Дене шынықтыру 4 сынып. Тақырыбы: «Әкем, шешем және мен» отбасылар сайысы
Мұғалім:
Абралинов Ерболат Ледырбекұлы
Өскемен қаласы
әкімдігінің
«№32 орта мектеп» КММ
Мақсаты: Салауатты өмір салтын
қалыптастыру, ата – анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату.
Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет
екендігін түсіндіру.
Сабаққа керекті
құрал-жабдықтар: доптар, кедергілер, түрлі - түсті шарлар, , жалаушалар, секіртпелер,
ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Өтілетін орны: Спорт залы
Сабақтың барысы:
-Құрметті ұстаздар, ата - аналар және
оқушылар! Бүгінгі «Әке, шешем және мен»
отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Таныстыру
«Әке, шешем және мен» отбасылар сайысы –
еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын. Осындай
бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде
4-сынып оқушылары мен белсенді ата -
аналарымыздың арасында өткізгелі отырмыз.
3 отбасы қатысады, соның біреуі ғана
жеңімпаз болады. Ендеше ортаға бүгінгі сайыста өнер көрсететін
сайыскерлерімізді шақырайық. Қол соғып қарсы алайық!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1 - топ: Мұқашовтар отбасы
2 - топ: Даулетхановтар отбасы
3 - топ: Қажыбаевтар отбасы
Әр топ өз ұрандарын таныстырады.
Әділқазылар
алқасымен таныстыру
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
-Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. Спорттық
сайысымыз балдық жүйемен бағаланады.
1. Байзакова
Г.Т. -оқу ісінің меңгерушісі;
2. Дементьева
В.И. - дене шынықтыру пәні мұғалімі;
3. Денисов
В.П. - дене
шынықтыру пәні мұғалімі;
Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 9 асудан тұрады
1-асу: «Сигналды тыңда» ойыны
Шарты: Ойыншылар
бір қатарлы колоннада сап құрып жүріп бара жатады. Ойын басқарушы алақан соғып
немесе ысқырып сигнал береді. Егер ойын басқарушы алақанын бір рет соқса,
ойыншылар жүрісін тоқтатып тұра алады, ал екі рет соқса жүрісін тоқтатпай
жүре береді. Үш рет соқса жүгіруге тиіс. Бұл сигналдан жаңылып қалған ойыншылар
ойыннан шығады.
2-асу: «Допты
ыдысқа түсіру» ойыны
Шарты:
Ойыншылар 3 топ бойынша бірінің соңынан бірі тізіліп, сапқа тұрады.
Әр топ екі-екіден доп алып, оны көздеп баскетбол сақинасына лақтырады да,
саптың соңына келіп тұрады. Ойын соңында допты баскетбол сақинасына ең
көп түсірген топ жеңіске жетеді.
3-асу: «Кедергілер арасымен
жүгіру» ойыны
Шарты: ортада құрылған
фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды
құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
4-асу: «Қапшықпен
секіру» ойыны
5-асу: «Қай команда
алысқа секіре алады?» ойыны
Ойыншылар
бірінің соңынан бірі тізіліп, сапқа тұрады. Төреші топтарды бір-бірден
секіртіп, нәтижесін есептейді. Алдыңғы ойыншының секіріп түскен жері сызықпен
белгіленеді де, келесі ойыншы әлгі сызықтан ары қарай жалғастырып
секіреді. Барлық топ түгел секіріп
болған соң қорытындысы шығарылады. Қай топ алысқа секірсе, сол топ жеңіске
жетеді.
6-асу: «Ракеткамен шарикті апару» ойыны
Шарты: Шарикті түсірмеу
керек
7 -асу: «Кім шапшаң?» ойыны
Шарты: Допты аяқтың ортасына
қысып жүгіру
8 - асу: «Қызықты эстафета» ойыны
Әр топ бір-бір
ойыншы ортаға шығады. Олар жүрелеп отырып алады да, межелі жерге дейін жарысып
барып, жарысып қайтады. Бұл шартты барлық ойыншылар түгел орындайды.
9-асу: «Арқан тарту»
Шарты: Әр отбасы бір - бірімен күштерін сынасады
Қорытынды
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың
шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз
әділқазыларға беріледі.
Жеңімпаз атанған топқа арнайы
марапат қағазын тапсыру.
Осымен ойынымыз аяқталды, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.