ай.( наурыз)
Наурыз көжеге қосылатын дән(бидай)
Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын
тағам(уыз)
Қатықтан жасалатын тағам(құрт)
Наурыз көжеге қосылатын дән(тары)
Қасиетті дәм
Наурыз көжеге қосылатын дән.
Ұлттық сусын
Еттен ішекке тағып жасалатын ұлттық тағам.
Мал өнімінің негізгі.
Қорытынды:Топтастыру старегетиясын
пайдалану.
Наурыз көжеге нелер қосылады.( бидай,тары,ет, айран,құрт,тұз,күріш)
Үйге :түсініп оқу.
Бағалау:
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.