"Сын есім" 2 сынып
Сынып 2
Сабақтың тақырыбы: Сын есімдер
Сабақтың мақсаты: оқушылардың тақырып бойынша сөз қорын
ұлғайтып, бір-бірімен диалог құруға үйрету
Сабақтың түрі: жаңа
Қолданатын көрнекілер: суреттер, карточкалар,
жұлдызшаларКүтілетін нәтиже: оқушылар өздері ағылшын тілінде сын есімдерді
қолданып сөйлемдер құра алады, сұрақ қойып, өзгелердің сұрақтарына жауап береді
Сабақ барысы
Эмоционалды
дайындық
"Hello” әні
| Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс әрекеті | 
| Үй жұмысын қайталау Топқа бөлу | Жануарлар бар суреттер беріледі.  | Оқушылар сөйлем құрайды. Суреттер бойынша топқа бөлінеді. | 
| Жаңа тақырып | Суреттер бойынша жаңа сөздермен таныстыру Сөздерді түсіндіру Old-young Pretty-ugly Fat-thick Tall-short | Оқушылар мұғалімнің соңынан жаңа сөздерді қайталайды | 
| Практикалық жұмыс | Мұғалім оқушыларға салыстырмалы түрде сөйлемдер құруды
 ұсынады.  Өткен тақырыптар қайталанады. (отбасы, мектеп
 құралдары. жануарлар) | Оқушылар жаңа сөздерді қолдана отырып сөйлемдер
 құрайды. | 
| Кітаппен жұмыс | Оқушылардың сөйлемдерді дұрыс аударылуын бақылайды. | Оқушылар сөйлемдерді оқып, аударады | 
| Кім жылдам | Тақтада жазулы тұрған сын есімдер тұрады | Оқушылар берілген сын есімдерге қарама-қарсы сөздерді
 іздеп қояды | 
| Жазбаша жұмыс | Жаттығумен жұмыс түсіндіріледі. | 3 жаттығу  | 
| 
 Ыстық орындық | Оқушыларды ойын ойнауға шақырады. | Оқушылар сұрақтарға жауап береді | 
| Рефлексия  | Сабақта не ұнады? Кімге жұлдызша берер едің? | Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалап, жұмысы ұнаған
 оқушыларға жұлдызшалар сыйлайды | 
Үй жұмысы:
сөздерді қайталап келу, ауызша сөйлемдер құрастыру.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
 
 