Химия 10 сынып. Тақырыбы: p – элементтерінің жалпы сипаттамасы, ІІІ А топша элементтері.
Сабақтың мақсаты: p – элементтерінің жалпы сипаттама: период және топ бойынша кейбір
физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарымен таныстыру және
олардың элемент атомдары құрылысымен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға
жаңа тарау туралы толық мағлұмат беріп, осындағы элементтердің табиғатта таралуымен
алыну жолдарын көрсетіп, білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың
жан – жақты ойлауын, түйсігін, сөйлеу қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын
арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды
ұйымдастырушылыққа баулу, өз бетінше ізденіс, білім алуға дағдыландыру және
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа
тақырыпты өз беттерімен меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас.
Көрнекіліктер: Д.И.
Менделеев периодтық жүйесі, р – элементтер жай заттарының үлгілері: көмір,
графит, алмаз(күйе), алюминий, фосфор, күкірт, бром(ампулада), қалайы,
йод(кристалл түрінде), қорғасын, т.б.
Сабақтың жоспары:
1.
Ұйымдастыру кезеңі
2. Пысықтау
сұрақтары
3. Жаңа
тақырыпты түсіндіру
4. Жаңа
сабақты бекіту
5.
Қорытынды
6.
Бағалау
7. Үйге
тапсырма
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сәлемдесу,
сыныптағы оқушыларды тексеру, жоқ оқушыларды журналға белгілеу.
2. Пысықтау сұрақтары:
1. d – элементтердің
қандай ерекшелігі бар?
2. d-
элементтердің ішіндегі қандай элементерге тоқаталдық?
3. d –
элементтері неліктен ауыспалы тотығу дәрежесін көрсетеді?
3. Жаңа сабақты түсіндіру:
р –
элементердің сыртқы электрондық қабатында бірден алтыға дейін электрон болатыны
белгілі. Периодтық жүйеде 30р элемент бар. Бұл р – элементтер немесе олардың
ұқсастары ІІІА, ІVА, VА, VІа, VІІА, және VІІІА топшаларын құрайды. Сыртқы
электрон қабаттарының құрылысы мынадай қатарда дамиды: ns2np1,
ns2np2, ns2np3, ns2np4,
ns2np5, ns2np6.
Al басқа р –
элементтердің тотықсыздандырғыштық белсендігі айтарлықтай нашар. Керісінше
ІІІА-дан VІІА топшаға біртіндеп ауысқанда, бейтарап атомдардың тотықтырғыштық
белсендігі артатыны байқалады, себебі р – элементтердің электртерістігі артады.
р– элемент атомдарында тек р – электрондары
ғана емес, сыртқы деңгейдің s –
электрондары да валентті болып табылады. р – элементтердің жоғары оң тотығу
дәрежесі өздері орналасқан топ нөмеріне сәйкес келеді.
Периодтық
жүйенің ІІІА топшасында кең таралған элементтер – В, Al, Ga, In, Tl. Олардың
атомдарының сыртқы деңгейінде 3е s2p1 болады. Қозбаған
күйде р – электрон ғана жұптаспаған. Бірақ бұл эелементтердің тотығу дәрежесі
+3 .д. көрсетеді, өйткені электронды s-тен р-күйге ауыстыру үшін аз энергия
қажет. Тек талий көбінсе +1т.д. тән. Бұл топшаның барлық элементерінің Э2О3
типті оксидтер түзуі көп мөлшерде жылу бөлумен жүреді. Э(ОН)3 типті
екідайлы қасиет көрсететін гидроксидткр сәйкес келеді.
В Al Ga In Tl
Оксидтер мен
гидроксидтердің негіздік қасиеті күшейеді, қышқылдық қасиеті әлсірейді.
Радиус
артады; иондану энергиясы кемиді; электртерістігі кемиді; тотықсыздану
қабілеті, яғни электрон беру қабілеті артады.
Алюминий
гидроксидінің екідайлық қаситеттері күшті, ал галий гидроксидінің екідайлық
қаситеттері әлсіз, индий гидроксиді сілті ерітіндісінде өте қиын ериді, талий
гидроксиді екідайлық қасите көрсетпейді. ЭХ3 типті қосылыстарда
байланыс көрші 3 атоммен үш гибридтік орбитальдардың sp2 бүркесуі
есеьінен жүзеге асырылады және мұндай молекулалар жазық үшбұрышты құрылыста болады.
ІІІА топша
элементтерінің металдық қаситеттерінің бір қалыпта өзгерісі байқалмайды. В-дан
Al-ге өткенде металдық қасиет күрт күшейеді, Ga-де аздап әлсірейді де, қайтадан
Tl өткенде біртіндеп өсе бастайды. Мұның себебі: Ga, In және Tl атомдарында (В
және Al атомдарынан ерекшелігі) сырттан санағанда екінші деңгейде 18
электроннан болады.
4. Жаңа сабақты бекіту:
1. Қандай
элементер р – элементтерге жатады? Периодтық жүйедегі орнын көрсет.
2. р –
элементерде валенттік электрондардың саны қандай аралықта өзгереді?
3. Бір
периодта иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістік, т.д. қалай
өзгереді?
4. Калий
гидроксиді ерітіндіснен (ерітілген КОН массасы 14г)
5. Периодтық
жүйенің ІІІ топ элементтері қандай топшаларға бөлінеді? Мұны қалай
түсіндіресіңдер?
5. Қорытынды:
Сыртқы
электрондық деңгейінде бірден алтыға дейінгі электрондары бар р- деңгейшесі
электрондармен толатын элементтерді р – элементтер деп атайды. р – элементтер
атомдарында тек р-электрондар ғана емес, s-электрондар да валенттік бола алады.
Сондықтан р-элементтердің жоғары оң тотығу дәрежесі, олар орналасқан топтың
нөмеріне тең. Әрбір период р-элементтермен аяқталады. р-элементтердің көпшілігі
бейметалдарға жатады.
6. Бағалау:
7. Үйге тапсырма: §8.1.р-элементтерінің Қазақстандағы маңызды көздері.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.