Әдебиеттік оқу 2 сынып. Сабақтың тақырыбы: Туған тілім.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
2.Білімін ой-өрісін дамыту, елге,тілге деген
сүйіспеншілікті ояту.
3.
Адамгершілікке, елжандылыққа, елін ,жерін
қадірлеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, әңгіме, оқулықпен жұмыс.
Әдісі: топтық, әңгімелеу,түсіндіру.
Көрнектілігі: карточкалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа
аудару.
Психологиялық
дайындық. Топтарға ат қою, басшы тағайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Астана жаттау.
Астана қаласы қай кезден бастап Астана қаласы болып аталды?
Бұрынғы аты қандай еді?
ІІІ.Мақсат қою кезеңі: Туған жер .Отан тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізу,
М.Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін еске түсіріп жатқа айту.
ІV.Жаңа
сабақ:
Мұғалімнің
түсіндірмесі
1.Д.Әбілевтің
өмірбаянымен таныстыру.
2. «Туған тілім» оқып талдау.
3.Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Тез
шынығып алайық.
Мұғалім оқушыларға жұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашады.Жұмбақтың шешуіне байланысты оқушылардың ойларын қозғау.Әр оқушы өз ойын ортаға салады.
Жұмбақ.
Жылай қалсаң
жұбататын
Күле қалсаң
қуанатын
Түн ұйқысын төрт
бөлетін
Бізді өмірге
әкелетін кім? / Ана/
АНА - өмір сыйлаушы, ақылшы, сырласың ,ұстазың, досың.
Өмірге келгенне
анамыз бізге қандай тілде сөйледі? Әрине қазақ тілінде.Ендеше біздің туған
тіліміз Қазақ тілі.
Ендеше бүгінгі
сабағымыз Д.Әбілевтің «Туған тілім» өлеңі.
Диқан Әбілев / 1907ж 26.12- 2003 жылы/ қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған- ақын жазушы. Қазақстанның халық жазушысы.
Семейдің ауылшаруашылық
техникумында оқыған. Алматыда
Коммунистік журналистер институтын бітірген.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Тез шынығып алайық.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Тіл деген сөздің екі мағынада айтылып тұрғанын байқаймыз.
Тіл- сезім мүшесі, Тіл-майда, қатты,жұмсақ, шешен ,ұлы, тәтті, ащы, қызыл тіл.
Енді тілге
байланысты кім мақал-мәтел, жұмбақ айта алады. Оқушылардың ойын тыңдау.
Мақал- мәтелді
жалғастырып нүкте орнына сөздер қойып аяқтау.
Дәптерге жазу.
Жалғастырып жазуға болады.
V.Жаңа материалды меңгергенін тексеру: 1. Сұрақтарға жауап беру.
2. Топтастыру.
Ана.
Тіл. Туған тілім.
VІ.Бекіту.
«Күн шұғыласы» ойын өткізу.
өмір сыйлаушы ақылшы сырласың
тәрбиешің Ана отбасының берекесі
ұстазың досың
«Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте, өзге тілдің бәрін біл,
өз тіліңді құрметте»-
дегендей біз өз
ана тіліміз «Қазақ тілін» құрметтеп
,қазақ тілінде сауатты да,таза сөйлей ,
жаза білуге
міндетті екенімізді ұмытпауымыз керек.
VІІ.Үйге тапсырма. 83-84 бет жаттау.
VІІІ. Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.