Қазақ тілі 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Құттықтау хат,ақпарат хат, жедел хат үлгілерін жазу.
Сабақтың мақсаты: Құттықтау хат,ақпарат хат, жедел хат үлгілерін жазуды үйрету, үлгілерін жаздырту.
Хат – басқару байланысының негізгі құралы болып табылады. Хабар – ошар алысу (переписка) мекеме құжаттары жалпы көлемінің 80% құрайды. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар қатарына баяндаухат, жеделхат, телефонхат, ескерту хат, ал соңғы кезде заманның талабына сай факс, электрондық почта арқылы жіберілетін құжаттар жатады. Олар ақпарат беру мақсатында жазылады. Кейде белгілі бір оқиғаны, фактіні, іс әрекетті белгілейді, баяндайды. Олар арқылы мекемелер арасында ақпарат алмасуы болады, ұсыныстар айтылып, алдын-ала келісімдер жасалады, мекеме басқа бірлестіктермен ресми байланыс жасайды.
Жеделхат (телеграмма)
Жеделхат – телеграф
(телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі заманда ақпаратты
жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар өз
маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат,
оның үстіне чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты
қолдану міндетті емес. Ал телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя
алмайсын, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады.
Жеделхатты кез-келген
қызметкер құрастырып жібере алады; қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен
онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегенде 10-12
сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді
болуға болады.
Жеделхат мәтіні қысқа,
дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың бағасы да төмен
болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір түзетулер болмағаны жөн.
Жеделхаттар ішкі және
халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберіліп қабылданатындар,
ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден
келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар "үкіметтік”, "жедел”, "жай” болып үшке
бөлінеді.
Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен адресі, мәтін, қол.
Жеделхат мәтіні
Мекен жайы ("кімге”).
Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің аты, елді мекеннің аты,
типі (қала, ауыл, т.б.), көшесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады.
Мысалы:
480021, Қазақстан,
Алматы қаласы,
Мұқанов көшесі, 227,
офис 47
немесе,
250000, Украина,
г. Киев, Почтовая пл,
дом 18, кв 44.
Алушының аты-жөні
("кімге”). Адресаттың аты-жөні, әкесінің аты толық жазылады, кейде фамилия орнына
қызметі көрсетіледі. Мысалы, "Директорға”, "Білім меңгерушісіне” т.б.
Жеделхат мәтіні.
Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу болғандықтан, оны
қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді түсініксіз етіп қысқартып
тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды ғана пайдаланған жөн.
Егер жеделхат мақсаты алушыдан ақпарат алу немесе мәселені шешу т.б. болса,
онда етістіктерді бұйрық рай тұлғасында беріңіз. Мысалы: "жіберіңіз”, "салып
жіберіңіз”, "шешім қабылдаңыз” т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса,
етістік ашық рай тұлғасында қолданылатын. Мысалы: "алдым”, "жеткізілді”,
"келеді”, "орындалады”, "барады” т.б.
"Тез арада”,
"жеделдетіңіз”, "жедел”, "қалай да” сөздерін орынсыз көп қолданудың қажеті жоқ,
себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп тұл.
Цифрларды жазбаша жазған дұрыс. Мысалы: 101347 – бір ноль бір үш төрт жеті,
бұларды бір сөз ретінде топ-тап беруге де болады. Мысалы: бірнольбірүштөртжеті.
Мәтін мазмұнына
нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекші сөздер, тыныс белгілері
қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер
тасымалданбайды.
Жіберуші қолы. Жеделхат
мәтініне қол қойылған кезде фамилия, қажет болғанда жіберушінің қызметі қоса
көрсетіледі.
Мысалы: "Оспанов”
"Жауапты
хатшы Смағұлов”
"Бірінші
орынбасар Рымжанов” т.б.
Жіберушінің мекен-жайы. Жіберушінің мекен-жайы жоғарыда айтылған алушының мекенжайының жазылу тәртібі сияқты. Жеделхатты тапсырып, ақысын төленгеннен кейін квитанция аласыз. Ол сіздің телеграмманы жібергеніңізді растайтын жалғыз құжат болып табылады.
Тапсырма: Жеделхат үлгілерін жазыңыз.
Құттықтаухат мерейтойларда,
үкімет наградасымен марапатталғанда, маңызды мерекелерде және тағы басқа
жағдайларда жолданады.
-
Құттықтаухат құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген
сөздермен басталады.
- құттықтау себебі жазылады
- құттықтау
иесінің жеткен жетістіктері жазылады
- ізгі
тілектер
- соңынан құттықтаушының аты-жөні, шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!!!
АУДАРЫҢЫЗ
Тәуелсіздік
күнімен
Жаңа
жыл мерекесімен
Сізді Республика
күнімен құттықтаймын
Халықаралық
әйелдер күнімен
Фирманың
құрылғанына 2 жыл толуымен
50 жылдық мерейтойыңызбен
Ү Л Г І
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлы Қалиевке
Қадірлі Байынқол
Қалиұлы! Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
ұжымы атынан Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздің қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуына қосқан үлесіңіз ерекше. Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!
Ізгі ниетпен,
Қазақ филологиясы кафедрасының ұжымы
Тапсырма:
● Досыңызды тәуелсіздік
мерекесімен құттықтаңыз
● Сынып жетекшіңді жаңа жыл
мейрамымен құттықтаңыз
● Елбасы Н.Назарбаев атынан
Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевқа құттықтаухат жазыңыз
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.