Сабақ тақырыбы: Батырлар жыры «Қобыланды батыр»
Бекітемін: Күні:
Әдебиеттік оқу. 3 сынып
8 сабақ
Сабақ мақсаты: а) Білімділігі: Батырлар жыры туралы мәлімет беріп, жырдан үзіндіні
таныстыру. Жырдағы батырлар ерлігін, халқы үшін жанын беруге дайын екендігін
түсіндіру.
ә) Тәрбиелігі: Ойлау қабілеттерін, қиялын жыр кітаптар, суреттер арқылы, тірек кесте
толтыру. Мақал – мәтелдердің мағынасын ашып түсініп, дамыту;
б) Дамытушылығы: Елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Батырлар суреттері, жырлар жинағы, мақал – мәтел
Сабақтың әдісі: жинақтау.
Сабақтың түрі: Аралас
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Сабаққа
қызығушылығын ояту.
Жұмбақтар шешу: Ж, торғай, қарға,
шымшық, бұлбұл.
II. Үй тапсырмасын тексеру
а) Сұрақ – жауап арқылы пысықтау
ә) Іштей оқыту
б) Рөлге бөліп сахналау
в) Үй тапсырмасын бекіту.
Дауыс күшін дамытуға арналған
«Жел соғады» жаттығуы
Даламен біз жүріп келеміз, бізге күн сәуле түседі
Міне самал жел ақырын-ақырын есті в-в-в-
Кенеттен күшті жел соқты У-У-У.
III. Жаңа сабақ.
- Мұғалімнің
«Батырлар жыры» туралы түсіндірмесі.
- «Қобыланды
батыр» жырынан үзіндімен таныстыру
- Талдау
-
Жыр батырлар туралы екенін қалай
білдің?
-
«Арыстан туған Қобыланды» деген
жолдан нені аңғардың?
-
Қобыланды не мақсатпен жорыққа
аттанды?
-
Дұшпанның елге жасаған қиянатын
қай жолдардан байқадың?
4. Дәптермен жұмыс
Қобыланды батырға мінездеме
бер.
Нар түйедей, ержүрек, өжет,
қайратты.
Батырлардың киімдерінің және қару – жарақтарының аттарын атап жаз.
Найза, садақ, жебе, айбалта, қылыш, пышақ.
5. Танымдық тапсырма.
1. Қобыланды Алшағырды жекпе – жекпе не үшін шақырды деп ойлайсың?
2. «Қарыңа сүңгі іле шық» дегенді қалай түсіндіру?
3. Алшағыр ұрысқа қалай дайындалды?
«Күн» жаттыгуы (жүрелеп отырады) «есте сақтауын дамыту»
Міне, күн де шықты----тұрады
Жогары - жогары - жогары----қолдарын
жогары созады
Батып барады күн
енді----қолдарын түсіреді
Төмен – төмен - төмен.(Бір
орында тұрып жүреді)
ІV . Бекіту.
а) Жырдағы батырлардың ерлігін, халқы үшін жанын беруге дайын екендігін
суреттейтін тұсты тауып оқы.
ә) Сөздікпен жұмыс. Мағынаны тану.
Б) Мәнерлеп оқу.
V
. Қорытындылау.
Батырларды
ата. Ерлік туралы мақал – мәтелдер оқы.Үйге: мазмұнын баяндау.VIII. Бағалап, мадақтау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.