Сабақтың тақырыбы: Астана-Азияның ару қызы.
Бекітемін.
Күні:
Пәні: Әдебиеттік оқу. 6 -сабақ.
Сабақтың мақсаты:а\Өлеңді дауыстап,түсініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
ә\ Ойын,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып.Тапсырмаларды реті бойынша
орындауға үйрету; қолдардың және саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту;
б\Шыдамдылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық
дағдыларға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,салауаттану.
Әдісі: сұрақ-жауап,
түсіндіру.
Түрі:аралас.
Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
II. Үй
тапсырмасын тексеру
а) Сұрақ – жауап арқылы пысықтау
ә) Іштей оқыту
б)Үй тапсырмасын бекіту.
III. Жаңа сабақ.
1.Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
2.Оқушылардың мәнерлеп оқуы.
3.Түсініксіз сөздермен жұмыс.
4.Сұрақтар мен тапсырмалар:
а)Астана қаласы қай жылдан бастап мемлекетіміздің
елордасы болды?
ә)Астана қаласы Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
б)Ақын Астананы неліктен ару қыз деп сипаттаған?
Есту зейінін дамытуға арналған «Кім не естиді» жаттығуы
- Мен әртүрлі аспаптарда ойнаймын, сендер оны
көрмейсіңдер, зейінді болыңдар. Сендер мен қандай аспапта ойнағанымды айтуларың
керек.
Дәптермен жұмыс.
Өлеңдегі айқабақ
,жайма-шуақ жүз деген сөз тіркестерін
қатыстырып ,Астана келбетін сипаттап
жаздыру.
Сергіту сәттері .«Есте сақтауын дамыту»
Орнымыздан тұрайық
Алақанды согайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тыныгып алайық
Дидактикалық ойын «Кімге жұмыс
істеу үшін не қажет?»
Балаға құрал-саймандарды таңдап, оның маңыздылығы туралы айтып беруді
ұсынады.
IV. Сабақты бекіту.
1.Табиғаты көрікті тағы қандай жерлерді білесіңдер?
2.Өлең неліктен«Достық космодромы »деп аталған?
V. Үйге тапсырма.
1.Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқып,ұнаған шумақтарын жаттап ал.
2.Өзің Астанаға арнап өлең шығарып көр.
VI. Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.