МАБ. 4 сынып бойынша дайындық кезінде пайдалануға арналған тест жинағы.
Тақырып. 4 сынып курсы бойынша олимпиадаға дайындық кезінде пайдалануға
арналған тест жинағы.
Мазмұны. Тесттік тапсырмалар мемлкеттік стандарт
негізінде құралған, бастауыш мектептің толық курсы бойынша қазақ тілі пәнінен
жазылған. Әрбір тест нұсқасы қазақ тілінің фонетика, лексика, сөзжасам,
синтаксис, морфология бөлімін қамтиды.
Тест
20 тапсырмадан тұрады. Ұсынылып отырған тесттік тапсырмалар берілген төрт
жауаптың ішінен дұрыс бір жауапты таңдауға негізделген.
Тест
кілті соңғы бетте көрсетілген.
Мақсаты. Оқушылардың білім-блік дағдыларын тексеру және
оқушыларды олимпиадаға дайындау.
Оқушылардың
орындауға кететін уақытын және мұғалімдердің тексеруге жұмсайтын уақытын
үнемдеу.
1-нұсқа.
1.Қазақ тілінде қанша әріп бар?
А)40 В)41 С)42 Д)36
2.Сан есімнен жасалған сөз тіркесін көрсетіңіз.
А)Аялдаманың қасында В)Екеуі кездесті.
С)Олар
әдепті. Д)Жақын
жолдасым.
3.Тұйық буынды көрсетіңіз.
А)Жоқ,от В)Өрт,ас С)Бұ -ғы,ұлт Д)Ма-рал,ән
4.Лексика нені зерттейді?
А)Сөйлем мүшелерін В)Тіл дыбыстарын.
С)Сөз
мағынасын Д)Сөз құрамын.
5.Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А)Көрші - көсем В)Арман - мақсат
С)Салт - дәстүр Д)Соғыс -
бейбітшілік.
6.Сұраулы сөйлемді табыңыз.
А)Су минералды құрамға бай. В)Кімдерді ерекше еске
аламыз
С)Бұл қандай тамаша
табиғат Д)Сабақ сағат
сегізде басталады.
7.Тәуелді формада тұрған сөзді тап.
А)Әнім. В)Тісте С)Ойландым. Д)Басылды.
8.Синонимдес сөз тізбегін көрсетіңіз.
А)Ағаш,темір. В)Ер,батыр.
С)тас,жер. Д)Ауыр,жеңіл,
9.Түбір етістікті табыңыз.
А)Шегем В)Жүре бер С)Кел Д)Бастырдық.
10)Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А)Үлкен алаң В)Екі оқушы
С)Кітапты
алды. Д)Шығысқа қарай.
11.Барыс септігіндегі зат есімді табыңыз.
А)Көктемде. В)Досыма. С)Көлдің. Д)Қаладан
12.Автор сөзіне лайықты сөз табыңыз.
"......." - деді Ы.Алтынсарин.
А)Ең бірінші бақытым халқым -
менің,
Ал екінші бақытым - тілім менің.
В)Кіндігімнің жас қаны,
Тамған жері ауылым.
С)Бір Аллаға сиынып,
Кел балалар оқылық!
Д)Үш - ақ нәрсе адамның
қасиеті:Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.
13.Қос сөздің арасына қандай тыныс белгісі қойылады.
А)Үтір. В)Қос нүкте С)Тырнақша Д)Дефис.
14.Тасымалданбайтын сөзді анықтаңыз.
А)Мақал В)Сөз С)Зерек Д)Дәрі
15.Етістіктен сын есім туғызатын сөзді табыңыз.
А)Ашық В)Ашты С)Ашады Д)Ашқан
16.Бастауыш қай сөз табынан жасалғанын табыңыз. "Жақсы - ісімен жақсы."
А)Сын
есімнен В)Зат есімнен С)Үстеуден Д)Етістіктен.
17.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді жазыңыз.
Ол Отан ... өлең жазды.
А)Үшін В)Және С)Қарсы Д)Туралы.
18.Дұрыс жазылған сөзді табығыз.
А)Тақия В)Тақиа С)Тағия Д)Тақыя 19.Берілген
сөйлем, сөйлемнің қай түріне жатады? Күн жылынды.
А)Құрмалас сөйлен В)Жайылма сөйлем
С)Жалаң
сөйлем Д)Салалас сөйлем
20.Құстың жемін әкелші,...
А)Қорадан В)Қызым С)үйге Д)Малға.
2-нұсқа
1.Қазақ алфавитінде неше белгі бар.
А)2 В)40 С)42 Д)3
2.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
А)Ақ көйлек В)Жігерлі
адам
С)Істің
ақ-қарасы тексерілді Д)Қара киім.
3.Антоним сөзді тап.
А)Оңай,қиын В)Жіңішке,ұзын
С)Түзу,тура Д)Аштық,аш.
4.Жіктеу есімдігін тап.
А)Анау В)Қай С)Біздер Д)Өзі.
