Химия 8 сынып. Сабақтың тақырыбы: Зат мөлшері.Молекулалық масса.
Уақыт |
26.09.14ж |
|
Сыныбы: |
8а-ә-б-в |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Зат мөлшері.Молекулалық масса. |
|
Мақсаты: |
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі
– моль туралы, Авогадро саны жөнінде ұғым қалыптастыру. Заттың берілген
өлшемі бойынша құрылымдық бөлшектердің санын анықтауға үйрену. Молярлық масса ұғымын, заттың молярлық
массасын есептеп шығару білігін қалыптастыру. Масса, зат мөлшерінің өлшем
бірлігі, молярлық масса деген ұғымдарды өзара байланыстыра отырып, есеп
шығаруға үйрету. Молярлық және салыстырмалы молекулалық массалар сандық мәні
бойынша тең болатындығын түсіндіру.
|
|
Күтілетін нәтиже: |
1.Оқушылар зат мөлшерінің өлшем бірлігін,формуласын
біліп,есептер шығара алады. 2.Авагадро саны туралы білді. 3.Заттың салыстырмалы молекулалық массасын таба білді. |
|
Негізгі идея: |
Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
|
|
Ресурстар: |
А4-қағазы,АКТ,маркерлер,бағалау бетше. |
|
Іс-әрекеттер:
Үй-жұмысы:
Жаңа сабақ:
|
Оқушылардың психологиялық ахуалын тудыру.Шеңбер
түзіп,көршісінің атын айту.Есімдерін есте сақтау үшін керек. Сыныпты топқа бөлу.санату арқылы,1-2-3-4 деп.Топ
басшыларын сайлау.Топтарға сұрақ беремін,карточка көрсетемін мына элементті
ата деп айтамын,кім бірінші болып айтса, сол топ басшысы болады.Топтарға
бағалау бетшелер таратамын.Топтарға смайликтер таратамын. Сабаққа дайынсыңдар ма,деп айтамын оқушылар алдарында
жатқан смайликтерін көтереді.
Қызығушылықты ояту. Өткен сабақтан тапсырмалар: Химиялық элемент және жай зат деген
ұғымдарды ажырата білу үшін
төмендегі тапсырманы
орындатамыз. Мына сөйлемдердің қайсысында мыс жай зат, қайсысында химиялық элемент ретінде айтылады: а) мыс купорасының құрамында мыс болады: ә)сым мыс тан жасалған: б) мыс оксидінің құрамында мыс болады:в) мыс электр
тогын жақсы өткізеді. 3. Мына элементтерді ата: 1 нұсқа:
H, ........... AІ................
Na, .................. N 2 нұсқа:
S, ........... Zn,..............
O, .................. Mg 3 нұсқа:
Ca, CІ, Fe, P Топтардан білген оқушылар қолдарын көтеріп жауап
береді.Топ басшысы бағалау бетшесіне ұпай сандарын қойып отырады,әр дұрыс
жауапқа 1-ұпайдан.
Мәтінді ашу.Мәтінді оқушылар оқып топтар арасында талқылайды. 1-топ: Зат мөлшері заттың құрылымдық
бөлшектерінің санымен анықталады, яғни атом, молекула немесе басқа бөлшектер
саны. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі –
моль. Моль–берілген заттың құрылымдық бөлшектері 12г көміртегіндегі атом
санына сәйкес келетін зат мөлшері. ν
(ню) әрпімен белгіленеді, құрылымдық бөлшектер саны Na әрпімен белгіленеді. m
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.