"Малайсары мен Сырым батыр"
Әдебиеттік оқу: 4-сынып
Тақырыбы: Малайсары мен Сырым батыр.
Мақсаты:
1.
Шешен Малайсары мен Сырым батырдың тапқырлығымен,
екшелігімен таныстыра отырып, оқушыны тапқырлыққа, шешендікке, үлкенді сыйлауға
тәрбиелеу;
2.
сөз мағынасын
ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру;
3.
сөздік қорын дамыту, проблемалық жағдайлардың оң шешімін
табу машықтарын арттыру.
Ұстанымдары: жүйелілік, тілдік сезімді, шешенділікті дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: іздену, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,
Кейс-Стади әдісі.
Көрнекілігі: суреттер, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа
аудару. Әлемдегі бар мейірімділік
Анадан тараса, баржылулық күнен тарайды. Ендеше бізде осы бойымыздағы бар
мейірімділік пен жылулықты сезініп бір-бірімізге сыйлайық
«Күн» жаттығуы
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Балалар, сендерге қандай үзінді
ұнады? Кім жатқа айтар екен? Тезек
төре қандай жұмбақ жасырды? Бөлтірік шешен оны қалай шешті?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен бұл жұмбақты басқаша қалай шешер
едің?
ІҮ .Мақсат қою
кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Батаны не үшін береді деп
ойлайсың? Егер саған бата бер десе қалай бата берер едің? Ойланып көрдің бе?
Атаңнан қандай бата алып көрдің?
Ү. Жаңа сабақ: Электронды оқулықтан Малайсары мен Сырым батыр туралы мәліметті тыңдау,
мәтінді тыңдау.
1. Мәтінді
өздігінен оқытып, әңгімелеу. 2. Малайсарының Сырымға берген батасын тауып оқы.
Қалай ойлайсың неге жасың жетпіске жетпесін деп айтты? Малайсарының көрген
қиындықтарын тауып оқы.
Сырым мен
Малайсары
Композициялық
талдау
1. Оқиға қалай басталды?
2. Оқиға қалай дамыды?
3. Оқиға қалай шешімін тапты?
І топ
Сырымның Малайсарыдан
бата сұрай келуі
Малайсарының
бітпеген ісі
Сырымның
тапсырманы орындауы
Малайсарының
риза боп, бата беруі
Сахналау
Проблемалық
жағдаяттар шешу Кейс-Стади әдісін қолдану.
Оқушылар лезде
микротоптарға бөлініп отырады.
Бір әже еңкейіп
жүр екен. Немересі әжесіне неге еңкейіп жүрсіз деген сұраққа әжесі былай жауап
беріпті:
-
Балалығым мен жастығымды іздеп жүрмін-депті. Сонда
немересі:
-
Әже беліңіз ауырған шығар мен іздейін, тек қай жерде,
қалай бару керек, не істеу керектігін айтыңыз-деген екен.сонда әжесі:
-
Ол менің әр сәтте қуанғанымның арасында-деген екен
Сұрақ: Сен әженің балалығы мен жастығын
қалай тауып бересің?
2. Жаңбырмен
жер көгереді
Батамен ел көгереді-деген нені білдіреді.
Мысалдармен түсіндіріңдер.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Сырым Малайсарыға не сыйлады? (кілем
жабылған қара нар) Малайсарының Сырымға айтқан шешендік сөздерінен не түсіндің?
Өз сөзіңмен айт. Сырым Малайсарыға неге ренжіді? Малайсарының қиындықтарын сен
қалай түсіндің? Дәптеріңе жазып ал. (жастық кездегідей шауып жүре алмайды,
бірдеңе дұрыс болмаса үйдегілермен сөзге де келіп қалу, сөз талас та болуы,
жалғыздықтың келуі, өзі еңбектенбегеннен кейін кісі қолына қарау, қартайған соң
аурудыңда көбеюі ...)
ҮІІ. Қорыту: Сен досыңа
қандай бата – тілек айтар едің?
Рефлексия
Смайликтермен сабақтың өтілуін көрсетеді
Не
үйрендім? Не білдім? Не білгім келеді?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
мәтінді түсініп
оқу, әңгімелеу, бата жазып келу.Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.