Математика "Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар" 6 сынып
Математика |
6 сынып |
|||||||
Сабақ тақырыбы: |
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. |
|||||||
Жалпы мақсат: |
Оқушыларға шеңбердің
ұзындығы мен дөңгелектің ауданы
туралы, шар туралы ғылыми тұрғыда түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін,
сөйлеу мәнерін, логикалық ойлау қабілетін және топпен жұмыс істеуге
дағдыландыру. |
|||||||
Оқушылар үшін оқу
нәтижелері: |
Шеңбердің ұзындығы. Пи
санымен танысу. Шеңбер ұзындығының формуласын білу. Шеңбердің ұзындығын
диаметр арқылы өрнектеуін білу.Дөңгелектің ауданын, оның формуласының
қорытылуын білу, түсіну.Шардың мағынасын, оның қандай болатынын түсіну,
меңгеру. |
|||||||
Негізгі идеялар: |
Шеңбердің ұзындығын диаметр арқылы өрнектеуін
білу.Дөңгелектің ауданын, оның формуласының қорытылуын білу, түсіну.Шардың
мағынасын түсіну. |
|||||||
Сабақта қолданылатын
материалдар: |
Оқулық, интерактивті
тақта, слайд шоу,сызбалар, карандаштар,пламастерлер,наклейкілер. |
|||||||
Оқыту әдістері: |
ДЖИГСО, БЛУМ
таксономиясы |
Топтық, жұптық, жеке
жұмыс |
||||||
Дерек көздері: |
Оқулықтар, интернет желісі |
|||||||
Тапсырмалар: |
Білу 7 мин Сөйлемдерді
еске түсір: 1.Шеңбердің ұзындығы ..................... тең. 2. Дөңгелектің ауданы ............. тең. 3.Шар
дегеніміз........................... 4.Шар бетінің ....................... деп аталады. 5.«Сфера»
сөзін.................. білдіреді. 6.Шар бетінің екі ................деп аталады. |
Түсіну 2 мин Жауап беріңдер: 1.Шеңбердің ұзындығы дегеніміз
не? 2.Дөңгелектің ауданының
формуласы қалай? З.Шар дегеніміз не? 4.Шардың аудармасы, мағынасы
қандай? 5.Шардың диаметрі дегеніміз не? 6.Сфера сөзінің мағынасы қалай? 7 . |
Колдану 15 мин 1.
Радиусы 10см, шеңбердің ұзындығын табыңдар. 2.
Айдың диаметрі 3476 км.Айдың экваторының ұзындығын табыңдар. 3.Радиусы 10см шар көлемі қандай кубтың ішіне
сыяды? |
Талдау
5мин Айыра алу: «Сфера» грек сөзі аудармасы
мен,радиусы сөзін айыра білу керек. Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің
ауданын айыра білу.Шар мен сфераның бір бірінен айырмашылығын білу. Шеңбердің ұзындығының формуласы мен
дөңгелектің ауданы формуласын айыра білу.
|
Жинақтау 6 мин Алған білімдеріңді пайдалана отырып
сызба құраңдар және постерде қорғаңдар.Гүл егілген Гүлзардың дөңгелек
жиегінің ұзындығы 18,84м.Гүлзардың ауданын анықтаңдар. Кітаптағы нұсқауды
басшылыққа алыңдар.
|
Бағалау 7 мин Әр топқа тапсырмалар беріледі Тапсырмаларды жинақтау арқылы
оқушылар бағаланады. |
||
Бағалау |
Смайл арқылы |
Өзара бағалау |
Смайл арқылы |
Смайл арқылы |
Критерий арқылы өзара
бағалау |
Сумативті бағалау |
||
Үйге тапсырма |
№168. 3),4). №169 |
|||||||
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.