Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету ережесі.
Мектеп кітапханашы Карабаева А.А.
Осы Білім беру
ұйымдарының білім алушылыры мен тәрбиеленушілірін оқулықтармен қаматамасыз ету
ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасның 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының
36- бабына сәйкес әзірленеді. Мемлекеттік оқу орындарында оқушылармен
тәрбиеленушілерді оқулықтармен қамтамасыз ету негізігі мәселе болғандықтан
қәзіргі таңда оған көп көңіл бөлініп жатыр.
Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі -осы кітаптар.
Адам баласы сол байлықтың
көзін «кітап» деген құдіреттен тапты.
Кітапхана оқырман мен кітап
арасындағы негізгі алтын көпір. «кітап - білім бұлағы ». Мектеп табалдырығын аттаған сәтте баланы
білімге шақырып, өмірді танытатын да кітап.
Біздің
мектебімізде 201 оқушы бар.
Мектебіміздің кітапханасының кітап қорында - 7289, оның ішінде мектеп
оқулықтары – 5270 дана, жаңа оқулықтар -5270 дана құрайды. Білім ошақтарына министрлік
тарапынан мына баспаханалардың кітаптарын пайдалануға рұқсат берілген.
«Атамұра» баспасынан 3,10 сыныптың оқулықтары, көркем әдебиеттер мен
анықтамалар, «Арман ПВ» баспасынан 10 сынып, сондай-ақ, көркем әдебиеттерге,
«Мектептен» 10 сыныптың 2 бағыттағы оқулықтарына, «Кембриджден» 2 сыныпқа
ағылшын тілін, «Келешектен» 6 сыныпқа информатика, «Жазушыдан» 10 сыныпқа
әдебиеттер және «Бөбектен» 3,10 сыныптарға арналған оқулықтарды тапсырыс арқылы
алдық.
Айта кететін
бір мәлімет, 2013-2014 оқу жылында 1 сынып оқушылары ағылшын тілімен, 2014-2015
оқу жылында 3,10 сыныптың барлық оқушылары қайта өңделген оқулықпен толық
қамтамасыз етіледі. Алдағы кезеңдерде де
жаңа кітаптарға ұсыныстар беріліп, біздің мектебіміз 100 пайыз оқулықпен
қамтылады. Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылдарына алдын-ала оқулықтар мен
оқу-әдістемелік кешендерге тапсырыстар да дайын. Жалпы мектебімізге берілген оқулық саны -
5628 дана, мектептегі 16 оқушы «Жас талап» интернатында тұрады. Олардың барлығы оқулықпен қамтамасыз
етілген. Мектеп ішінде көп балалы отбасындағы бала саны-31, жағдайы
төмен бала саны-10, қамқорлықтағы бала саны-2, толық емес бала саны-17. Осы
аталған оқушылар санына мектетің 2 қыркүйек 2014-2015 жылғы бұйрығы бойынша уақытша қолдануға оқулықтар берілді.
Мемлекеттік
білім беру ұйымдарының кітапханаларындағы оқулықтарды сақтау,есепке алу, беру,
қайтару және есептен шығару туралы нұсқаулықты білім беру саласындағы орталық
атқарушы орган бекітеді. Мемлекеттік білім беру ұйымдары осы белгіленген тәртіппен қамтамасыз етілді. Қазіргі кезде қоғамымыздың
дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу аудио, видео, интернет жүйесі арқылы
мүмкіндік туғанымен, кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып алатын білім
мен салауаттылықтың орны ерекше.
Қорыта айтқанда, № 3 Қарабалық орта мектебінің оқушылары толық 100 пайызға оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.