Әдебиеттік оқу "Ұлпан» романы" 9 сынып
Сабақтың мақсаты : білімділік- кейіпкерлер арасындағы нәзік жарасымдылық,ұлттық нақыштың көрінісі,ғасырдан
ғасырға жалғасып келе жатқан аналардың парасаттылық, қайырымдылық қасиеттерінің
асқақтауы ; Дамытушылық -оқушылардың
шығармашылық белсенділіктерін шыңдау,ойларын еркін жеткізе білуге баулу, ой-өрісін
дамыту,іздену жұмыстарына төселдіру;
Тәрбиелік- кейіпкер
бейнелерін талдау негізінде оқушыларды қазақ халқының бойындағы
адамгершілік,қайырымдылық қасиеттерді бағалай білуге, отбасылық
жарасымдылыққа тән ұлттық тәрбие негізінде
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі : семинар сабақ
Сабақ
әдіс : ой
тастау,дәлелді ізденіс,шығармашылық ізденіс,салыстырмалы сипаттама, проблемалық
жағдаят туғызу.
Сабақ
формасы :
ұжымдық,топтық,жекелей.
Пәнаралық
байланыс :қазақ тілі,тарих,
география.
Көрнекілігі
: интерактивті тақта,
үнтаспа, шығармалары ( «Ұлпан», Алматы
«Атамұра»,2003)
Сабақтың
барысы .
Ұйымдастыру
: 1) амандасу,түгелдеу,
назарларын сабаққа аудару ;
2) сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру (Оқушыларға алдын
ала оқып келуге тапсырылған)
Жаңа
сабақ.
А) Кіріспе. Роман 1974 жылы жазылған. Романдағы оқиға бес
болыс керей-уақтың Артықбай
батырының қыстауына бес мың жылқысын
қаптатып, қыстамаға әкеле жатқан аға сұлтан Есенейдің өктемдігінен
басталады. Үшқоңыр жайлауын қорғауға
белі шойырылып,мүгедек болып,төсектен тұра алмай жатқан Артықбай батыр амалсыз қалың жылқының алдынан он бес- он
алты жасар өжет қызы Ұлпанды ерекекше киіндіріп,қара жорғасына мінгізіп
жібереді ...
Ә) негізгі бөлім.Кейіпкерлер әлемі.
Сұрақ-тапсырма №
1 (Ұлпан)
1.
Қара
жорға мінген жылқышы «жігіт» кім ?
2.
Ұлпан
ауылының атын атаңыз.
3.
Жалғасытырыңыз
«Жүйелі сөз жүйесін табар, ....»
Сұрақ-тапсырма № 2 (Ұлпан)
1.
Есенеймен
танысқандағы Ұлпанның жас мөлшері.
2.
Ұлпанның
қаланы алғаш көрген кездегі іс-әрекеті.
3.
Есеней ауылына келін болып түсуі,көрші-қолаңға
көмегі.
Сұрақ-тапсырма № 3 (Ұлпан)
1.
Ұлпанның
құрбы сырласы,алғашқы кездесулері.
2.
Шынарға
берілген жасау,Ұлпанның іс-әрекеті.
3.
Ақ
бота ....
Сұрақ-тапсырма
№ 4 (Ұлпан)
1.
Анасы
мен Ұлпан.
2.
Ұлпан-Есеней,
«Ақнар»
3.
Төркіндеп бару...
Сұрақ-тапсырма № 5 (Ұлпан)
1.
Ұлпан-Біжікен.
2.
Сырымның
кісесін қайтару,ел қуанышы.
3.
Ұлпан
тағдыры .... (өлімі)
Оқушы
жауабы : Ұлпан-Артықбай
батырдың жалғыз қызы. Ауыл қамын ойлаушы. Әкесі төсек тартып жатып қалғаннан
бері қысы-жазы мал қамын ойлайды. Есенеймен танысқанда 18-20 жасар шамасында
болады. Өзінен 40 жастай үлкен адам болса да Есенейді өте құрметтеп,оған тұрмысқа шығады. Есеней
еліне көп жақсылық жасайды. Аңшы Мүсірепті өз ағасындай сыйлап, оның әйелі
Шынармен қимас құрбы болады. Ұлпан Есенейден бір қыз көреді. Аты- Біжікен (Бібіжан).Күйеу баласы Торсаннан көп
зәбір көреді. Сырым батырдың кісесін қайтарады. Сыр бойына
әнші,күйші,домбырашы,палуан, атбегі адамдарын ертіп,үйір жылқы айдап
барып,өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасы-сырым батырды аза тұтып,асын
бергізеді.... Ең соңында шешесінің жылын беріп келгеннен кейін у ішіп қайтыс
болады.
Сұрақ-тапсырма
№ 6 (Есеней)
1.Артықбай
батырды қайдан біледі ?
2.Ұлпанның
қара жорғасын қайтарарда қандай жылқы қосты ?
3.Ұлпанды
алғаш көрген кездегі эпизодты әңгімелеңіз.
Сұрақ-тапсырма
№ 7 (Есеней)
1.
Шынар
босанған кезде көрімдікке не берді ?
2.
Сал
болуына байланысты болған бірінші жағдай туралы әңгімелеңіз.
3.
Сал
болуына байланысты екінші жағдайға
кімнің қатысы бар,әңгімелеңіз.