5.Сын есім және зат есім арқылы байланысқан сөз тіркесін табыңыз.
А)Ақанның сөзі В)Сұлу табиғат
С)Оның ата-анасы Д)Екеуі келді.
6.Етістіктің сұрағын белгілеңіз.
А)Не істейді? В)Қандай?
С)Қалай? Д)Қаншадан?
7.Сөйлемнің түрін анықтаңыз:Қоңырау соғылды,оқушылар үзіліске шықты.
А)Құрмалас сөйлем В)Лепті сөйлем
С)Жайылма сөйлем Д)Жалаң сөйлем.
8.Біріккен сөзді анықтаңыз.
А)Су В)Сушы С)Сарыағаш Д)Егінші.
9.Қайсысы езулік дыбыстарға жатады?
А)о,ө,у,ұ,ү В)ы,а,ә,е,э,у С)е,э,а,ә,ы,і Д)а,ә,е,ы,і,и.
10.Көптік жалғауды дұрыс жаз:Астанаға спортшы ... келді.
А)-лар В)-лер С)-тар Д)-тер.
11.Сөйлем басында тұрған қаратпа сөзден кейін қандай тыныс белгісі
қойылатынын белгіле.
А)Тырнақша В)Қос нүкте С)Үтір Д)Нүкте.
12.Өткен шақта тұрған етістікті табыңыз.
А)Халықпен В)В)Жазады С)Сөйлесті Д)Ойнап жүр.
13.Заттың дәмін білдіретін сын есімді тап.
А)Ащы В)Көркем С)Үлкен Д)Ақылды.
14.Мезгіл үстеу қандай сұраққа жауап береді?
А)Қайда?Қандай? В)Қашан?Қай уақытта?
С)Неге?Қалай? Д)Қайтіп?Қалайша.
15.Лепті сөйлемді анықтаңыз.
А)Ол адам қайда В)Сен
оған рұқсат ет
С)Қазақстан көп ұлтты егеменді ел
Д)Кеш қандай тамаша
16.Сыныпта неше оқушы бар екенін табыңыз.
А)Он үшінші В)Бес-бестен С)Отыз Д)Біреу.
17.Синтаксис нені зерттейді?
А)Сөйлем мүшелерін В)Тіл дыбыстарын
С)Сөз мағынасын Д)Сөз
құрамын.
18.Төмендегі сөздердің ішінен одағай сөзді табыңыз.
А)Қарай В)Ойпырмай С)Жөнінде Д)Үшін
19.Реттік сан есімді табыңыз.
А)Бесінші,төрт В)Алты,тоғызыншы
С)Жеті,екінші Д)Үшінші,оныншы.
20.Туынды сын есім ... жасалады.
А)Түбір сөзден В)Түбір
сөз бен жұрнақтан
С)Жалғау мен жұрнақтан Д)Түбір
мен жалғаудан
3-нұсқа
1.Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
А)сеңбе В)сембе С)сенбе Д)секпе.
2.Тура мағынада жұмсалынып тұрған сөзді табыңыз.
А)Қалың қол В)Қалың кітап С)Қалың жаңбыр Д)Қалың мал.
3.Синоним сөздерді табыңыз.
А)Есті кісі,ақылды кісі В)Үлкен-кіші бас
қосты
С)Биік
әрі әдемі үй Д)Ұзын сөйлемнің
қысқа мағынасы
4.Болымсыз етістікті табыңыз
А)Дәріханада В)Бармасын С)Барады Д)Бара жатыр.
5.Жуан дауысты дыбыстарды көрсет.
А)а,е,ү,у В)а,о,ұ,ы С)о,у,ү,а Д)а,у,ы,е
6.Түбір сөзге дұрыс жалғанған сөзді табыңыз.
А)Әлемке В)Әлемте С)Әлемға Д)Әлемге
7.Атау септігіндегі зат есімді табыңыз.
А)Кітапта бар В)Журнал алдым
С)Қаламды
бер Д)Кітаптан оқы
8.ІІІ жақта тұрған етістіктерді тап.
А)Келдім В)келдік С)Келді Д)Келдің
9.Қазақ тілінде буынның неше түрі бар.
А)2 В)4 С)3 Д)5
10.Күшейтпелі шырайдағы сын есімді табыңыз.
А)Тұщы В)Қысқарған С)Қысқалау Д)Ең дәмді
11.Етістікті сөз тіркесін табыңыз.
А)Көкке қарады В)Ұзын бойлы С)Жылы сөз Д)Қаланың іші.
12.Сенің досың қандай адам?
А)Терең В)Дөңгелек С)Ақылды Д)Көкшіл.
13.Берілген сөйлем сөйлемнің қай түріне жатады? Жаз ыстық болса,қыс суық болады.
А)Жай сөйлем В)Жайылма
сөйлем
С)Жалаң
сөйлем Д)Құрмалас сөйлем
14.Фонетика нені зерттейді?
А)Сөз құрамын В)Сөз
мағынасын
С)Тіл
дыбыстарын Д)Сөйлем
мүшелерін.
