Химия 1 курс. Тақырыбы: Аромат көмірсутектері. Бензол
Сабақтың мақсаты:
Білімділік :
Оқушыларға бензолдың қаныққан және қанықпаған көмірсутектерден айырмашылығын
айта отырып тақырып мазмұнын ашу . Бензолдың құрылысына тоқталу, түсінік беру
Тақырып бойынша оқушылардың біліктілік қабілеттерін ояту жағдайларын жасау.
Тәрбиелік : Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында
байқампаздылығын, тақырыпты түсінуге жағдай жасай отырып, оқушылардың
іздемпаздылығын аттыру Практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету
жолдарын, қызығушылығын тудыру, өзін — өзі бағалай алуға тәрбиелеу.
Дамытушылық : Оқушылардың шығармашылық, танымдық ойын арттыру.
Циклоалкан және бензол құрылысындағы ерекшеліктерді түсіндіре отырып тақырыпты
меңгерту Жаңа және өтілген материалдарды байланыстыра алу жолдарын табу,
мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысуы, басқа оқушыны тыңдау,
тыңдай алу қабілетін дамыту.
Сабақтың міндеті:
1. Оқушыларға бензол
құрылысын үйрету;
2. Құрылымдық
формуласын жаза отырып, Халықаралық атау жүйесін үйрету;
3. Бензолдың
алынуына, қасиетіне түсінік беру
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар,
слайд, видео тәжірибелер.
Оқу құалы: бензол тақырыбына тест, кеспе қағаздар
Сабақтың
түрі : аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тапсырмаларды орындау және саталай кешенді
талдау әдісі, жартылай-ізденіс.
Сабаққа эпиграфы : «Ғылыми жаңалықтар мен
болжамдардың шегін көру мүмкін емес». Д.И. Менделеев
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі ( оқушыларды жаңа
сабаққа даярлау, құралдарын тексеру) фронтальды сауал, проблемалық
сұрақтартарға әңгімелесу, өздік жұмыс,
Мұғалім:
Салеметсіңдер ме, оқушылар! Өз орындарыңызға отырыңыздар, біз сабақты бастайық,
бұл сабақ сіздерге жемісті, ең бастысы – пайдалы болады деп ойлаймын!
ІІ. Откен тақырыптарға шолу жасау
Алкандар –қаныққан көмірсутектер.табиғатта
көп таралған. Оларды табиғи газдан және мұнайды фракциялап айдап бөліп алады.
Көміртек арасында 1 сигма байланыс болады С-С.
Алкендер – қанықпаған
көмірсутектер. Молекула құрамында бір қос байланысы бар. яғни 1 сигма , 1 Пи
байланыс. Табиғатта сирек кездеседі. Оларды негізінен қаныққан көмірсутектерден
алады
Алкиндер – молекула
құрамындағы көміртек атомдары өзара үш байланыс арқылы жалғасқан көмірсутектер.
Яғни 1 сигма 2 Пи байланыс болады. Алкиндер табиғатта кездеспейді, оларды негізінен
алкандардан алады. Алкандар
Жалпы формуласы СnH2n+2,—С-С 1 δ байл-SP3 гибридтелуі—Бұрыш-1090
28/-Байл ұзынд-0,154 нм—-Байланыс энергиясы-350 кДж/моль—Молекуласының кеңістік
пішіні -тетраэдр
Алкендер
Жалпы формуласы СnH2n-2—SP гибридтелуі—Бұрыш-1800—Байл
ұзынд-0,120нм—Байланыс энергиясы-830 кДж/моль—Молекуласының кеңістік пішіні- р
орбитальдары перпендикуляр жазықтықта орналасады
Алкиндер
Жалпы формуласы СnH2n-2—-SP гибридтелуі—-Бұрыш-1800—-Байл
ұзынд-0,120нм—-Байланыс энергиясы-830 кДж/моль—-Молекуласының кеңістік пішіні-
р орбитальдары перпендикуляр жазықтықта орналасады
-Келесі органикалық қосылыстар қай классқа
жататының анықтасаңдар бүгінгі сабақта қарастырылатын классты анықтайсыңдар.
