Музыка "«Наурыз- біздің әніміз» әнін орындау" 5 сынып
Сабақтың мақсаты: ән орындау барысында барлық ережелерді сақтау, дауыс баптау жаттығуларын жасату, оны дамыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: баланың музыкалық
қабілетінің дамуына ықпал жасау, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту,
музыкалық сауаттарын арттыру.
Дамытушылық:
ән айтуға арналған ережелерді қамти отыра дұрыс ән айтуға баулу. Дауыс баптау
жаттығулары арқылы олардың дауыс тембрін және диапазондарын кеңейту турасында
әнді нақышына келтіре орындауға баулу және шығармашылық белсенділіктерін
арттыра отырып әнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: білімді, өнерлі,
адамгершілікті, өз отанын, елін, отбасын сүюге жас ұрпақты тәрбиелеу,
бір-біріне деген татулық, достық және бауырмашылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: «Жіңішке-жуан» сұрақтар (сұрақ-жауап),
сергіту сәті, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: синтезатор, ноутбук, аккордеон, презентация.
Музыкалық материалдар: «Наурыз- біздің әніміз» әні, фонотека.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Музыка ойналады. Оқушылар сыныпқа кіреді. «Қара жорға» әнімен сәлемдесу.
-
Амандасу салтымыз
біздің қазақша,
Лүпілдейді жүректер балаша,
Қош келдіңіз, төрлетіңіз ортамызға
Сабағымыз өтсін дейміз жаңаша!
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимнін орындау.
-
Гимн – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов,
сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсултан Назарбаев.
Дауыс баптау
жаттығулары:
1) Дұрыс тыныс алу жаттығулары
2) Есту қабілеттерін дамыту жаттығулары
-
Балалар, жаттығуларды
орындау алдында келесі ережелерді орындауымыз керек.
Олар:
-
Әнді бастар алдында
асықпай ішіңмен дем ал.
-
Қолды төмен жіберіп,
денені тік ұста, иығыңды көтерме.
-
Әнді айқайламай,
нақышына келтіре орында.
-
Әннің сөздерін анық
айтуға тырыс.
-
Әннің мәтінін
түсініп ал, асығып айтам деп озып кетпе.
-
Отырып айтқанда
иығыңды төмен түсіріп, қолдарыңды тізеге қой.
-
Тұрып айтқанда
денені тік ұстап, қолдарыңды төмен түсір.
Музыкалық ойын.
Жанды гамма (4 ұл, 4 қыз
шығады да дыбыс қатарын орындайды)
1 2 3 4 5 6 7 8
до ре ми фа
соль ля си до
1-ге, 2-ге деп саналады.
«Наурыз біздің әніміз» әнін орындау.
Әнге музыкалық талдау жасау:
- Тақырыбы (не туралы екен)
- Мінезі (характер) – көңілді, көңілсіз
- Екпіні – (жай, орташа, жылдам)
- Динамикасы (ақырын, қатты)
- Музыкалық құрылысы : 1 бөлімді – тек шумағы
2
бөлімді – шумақ пен қайырма
Сабақты қорытындылау:
Сұрақ-жауап: 1) Дауыс
баптауда қандай жаттығуларды білеміз?
2)Ән айту ережелері туралы не айта аласың?
3)Жалпы ән дегеніміз не?
4) Ән неше бөлімнен тұрады?
Үйге тапсырма: «Наурыз – біздің әніміз» әнінің сөзін жаттау.
Музыкамен қоштасу: - Сабағымыз бүгінгі аяқталсын,
Біліміміз ешқашан азаймасын.
Баршаңызға бас иіп, қоштасайын
Бейбітшілік мәңгі сақталсын!
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.