Музыка "Музыкалық екпін. Б.Әлімжан. «Жауынгер жыры» - үйрену" 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
1.Музыканың мәнерлеуші
құралдарын ажырата білуге үйрету
2.Ән орындау барысында
музыканың екпінін сезінуге баулу. Әнді көңілді, ынталы орындауға дағдыландыру.
3.Музыканың әсерлі мазмұны мен
сипаты арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Отанға, туған жерге деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас, жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру,
көрнекілік, ауызша.
Сабақтың көрнекілігі: жауынгерлер суреттері
Сабақтың барысы:
Оқулықпен жұмыс
Музыкалық екпін туралы анықтама оқылады.
Жәй, орташа, жылдам екпіндердің итальянша аталуын мұғалім
оқып таныстырады.
Музыка тыңдау: Мұғалімнің қалауы бойынша музыкалық
шығарма тыңдалады.
1.Музыканың көңіл күйі қандай?
2.Шығарманың екпіні қалай естілді?
3.Қандай әсер алдың?
4.Қандай қимылды жасауға болады?
Ән үйрену: «Жауынгер жыры»
әні – орташа екпінде, жігерлі, көтеріңкі көңіл күйде орындалады. Әннің мазмұны
мен әуені жақсы үйлесім тапқан.
Әннің мәтіні бойынша істелінетін жұмыс. Мәтінді талдау.
-Қазақтардың қандай атақты жауынгерлерін білесіңдер?
-Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Момышұлы
Бауыржан.
Шығармашылық жұмыс:
Ән мазмұнын ашу барысында батырлық туралы мақал жарысын
ұйымдастыру, батырлардың суреттері көрсетіледі.
1.
Батыр ел үшін
туады, ел үшін өледі.
2.
Шын батыр сын
үстінде танылар
3.
Батыр тар жерде қол
бастайды
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Отан, Отанды қорғау туралы ойларын балалар ортаға салады.
Төмендегі шығармалардың екпінін анықта:
И.С.Бах. «Әзіл»
Қазақтың халық әнін «Елім – ай»
С.Мұхамеджанов. «Қазақстан»
Қорытынды сұрақтар:
1.Музыкалық екпін деген не?
2.Екпіннің қандай түрлерін білесің?
3.Батырлық, айбын, айбар, Отанды қорғау деген сөздердің
мағынасын түсіндір.
4.Батырлық туралы мақал-мәтел айт.
Ақпарат арнасы:
Музыкалық екпін-итальян тілінен аударғанда «уақыт»
дегенді білдіреді. Екпін деп музыкадағы шығарманы орындау кезіндегі жылдамдық
қарқынын айтады. Музыкалық шығарма мен оның жеке бөлімінің екпіні әдетте
итальянша атаумен белгіленеді. Музыкада қалыптасқан музыкалық екпіннің үш түрі
бар. Олар: жәй, орташа, жылдам.
Қорытынды.
Сабақты бекіту
Сабақты бағалау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.