Қазақ тілі 7 сынып. І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы
Жасынан ән-күйді терең сезініп, жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән-күйдің құдіретті күшінің туын көтере шықты. Ілиястың екінші бір ерекшелігі – поэзиялық тілінде.Тілінің көркемдігі,сөз образдарының байлығы жағынан Ілияс қазақ әдебиетінде айрықша орын алады.
Қ.Жұмалиев
Сабей Гүлзада
Матығұлқызы
ОҚО, Сарыағаш
ауданы,
Абай ауылы, № 73
Ө.Жәнібеков
атындағы мектеп-
гимназиясының
кітапханашысы
Ілияс Жансүгіров қазақ халқының мақтан
тұтар, біртуар ұлдарының бірі, қазақ әдебиетінің ірі көрнекті өкілдерінен
саналады.
Ілияс Жансүгіров ақын, драмашы, прозашы, оның
поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның
терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық,
тәрбиелік мәні зор. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады,
қиялына қанат бітіреді. Эстетикалық ләззат беріп, гумманистік адамгершілік
идеяларды толғайды.
Ілияс Жансүгіровтың туғанына биыл мерейлі
120 жыл толады.
Қазақ халқының дарынды да талантты қалам
иесінің, қоғам қайраткерінің бүгінгі өскелең ұрпаққа берері мол, сөз өнерінде
салып кеткен көркем өрнектерінің оқырманға рухани азық, тәрбиелік мәні зор.
Бір
ғасырдан асса да, әдебиетте өзіндік дара ізі бар, көркем сөздің хас шебері
Ілиястың сөз маржандарынан құралған көркем туындылары ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі
жасай бермек.
Ілияс Жансүгіровтың 120 жылдық мерей тойы
құрметіне мектепте ұйымдастырылып өткізілген «І.Жансүгіров 120 жаста» атты
өткізілген іс-шара үлгісін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Мақсаты:
а) Білімділік.
І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын терең түсіне білуге, қызыға оқуға
жетелеу.
ә) Тәрбиелік.
Ақын өлеңін оқи отырып, отанға тілге, халыққа деген сүйіспеншілігін арттыру.
б) Дамытушылық.
Ақын шығармаларының кез келгенін талдай білу дағдысын одан әрі қалыптастыру.
Сабақтың формасы:
Бірлескен ұжымдық.
Сабақтың
көрнекілігі: Оқулықтар, І.Жансүгіров шығармалары, слайдтар, плакаттар.
Сабақтың барысы:
Слайд арқылы ақын
портретін көрсету, «Ілияс Жансүгіров 120 жаста» тақырыбындағы плакатты іліп
қою.
«Жылдар сөйлейді» көрнекілігі арқылы
І.Жансүгіровтың өмір жолын, шығармашылығын айтып өтемін.
Слайд арқылы көрсету.
1894
–
1968 ж.
1905 – 1911 ж. 1916 ж. 1920 ж. 1925 ж. 1928 ж. 1934 ж. 1936 ж.
1) 1834 ж. Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген.
2) 1905 – 1911 жылдары алғашқыда әкесінен хат танып, содан соң молдадан
оқып, Қараағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс береді.
3) 1916 ж. «Әншіге» өлеңін жазады.
4) 1920 ж. Алматыға келіп үш айлық мұғалімдік курсын бітіреді.
5) 1925 ж. Мәскеудегі журналистика институтына түседі.
6) 1928 ж. Елге келіп, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан»)
газетінде қызмет атқарды. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.
7) 1934 – 1936 жылдары Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін
басқарады.
8) 1938 ж. зұлмат қолына ілігіп, ату жазасына кесілді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.