Қазақ тілі «Диктант» 10 сынып
Сабақтың мақсаты: Септік, көптік,
жіктік, тәуелдік жалғауларды естеріне
түсіртіп, оқушыларды орфографиялық
тұрғыдан сауатты жазуға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар дұрыс сауатты жазып, талдау түрлерін естеріне
түсіреді.
!
Модульдер: ЖАДА жұмысы. АКТ, СТО
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Орта құру. Біреуге ізгі тілек
білдіру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. 44-45 беттер.№10, №8
ІІІ. Диктант. Мамандық
Мамандық
таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен
тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта
дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады.
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам
өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге
жетелейтін ұстаз болу.
Адам жас
кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды.Терең
білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек
етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады.
Жақсы
маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, журналист болу үшін
оқу керек. Бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек.
Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы болу үшін өндірісте істеу керек.
Бала шақ пен болашақ
әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады. (Жалпы білім беретін мектептердің
мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Ж.С. Қалиева, 135 сөз)
Сабақты
қортындылау. Оқушылар өздігінен диктант мәтінін тексереді, содан кейін
мұғалімге тапсырады.
Үйге тапсырма. 1 тоқсан бойы
өткен тақырыптарды қайталау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.