Математика "Логикалық есептер сайысы" 7 сынып
30.01.2015
15888
1274
ЧУИНШКАЛИЕВА ИНДИРА ТОКАШЕВНА
Мақсаты: Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: пойыз суреті, слайд
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика ғылымы жайында
«Логикалық есептер» сайысын
Бастаймыз!
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Логикалық есептер» пойызы Ш.Уәлиханов орта мектебі аялдамасына келіп тоқтады. Пойыз жолдың бірінші желісінде, абайлап сақ болыңыздар!
Пойыз де келіп қалды. Ендеше білім сапарына аттағалы тұрған қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
Ойыншыларымызды сынға алатын әділ-қазы алқасымен таныс болайық.
«Логикалық есептер» пойызына тегін жолдама беріледі. Оған тек бір шарт қойылады. Бұл - әр топтың сәлімдесуі. /таныстыру/
1 топ: Армысың! Сыныптасым, қарсыласым,
Арайлап ата берсін әрбір таңын.
Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған,
От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын.
2 топ: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашан да үміткерміз жеңіске.
Құрметті жолаушылар! Пойызға отырғызу басталды. Асығыңыздар, сақ болыңыздар!
Ал ендеше біздің сапарға аттанайық. Сәт сапар тілейміз!
1-аялдама: «Математикалық эстафета аялдамасы»
Блиц-турнир
1-топ:
Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (21)
Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)
Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)
2-топ:
Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)
1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)
Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
2 - аялдама: Тапқырлар патшалығы
Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.
1-топ.Көбейтуді орындаңдар:
( а/3-в/2) (( а)/3+( в)/2)=
(2m/3+3n/4) (2m/3-3n/4)=
(0,2а-0,5b)(0,2а+0,5b)=0,04а2-0,25в2
2-топ.Көбейтуді орындаңдар
1)(1/3 a-1/2 b)(1/3 a+1/2 b)=1/9 a^2-1/4 b^2
2) (0,2a-0,5b)(0,2a+0,5b)=0,04a^2-0,25b^2
3) (a^2-b^2 )(a^2+b^2 )=(a^4-b^4 )
/Леонард Эйлер 18ғ. Өмір сүрген швейцариялық белгілі математик жиындарды Эйлер дөңгелектері арқылы кескіндейді
Рене Декарт француз математигі, оң және теріс сандарға түсінік берді./
3 - аялдама: «Ойлан, тап!» аялдамасы. Сөзжұмбақ
Екі топ бір –біріне дайындап келген сөзжұмбақтарын жасырады.
4-аялдама: Пуассон есебі. Назарларыңызға өмірде жиі кездесетін практикалық маңызы бар бір есеп ұсынбақпыз. Бұл есепті кезінде француз математигі Пуассон шешкен екен. Сондықтан, бұл есеп Пуассон есебі деп аталады.
Бір ыдысқа 3л, екінші ыдысқа 5л су сияды. Осы ыдыстарды пайдаланып, 4л. суды қалай құйып алуға болады?
5 – аялдама: 6*6 аялдамасы: Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.
И Ц Ү Ш Б Ө
О А Р Ы К Л
Н Б Ұ П Е Ш
А Ы Ж А Й Н
Л Т Ү З Ы Қ
Б Ө Л У С О
Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш
Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13сөз)
Қосымша: Сергіту аялдамасы
Есеп: Бір кемпір:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып – құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер.» - деген екен. – «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,» - деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)
Құрметті жолаушылар! Пойыз Ш.Уәлиханов орта мектебінде. Абайлаңыздар, сақ болыңыздар!
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып, әділ сына
Еңбегін жас математиктердің әділ сына, - демекші, ендігі сөз әділ-қазы алқасына беріледі.
Математика туралы ұлы адамдар артында өшпес сөз қалдырғаны белгілі. Біздің жас математиктер математика туралы не дер екен?
Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған!
Математиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің!
Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,
Бұның қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл сайысқа,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрермен баршаңызға
Мың алғыс, мың рахмет!

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.