Конституциялық құқық 2 курс. Тақырып: ҚР Парламенті және заң биліктерінің конституциялық негіздері.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Парламент туралы білімдерін арттыру және тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылар
алған білімдерін  тәжірибеде қолдана
білу  дағдаларын  дамыту.
Тәрбиелік:Болашақта таңдап
алған мамандықтарын  құрметтеуге  тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты хабарлау.
Сабақтың әдісі: Қос сабақ
Көрнекілік: ҚР
Конституциясы және дәріс
Сабақтың барысы:
1.     
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар.  Бүгін
біздің  сабағымыздың тақырыбы «ҚР
Парламенті және заң биліктерінің конституциялық негіздері».
. 
Балалар, Парламент сөзін естігенде сендерге ойларыңа қандай сөздер түседі.
Қазір тақтада шығып жазыңдар:

Әрбір күн сәулесі астына ойларыңдағы сөздерді жазамыз.
Оқушыларға слайдтар арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
2.     
Мотивациялық блогы:
Мақсаты: оқушылардың ойын
қозғау
Орындалатын жұмыс:
2.1 Балалар, келесі тапсырма бойынша сіздер өздік жұмысын орындайсыңдар. 
Тапсырма: Парламенттің жауапкершілігіне сәйкес, ол екі түрге бөлінеді,
сондықтан әр бір топ 8-10 минут арасында бір жауапкершіліктің  түрін 
слайд немесе презинтация ретінде тақтаға шығып  түсіндіріп мағынасын ашады. 
Рефлексия: 
Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тексеру және бекіту.
Балалар, жанағы орындаған  тапсырмаға сәйкес  әр бір топ тақырыпқа сәйкес шеңберді толтырады.
Сұрақтар тақтада жазылып тұр . Шеңберді  толтыру
үшін сендерге 2-3 минут беріледі.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін, талқылау қажет.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.