Поурочный план по казахскому языку по теме цирк астаны для 4 класса
25.02.2016
3336
870
Калиева Дина Николаевна
4 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Астана циркі № 94. 3 тоқсан № 30.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Жаңа тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастыру. Оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын толықтырып, тақырып бойынша байыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды мәдениет орындарында тәртіп сақтауға баулу және әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: жаңа сөздер, суреттер көрсетіп әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: жаңа сөздер, суреттер, тақта, кітап.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралдарын, оқушыларды түгелдеу.
Жаңа сабаққа дайындау: *1-тапсырма, 97-бет. Танымдық қабілет дамыту мен қалыптастыру мақсатында тапсырмадағы жаңа сөздермен жан-жақты жұмыстар жүргізу. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекетін іске асыру арқылы «Астана циркі» туралы толық мәлімет беру.
5. Жаңа сабақ: Астана циркі.
6. Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сөздер:
Сол жағалау-левый берег, сыяды-помещается, орналасқан-расположен.
Дәптерлеріне күні, тақырыбын жаздырту.
2-тапсырма, 97-бет.Тақырып бойынша берілген «Астана циркі» мәтінімен жұмыс. Жаңа сөздер мен сөз тіркестері бойынша қосымша жұмыс ұйымдастыру. Жазылым әрекетімен ұштастыру.
3-тапсырма, 98-бет. Аталған тақырып бойынша суретпен жұмыс.
Қосымша тапсырма. Сөздік диктант.
Цирк, жағалауда, орналасқан, қабатты, қасында қонақүй, жануарлар, мысық, арыстан, түйе, ұнайды.
4-тапсырма, 98-бет. Тақырып бойынша суреттер арқылы берілген тапсырманы қисынды ойлау қабілетін жандандыра отырып, жұмыс жасап, оқушыларды сауаттылыққа, байқампаздыққа баулу.
5-тапсырма, 99-бет. Сатылап сөйлем құрау әдісін пайдаланып, оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасату. Әр оқушыға бөлек-бөлек тапсырма беру. Жазылым әрекетін тақта алдында жүргізіп, оқушылардың сауатын бақылау.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Демімізді алайық.
8. Сабақты қорытындылау:
6-тапсырма, 99-бет. Тақырыптың негізгі сөзіне байланысты сөйлемдермен жұмысты ауызша бастап, жазылым әрекетімен аяқтау. Әр сөздің мағынасын, яғни септік жалғауларын түсіндіріп отыру.
Үйге тапсырма: 7-тапсырма, 99-бет. Сөзжұмбақты шеш.
Оқушылардың білімін бағалау.
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.