Қорытынды : Есеней-би,батыр. Шешектен екі баласы бірдей қайтыс болады,әйелі екеуі көп
жылдан (жеті жыл) бөлек тұрады. Аға сұлтан кеңесінің ең беделді биі. Әділ де
қатал би атанған адам. Ұлпанға үйленеді. Бір жолы елге келе жатып,мұз жұқа
болғандықтан,ат-матымен суға түсіп кетеді. Содан денесінде жай діріл пайда болады. Мүсіреп пен Шынар
нәрестелі болғанда құтты болсын айта
барып, бұлғын ішік жабады. Дастарханда отырғанда ожар інісі Еменал терезе
әйнегін сындырып, шоқпарын үйге терезеден лақтырып жібереді. Сол шоқпар
Есенейдің арқасына тиеді де, содан үйіне келіп төсек тартып жатады,қайта
тұрмайды.
Тоғыз жыл төсекке таңулы болады. Екі
қолын екі кісі күні-түні басып отырады.Ал аяғын ауыр жүкпен бастырып қояды.
Жалғыз қызы Біжікенді де тек көзімен аймалап жатады.
Сұрақ-тапсырма №
8 (Шынар)
1.
Романдағы
ең бірінші көрініс беру (мазмұндау)
2.
Шынарға
Ұлпан жасау берген кездегі оның көңіл күйі.
3.
Ұлпанның «Ақнар» атануына себеп болған
жағдайға қатыстылығы.
Оқушы жауабы . Жоқшылыққа тап болып, жалғыз нарымен ауа
көшіп
келе жатқан екі әйел.Біреуі-шешесі, екіншісі –қызы. Жауын
шелектеп құйып тұрады. Сөйтіп Мүсіреп ауылына келіп паналайды .Ағасы Мүсірепке
қосады. Өте тату-тәтті тұрады. Нары боталайды,ботасын Ұлпанға тарту етеді.
Ұлпанның «Ақнар» атануына себепші болады. Ұлпанның құрбысы, сырласы,ақылшысы .
ұлпан қатйс болатын күні шынарды шақырады. Ұлпанды жерлеуге көмектеседі.
Сұрақ-тапсырма
№ 9 (Біжікен)
1.Анасына
қамқор.
2.
Әкесін алғаш көрген кездегі іс-әрекетін
айтыңыз.
3.
Әкесінің басына барған кездегі монологын тауып оқыңыз.
Сұрақ-тапсырма № 10 (Біжікен)
1.Торсанмен
кездесуі,тұрмыс құруы.
2.
Ең соңғы рет қонаққа барған жері, тез елге оралуының себебі не ?
3.
Өлер алдындағы анасына айтқан ақырғы
сөзі...
Оқушы жауабы :Біжікен-Есеней мен Ұлпанның жалғыз
перзенті. Ауыл молдасынан оқыған. Әкесін алғаш көргенде қатты
шошиды.Торсанға тұрмысқа шығады. Аяғы ауыр кезінде қайтыс болады. Ең соңғы сөзі
:-«Апа,Торсан жаман жігіт екен...» . Жұмбақ
өліммен өледі.
Сұрақ-тапсырма № 11 (Торсан)
1.Торсанның күшік күйеу болып Есенейдің үйіне кірудегі
арам ойын айтыңыз.
2. Біжікен мен Торсан (Торсанның екіжүзділігі).
3. Ұлпанға көрсеткен қорлығы (дәлелдеп айту).
Оқушы
жауабы. Торсан уақ-сыбан
елінің пысық жігіті. Есенейден қалған бар байлыққа арам жолмен ие болады.
Ұлпанға тіл тигізеді. Екінші рет үйленеді. Әйелі екеуі – «Шық бермес
Шығайбайлар...» Ол 1920 жылы қайтыс
болады.
Сөз
соңы. Шайдан кейін
Ұлпан Біжікеннің зиратына барып келді де, қызыл іңірден жатып қалады. Дәмелі үйіне кетерде :
-дәмелі апа, біреуді Шынарға жібере қойшы. Күн шықпай осында келсін,-деді.
Бір кішкене
алтындатқан сауыттың ішінде ауызы желімделген шыны болар,-деген еді бір кезде
Есеней.
-У ма №-деп сұрады.
-Жорықта жүргенде жау қолына түсіп қалсам керек болар деп
жоңғар саудагерінен аттың құнын беріп алып едім...
Ұлпан байламын
жасады... Бір сөзді еді.Айныған жоқ... (255-бет)
Сабақты
бекіту .
Мен ұзын сапты
бақырашпен пештің ішіндегі балқып жатқан
тастарға екі рет су шашып қалдым. Бір тастан «Ұлпан» деген сөз шыға келді. Жазу
сонша таныс көрінді,мен іркілместен
«Ұлпан» деп оқыдым...
Аяусыз қолдар
ақ мраморды талқандап сындырып,моншаның пешіне салыпты.
-Ғабит-ау,Ұлпан
сорлының көрмеген азабы бар ма ?.. Ана бір жылдардағы ауыр кезде Ұлпанның
басына қойылған ақтас жоқ болып кетті. Осы елдің жігіттері сатып жіберді деген
өсек те бар...-деді Исахмет қария. (259-бет)
Үйге тапсырма :
1.Романда кездесетін жер-су атауларын теріп жазу, бүгінгі
күнмен дәлелдеп айту;
2. Романда
кездескен ұлттық салт-дәстүрлердің көрініс беруі және бүгінгі күнмен
өзектілігі;
3. Шығарманың композициялық құрылымын жасау ;
4. Ұлпан-Есеней- «Ақнар»
(Оқушылардың өз қалаулары бойынша орындалатын шығармашылық жұмыс. Ойтолғау,эссе,мақала,
шығарма,поэзия,қылқалам...)
Бағалау
(сабақтың өн бойында қатысып
отырған оқушылар бағаланады)
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.