Главное меню

  • К списку уроков
Дене шынықтыру 5-7 сынып. "Елсіз аралдағы қызықты оқиғалар" спорттық ойындар мерекесінің сценарийі
29.11.2014 1994 0

Міндеттері:

  • Мектеп пен отбасы байланысын нығайту;
  • Шапшаңдық, икемділігін дамыту;
  • Пәнге қызығушылығын арттыру.

Қатысушылар: отбасы командалары: папасы, мамасы, баласы - 5-7 сыныпта

Құрал жабдықтар: 10 ауа шары, картоп, 1 пияз, 1 укроп, 1 сәбіз, су құйылған бидон, бұрыш, тұз, лавр жапырағы, банан, апельсиндер, резина қолғаптар /командалар санына байланысты/, музыкалық безендіру.

Мереке барысы

Жүргізуші:

Баяғыда Даниэль Дефоның кейіпкерлері елсіз аралға тап болыпты. Ол кейіпкердің аты Робинзон. Қажырлы еңбек пен қиын жағдайларда тың шешім таба білу арқасында ол тірі қалды. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бірақ біздің кейіпкерлеріміздің қолынан келмейтіні жоқ! Қазір оны көреміз.

/Музыка ойналады, отбасылар ортаға шығады/

- Бүгінгі сайыста жеңіске жету үшін батылдық, тапқырлық және табандылық керек! Әуелі кейіпкерлермен танысып алайық.

/Командалардың сәлемдесуі/.

1. Конкурс "Қазына іздеушілер

- Біздің кейіпкерлеріміз елсіз аралға тап болды. Бұл жерде қауіп аяқ астында, бірақ жасырулы қазына да бар. Әр отбасына сандық және көп кілттер байламы беріледі. Тез кілтті тауып, сандықты ашып, ішіндегі тапсырманы орындауы керек.

- Аралымыз қалай аталады? /Қарағанды/

Сендер білесіңдер ме:

  • Аралдың ұзындығы 600 км, ені 300 км.
  • Онда 11 қала бар
  • Аралымыз Павлодар, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Алматы және Семей облыстарымен шектеседі
  • Орталығы Қарағанды қаласы

2. Конкурс "Балық сорпасын пісіру

Қарынымыз ашпас үшін балық сорпасын пісірейік. Ол үшін резеңке допта секіре отырып, тамақтарды кастрюлге тасу керек /шеңбер/.

/Бірінші қатысушы су құйылған бидонды шеңберге әкеледі, ал қалған ойыншылар доп үстінде отырып басқа тамақтарды тасиды /.

3. Конкурс "Сиыр сауу

Папаларымыз жабайы сиырлар ұстап алыпты. Мамаларымыз ол сиырларды саууы керек.

/папалар резеңке қолғапты ұстап тұрады, мамалар балаларымен бірге сиырды сауады /.

Кім көп сүт алады екен, көрелік..

4. Папалар конкурсы "Ең күшті қол

Лианамен тек қолдың көмегімен өрмелеп, банан жинау керек.

/Уақытқа арқанға өрмелеу/.

5. мамалар конкурсы "Тамақ пісіру

Папалар мен балалардың қарындары ашты. Апельсинді аршып, бөліктерге бөліп, бір-бірлеп команда мүшелерін тамақтандыру керек.

6. Балалар конкурсы "Шарлар жаңбыры

Қазір аралда жаңбыр болады. Қорықпаңдар, ол ауа шарлары жаңбыры. Әрқайсыларыңда бір түсті шарлар бар. Менің белгім бойынша 2 минут ішінде шарларды жоғары лақтырып, басқаның шарын жару керек. Кім көп шар жарса, сол жеңеді.

7. Конкурс "Музыкалық тотықұстар ”

Аралда толқындық тотықұстар бар. Солардың әнін тыңдайық /музыка ойналады, топтар билейді, жүргізуші қай дене мүшесін айтса, сол дене мүшесін билету керек/.

Жүргізуші: Саяхатымызбен бірге, конкурсымыз да аяқталды. Кейіпкерлеріміз қандай қиындық болса да, жеңе білетіндігін дәлелдеді.

Мадақтау: номинациялар

  • "Ең үздік папа”
  • "Ең үздік мама”
  • "Үздік жаңбыр ұстаушы

Грамоталар мен силықтар үлестіріледі.