Әдебиеттік оқу "Менің атым Қожа" 4 сынып
12.02.2015
15031
0
Оспанова Жадыра Аманкелдыевна
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды сыни тұрғыда ойланта отырып Қожа бейнесін ашу;
Сабақтың міндеттері:
- Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана білуге үйрету.
- Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Әр баланың сезіміне ерік бере отырып түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.
- Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды –жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста бола білуге адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Әдісі:,ой қозғау, талдау, іздену,шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа” кітабы, бейнетаспа ( фильмінен үзінді), слайд , таратпа материалдар;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) оқушылардың зейіндерін аудару
2) сабаққа дайындығын тексеру
Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту сатысы.
-Адамның өмір сүру кезеңі балалық шақ, жастық шақ, кәрілік шақ кезеңдеріне бөлінеді. Балалық шақ адам өміріндегі қандай кезең?
Оқушылар ойы тыңдалады.
Кіріспе.
-Біз бүгінгі сабағымызда «Балалық шаққа саяхат» деп аталатын жаңа бөлімде балалар әдебиетінің негізін салған, балаларға арнап шығармалар жазған ақын-жазушылардың бірі Бердібек Соқпақбаевтың туындыларының бірі «Менің атым Қожа» атты шығармасымен танысасыңдар.
Слайд.
- Бердібек Соқпақбаев 1924 ж Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген.
-Бүгінгі сабақта жазушының «Менің атым Қожа» шығармасының 17-ші тарауы . Көлемді шығарма болғандықтан,үйден оқып келуге берілген.
Бұл тарауды шығарма авторы «Жан сезім құбылысының әр оқушының басында кездесуі ықтимал бір сәтті кезі сипатталады» деп атаған екен.
Зерттеу-ізденушілік.
Оқушылардың шығармашылық жұмысы. (Оқушыларға «Менің атым Қожа» туралы мағлұмат жинап келу тапсырылған,оқушылар ақпараты тыңдалады)
Көлемді шығарма болғандықтан, үйден оқып келу тапсырылған.
ІV. Мағынаны ашу
Әр топқа тапсырма беріледі. СТО стратегиясы.
Бұл бөлім мына жерден басталады.
(Қожаны әжесінің оятуы.Фильмнен үзінді)
Топтастыру әдісі
1-топ тапсырмасы . Оқиғалар тізбегі.
(Тапсырманың шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою)
2-топ тапсырмасы Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме бер.
3-топ тапсырмасы . Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы. Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады?
Әр топтың оқушылары тапсырмаларын қорғайды.
(жұппен жұмыс)
Кері байланыс Өздеріңде осындай Қожаның басында болған сәттер кездесті ме?
«Мен саған, сен маған»
- Әңгіме сендерге ұнады ма?
- Иә
- Әңгімедегі басты кейіпкер кім?
- Қожа
- Үйге қандай тапсырма берілген?
- Қысқы кеш өлеңін жаттау.
- Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бүгінгі өтілетін тараудан үзінділер айта отырып ой тастайын.
Семантикалық карта
...Педкеңес аяқталды, жұрт тарай бастады. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, Қожа тұрған теректің түбінен өтіп бара жатып не дейді?
Қожаның тәртіпсіздік қылықтарын, әсіресе соңғы жасаған ағаттығын , яғни Майқанованың сөмкесіне бақа әкеп салған әрекетін талқылау мақсатында болып жатқан педкеңесте. Мектеп терезесінің тұсында тұрған теректің үстінде отыр еді. Иә, қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өз жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады.
«Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім». Қожа бұл сәтті қашан бастан кешіріп еді? +
«Мен туралы не деп жатыр?» екен деп дегбірі қашқан Қожа бұл кезде қайда отыр еді? +
«Түбінде адам болатын бала»
+
Өздерің көрген кино соңында осы сөзден Қожа қорытынды шығара ма? +
- Сонымен, балалар, біз Бердібек Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесімен танысып шықтық. Енді сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін өтілген барлық тараулар бойынша бірнеше тапсырмалар орындап көрейік.
Мынау кім? ойыны
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (С. Майқанова)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (С.Майқанова)
5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)
6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)
7. "Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)
"Иесіне қайтар” ойыны (Сергіту сәті)
Жауап берші, достым!
1.Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?
2.Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым?
3.Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Әйтеуір саған айтар ақылым, - тыныш жүр, балам.
Бұл қай сәт?
1."Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”
2."Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.
3."Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма? ”
"Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз
Венн диаграммасы
Қожаның жағымды жақтары (Тақтамен жұмыс)
Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды
Қожаның жағымсыз жақтары
Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар
Ой тастау
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?
Өз-өзіңе есеп бер!
«Кіші дөңгелек» үстел стратегиясы
«Тапқыр Қожа» , «Тентек Қожа», «Ақылды Қожа»
Топ басшылары өз Қожаларын қалай қорғайды екен?
Қорытынды: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...» деген екен.
Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін!
Үйге тапсырма Абдолла Қарсақбаевтың "Менің атым Қожа” фильмі мен Еркін Рахышевтің "Менің де атым Қожа” фильмін салыстырып, ұқсастықтарын тауып жазып келу.
"Менің қиялымдағы Қожа...” эссе жазып келу
Бағалау.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.