Сабақтың тақырыбы:Достық космодромы.
Бекітемін.
Күні:
Пәні: Әдебиеттік оқу. 2-сабақ
Сабақтың мақсаты:а\ Білімділігі:Еліміздің мақтанышы Байқоңыр туралы түсінік беру.
ә\ Тәрбиелілігі:Еліміздің байлығын,табиғатын
бағалай білуге
тәрбиелеу.
б\ Дамытушылығы:Өз ойларын толықтай жеткізе
білуге,
байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Пәнаралық
байланыс: дүниетану,салауаттану.
Әдісі: сұрақ-жауап.
Түрі:аралас.
Күтілетін нәтиже: Байқоңыр туралы білуі;еліміздің байлығын,табиғатын бағалай білуі;
Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру
бөлімі.
Назарларын сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
а\Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқу.
ә\Өздерің түратын жерден қандай көлік түрлері қатынайды?
б\ «Тоқсан жолдың торабы арқылы жан-жақтағы елдермен байланысамыз»деген
ойды қалай түсінесің?
Дауыс күшін дамытуға арналған
«Дыбыс» жаттығуы
- Дыбыс алдымен тыныш у-у-у деп естілді
- Дыбыс қатты у-у-у деп естіле бастады
- Дыбыс қатты у-у-у деп естілді
ІІІ.Жаңа сабақ.
1Жұмбақты шеш:
Самұрық құс самғады.
Көктен өтіп,
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы.
\Ғарыш кемесі\
2«Байқоңыр»өлеңін жатқа оқу.
Көк пен жерді жалғаған,
Космодром-Байқоңыр.
Корабілдер самғаған,
Космодром-Байқоңыр.
3.Өлеңде не туралы айтылған?
4.Байқоңыр туралы не білесің?
Сергіту сәттері .«Есте сақтауын дамыту»
Орнымыздан тұрайық
Алақанды согайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тыныгып алайық
5.Оқулықпен жұмыс.
а\ «Достық космодромы»өлеңін оқу.
ә\ Өлеңде кім туралы айтылған?
Талай іске ғажап тың,
Құлаш ұрды алысқа.
Туған ұлы қазақтың,
Тұңғыш ұшты ғарышқа.
б\Қазақ ғарышкерлері туралы әңгімелеу.
Есту зейінін дамытуға арналған
«Кім не естиді» жаттығуы
- Мен әртүрлі аспаптарда ойнаймын, сендер оны көрмейсіңдер, зейінді
болыңдар. Сендер мен қандай аспапта ойнағанымды айтуларың керек.
IV. Сабақты бекіту.
1.Неліктен Байқоңыр еліміздің мақтанышы болып саналады?
2.Өлең неліктен«Достық космодромы »деп аталған?
V. Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқу.VI.
Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.