Әдебиеттік оқу 2сынып. Сабақ тақырыбы: Қазақстан. Ауыт Мұқибек
Сабақ мақсаты:
Білімдік: Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын
меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің
дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап,
туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі,математика
Көрнекілігі: ашықхаттар, фломастер, оқулық, дәптер,
өлең шумақтары жазылған кеспелер,жұлдызшалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!Бүгін бізде ерекше
сабақ.Бізге көптеген қонақтар келіп отыр.Кәнеки, бір – бірімізге қараймыз:
- Сәтті өтсін сабағымыз, Ашық болсын қабағымыз.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Ай аттарын орналастыру.
Мақсұт Неталиев «Желтоқсан» мәнерлеп оқу.
Желтоқсан айының мінезін сипаттау.
Желтоқсан айындағы басты мерекелерді кім айтады?
1-желтоқсан –Алғашқы Президент күні
16- желтоқсан –Тәуелсіздік күні.
-Президентіміз кім? Ол туралы не айта аласыңдар?
-Тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл?- 23 жыл.
3.Қызығушылықты ояту.
«Мақалды дұрыс оқы» ойны.
1.Отансыз бұлбұл- ормансыз адам -
Отансыз адам- ормансыз бұлбұл
2.Отан да ыстық
оттан. – Отан
оттан да ыстық
3.Отан басталады отбасынан
- Отан отбасынан басталады.
4.Сүйген жанбайды суға,Отанын отқа батпайды. – Отанын
сүйген – отқа жанбайды,суға батпайды.
5.Елдің егемен биік еңсесі -Егемен елдің еңсесі биік.
-Жақсы,балалар.Мақалдарды дұрыс оқыдық.Енді мақалдарға
қарасаңдар,кейбір әріптер цифрлармен белгіленген.Сол цифрлардағы әріптерді ретімен қойып көрейік.
ҚАЗАҚСТАН –сөзі шығады.
4.Мағына тану
«Қазақстан» өлеңін мәнерлеп іштен оқу.
Мұғалімнің оқуы.
Тізбектеп оқу.
Қазақстан
Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры...
Сарыарқаның даласына
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің,жерім менің
Баққа қолы жеткен күн.
Бостандығым тұңғыш рет
Ақ қанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін
Басы айналған бақтан күн.
Тәуелсіздік –ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен жасай бер мәңгі –бақи
Қуанышқа бөлен де.
«Түртіп алу» әдісі арқылы ақынның қуанышты сәтті бейнелейтін сөздерді сызып оқу.
Неше жұлдызша көріп тұрсыңдар,кәне санайық. -23.
Сергіту сәті. «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдау.
Ән тыңдай отырып,осы жұлдызшаларға бір сөзбен елімізге
тілек жазып, оқиық.
«Қатесін тап» Оқу барысында оқушылар
қате сөздерді тауып ,түзетеді.
«Кім шапшаң ?» Мұғалім өлеңнің кез келген жерін оқиды. Балалар сол жерді
тез тауып жалғастырып оқиды.
5.Ой толғау
-Бүгінгі сабақтың түйіндемесін қалай жасауға болады?
-Қандай сөздермен
қортындылауға болады?
МЕРЕКЕ,ТӘУЕЛСІЗДІК,БАҚЫТ ,ТЫНЫШТЫҚ.
Алдарыңда жатқан ашықхаттарға осы сөздерді пайдаланып,құттықтау
жазыңдар.Ашықхаттарыңды жазған адамдарыңа беріңдер.
6.Үйге тапсырма
81 бет оқу.
7.Бағалау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.