15.Бір-біріне мағынасы жуық мәндес,бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын
сөздер тобын анықтаңыз.
А)Омоним В)Антоним
С)Түбірлес сөздер Д)Синоним
16.Туынды сөз жасалу үшін түбір сөзге алдымен не жалғанады?
А)Жұрнақ-жалғау В)Жалғау-жұрнақ
С)Жалғау-жалғау Д)жұрнақ-дыбыс.
17."Қоңыр жел қандай рахат"Сөйлемнің қай түріне жатады?
А)Сұраулы В)Лепті С)Хабарлы Д)Бұйрықты
18.Шылау дегеніміз не?
А)Мағынасы бар сөйлем мүшесі В)Көңіл-күй білдіретін
сөздер
С)Өз алдына толық мағынасы жоқ
сөздер Д)Жауап жоқ
19.Іс-әрекеттің мезгілін,мекенін
сын-қимылын білдіретін сөз табын көрсет.
А)Сын есім В)Есімдік С)Одағай Д)Үстеу
20.Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?
Біз сыныпты таза
ұстаймыз.Өйткені,ол-біздің екінші үйіміз.Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді.
А)Пайымдау В)Әңгімелеу С)Суреттеу Д)Сипаттау.
4-нұсқа
1.Қайсысы еріндік дауысты дыбыстарға жатады?
А)а,ә,е,э,ы,і,и В)о,ө,у,ұ,ү
С)а,ә,е,э,о,ө Д)ы,і,ұ,у,ү,и
2.Ауыспалы мағынада жазылып тұрған сөзді табыңыз.
А)Техниканың тілі В)Терең су
С)Адамның
басы Д)Есік ашық
3.Біркелкі дыбысталып айтылатын,бірақ мағынасы басқа сөздердің тобы қалай
аталады?
А)Омоним сөздер В)Синоним сөздер
С)Антоним
сөздер Д)Теңеу сөздер.
4.Зат есім мен сын есім арқылы байланысқан сөз тіркесін табыңыз.
А)Кітаптың беті В)Қаланың
жолдары
С)Әкеле
жатыр Д)Оқушы
әдепті
5.Жұрнақ қосылған сөзді табыңыз.
А)Үйіміз В)Үйден С)Үйшік Д)Үйім.
6.Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлемнің түрін көрсет.
А)Бақ ішінде ағаштар гүлдеді В)Сабақтан кейін базарға
шықтық
С)Жаңбыр жауып Д)Ағаш бұтақтарында бүршіктер
пайда болды
7.Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсет.
А)п,ф,б,в,т,с,ш,қ В)д,ф,м,б,с,ш,ч,ц
С)з,и,к,қ,т,с,х,ц,ч Д)п,ф,қ,к,т,с,ш,щ,х
8.Дұрыс жауап бер.Кімнің қаламы?
А)Менде В)Бізде С)Сенде Д)Менің
9.Одағай сөзді табыңыз.
А)Бәрекелді,бұл бала өлеңді жақсы айтады екен. В)Сен,балам,үйге кел!
С)Қызым,сен қайдан келдің?
Д)Мүмкі,ол ертең келеді.
10.Етістіктің осы шақ категориясын анықта.
А)Жүрсе В)Үйрендім С)Жазып отыр Д)Үйренбеді.
11.Осы шақта тұрған етістікті көрсет.
А)Отыр В)Барамын С)Тұрады Д)Жүрді.
12.Түбірлес сөздерді табыңыз.
А)Нан,сүт,айна В)Сурет,суретші,суретті С)Ой,ойла,оқушы Д)Аға,бала,іні
13.Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
А)32 В)40 С)42 Д)36
14.Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемдерді қандай сөйлем
дейді?
А)Жай сөйлем В)Құрмалас
сөйлем
С)Жалаң
сөйлем Д)Жайылма
сөйлем
15.Белгілі бір заттың,құбылыстың белгілерін көрсететін мәтін қалай аталады?
А)Сипаттау мәтіні В)Әңгімелеу мәтіні
С)Пайымдау мәтіні Д)Барлығы.
16.Не істедің?Сұрағы етістіктің қай шағының сұрағы?
А)Осы шақ В)Келер шақ
С)Өткен
шақ Д)Осы,келер
шақ.
17.Зат есімнің көмектес септігінің сұрағын тап.
А)Кімде?Неде? В)Кімнің?Ненің?
С)Кімнен?Неден? Д)Кіммен?Немен?
18.Біріккен сөз.
А)Көп түбірлі сөз В)Сөз тіркесі
С)Екі түбірлі сөз Д)Дефисті сөз
19.Қай шылау өзі қатысқан сөзбен бірге баяандауыш бола алады?
А)Ма(ме),ба(бе),па(пе)
В)Үшін,туралы,дейін,шейін
С)Да(де),та(те)
Д)Қай(ғай),қана(ғана),-ақ
20.Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталған буынды көрсет.
А)Тұйық буын В)Жалаң буын
С)Ашық буын Д)Бітеу буын.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.