Конспект урока казахского языка в 3 классе "Азық - түлік № 25"
3 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Азық - түлік № 25. 1 тоқсан № 25.
Сабақтың мақсаттары:
- Білімділік:
Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым,
айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне
жетелеу. Азық-түлік туралы толық мәлімет беру.
- Дамытушылық: Тақырып бойынша есте сақтау және байланыстырып сөйлеу дағдыларын
дамыту. Сөздік қорын байыту.
- Тәрбиелік:
Оқушыларды азық-түліктің қадір-қасиетін білуге баулу. Азық-түліктің адам
өмірінде басты орын алатындығы жайлы тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: жаңа сөздер, суреттер көрсетіп әңгімелесу, сұрақ-жауап,
түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: жаңа
сөздер, суреттер, тақта, кітап.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралдарын,
оқушыларды түгелдеу.
4.
Жаңа сабаққа дайындау: 1-тапсырма, 68-бет. «Біліп ал» айдарымен берілген тапсырманы жазбаша
дәптерлеріне орындатар алдында ауызша жұмыс жүргізіп алу. Оқушылардың қисынды
ойлау қабілеттерін сұрақтар мен көрнекіліктер арқылы жандандыру. «Азық-түлік»
тақырыбы бойынша жұмысты бейнелеу өнері арқылы жандандыру.
5. Жаңа
сабақ: Азық – түлік.
6. Жаңа
сабақты түсіндіру:
Жаңа сөздер:
Керек – қажет, үш рет, сүт
тағамдары, ет тағамдары, тағам-пища, ет, ірімшік-сыр, тәтті.
Дәптерлеріне күні,
тақырыбын жаздырту.
2-тапсырма, 68-бет. Оқылым және айтылым әрекетіне берілген тапсырманы сөз
тіркестерін жасап, сөйлеу қабілетін дамыту мақсатында тапсырманы жеке тапсырма
ретінде орындату. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.
3-тапсырма, 69-бет. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген тапсырманы жұптық жұмыс
түрінде
орындату. Әр
оқушыға азық-түлікпен істеген ісі туралы айтқызу. Сыныптағы оқушылардың
барлығын
тақырып бойынша сөйлету. Тапсырманы жазылым әрекетімен ұштастыру.
Сергіту сәті:
Орнымыздан
тұрайық,
Қолымызды
созайық.
Бір отырып, бір
тұрып,
Бір отырып, бір
тұрып,
Демімізді
алайық.
.
4-тапсырма, 69-бет. Негізгі тақырып бойынша қайталау мақсатында берілген тапсырманы оқылым,
айтылым әрекеттерімен бастап, жазылым әрекетімен ұштастыру.
8. Сабақты қорытындылау:
5-тапсырма, 69-бет. Жазылым әрекетіне берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындату. Сауатты
сұраулы сөйлем құрап үйрену үшін берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде
орындату.
Үйге тапсырма:
6-тапсырма, 69-бет. Сөзжұмбақты шеш.
Оқушылардың білімін бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.