Заттың
формуласы |
Қаныққан |
циклопарафин |
Алкен |
Диен |
пропан |
А |
Щ |
З |
К |
циклобутан |
С |
р |
А |
Б |
этилен |
Ж |
И |
О |
Л |
Бутадиен1.3 |
Р |
П |
р |
М |
пентан |
А |
Щ |
Ь |
Ю |
циклопропан |
Ш |
Т |
У |
Ц |
Пропен-1 |
Р |
У |
К |
Ы |
гексан |
Ө |
А |
Г |
В |
циклогексан |
А |
М |
Р |
И |
Ьутен-1 |
Л |
Ж |
І |
Э |
2метил пропен-1 |
Ю |
Ш |
Р |
М |
Пентадиен 1.3 |
Т |
О |
Ы |
С |
Этилциклопентан |
З |
у |
І |
Ө |
1,2-диметилпентан |
Т |
Ф |
Ә |
Ж |
2-метилпентадиен-1-3 |
Ж |
Э |
Ұ |
Е |
Нонен-3 |
А |
И |
К |
Х |
ІІІ. Жаңа
сабақтың мазмұнымен таныстыру
3.1 Тапсырма негізінде
жаңа тақырыпқа шығу. Жаңа тақырыбқа шолу үшін есеп шығарамыз « 1825
жылы Майкл Фарадей жарық газдың құрамында: С-92,3%, Н-7,7%. Көмірсутек бар екенін ашты. Бұл газдың ауа
бойынша тығыздығ 2,69 . Заттың молекулалық формуласын есепте». (слайд№3)
есеп шығарған соң түзілген формулалардың құрылысы:
•
молекулалық
формула – С6Н6
•
Құрылымдық формулалары:
•
СН ºС-СН2-СН2- С º СН
•
СН ºС -С ºС-СН2-СН3;
•
СН2=СН-С
º С-СН=СН2;
(слайд №4)
«Бензолдың құрылысы қандай болады екен деп мәселе туады» Жұмыс гипотезасын
ұсыну
3.2.Видеотәжірибе
көру арқылы құрылымдық формуласын анықтау. (калий перманганатымен, броммен
әрекеттесу реакциясын көру) Қандай
вариант болуы мүмкін екенін дәлелдеп көрейік. Мүмкін бензол молекуласында қос
немесе үш байланысы бар екен шығар? Гипотеза: Егер бензол қанықпаған
көмірсутектерге жатса ол бром суымен калий перманганатын түссіздендіреді. Бұны
видеотәжірибеде көре аламыз. (видеотәжірибені көріп қорытынды жасау).
Бензолдың жану реакциясы бойынша ол қанықпаған
көмірсутектерге жататынын қара күйе түзілуі бойынша айтуға болады, ал калий
перманганатымен, бром суын түссіздендірмегені бойынша қаныққан көмірсутектерге
жататынын айта аламыз. Бензолдың құрылысы қандай екенін 19 ғасырда ғалымдар
тапқан.
3.3. Бензолдың
ашылу тарихына мұғалім тоқталады. (слайд №8)
3.4. Бензолдың алу жолдарын презентациядан
көшіру. Циклдік екенін дәлелдеу. (слайд №10)
3.5.Бензолдың физикалық қасиеттерімен танысу (а.
Видеотәжірибе көру, б. Бензолдың физикалық қасиеттерін флипчартта толтыру) Ол үшін видео
тәжірибе байқаймыз өйткені, бензол
булары адам ағзасы үшін өте улы. (видео)
Физикалық
қасиеттерін флипчартта толтыру.
Оқушылардың білімдерін нығайту:
3.6.Бензолдың
химиялық қасиеттерін қаныққан, қанықпаған көмірсутектерімен салыстыру.
Химиялық
қасиеттері:
1. Орынбасу (видеотәжірибе бромдау) (слайд № 13 )
2.Нитрлеу (видеотәжірибе) (слайд №14)
3. Қосылу (видеотәжірибе-бензолды хлорлау) (слайд
№15)
4.Тотығу реакциясы (слайд № 16 )
IV. Тақырыпты бекіту:
4.1.Химиялық
қасиеттерін флипчартқа жазу.
4.2.Бензолдың
алу жолдарын презентациядан көшіру
(слайд №18,19 )
4.3.Рефлексия. Тест (слайд №20)
V. Сабақты бағалау
VI. Үй
тапсырмасы.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.