Қазақ тілін үйренейік
Тақырыбы: Қазақ тілін үйренейік
Мақсаттары:
Білімділік: тұйық етістік формасын, сан есімді қайталатып, түрлі жаттығулар
арқылы пысықтау.
Дамытушылық: алған білімдерін ізденіспен қолдана білуге үйрету, ойлау,
байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына
ықпал ете отырып, қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік тілді
құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, интерактивті
оқыту, ойландыру, диалог құру.
Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, кітаптар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу;
2. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру;
3. Оқушылардың іске тез арада қосылуы;
4. Сабақ мақсаты мен жоспарының тұжырымдалуы
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Міндеті: барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындауын
пысықтау.
- Сабаққа жақсы дайындалып келдіңдер. Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Қазақ
тілін үйренейік». Мынадай сұраққа жауап беріңдерші: - Қазақстан Республикасында
жұмыс істеу үшін нені үйрену керек?
- Дұрыс, қазақ тілін үйрену керек. Қазақ тілін жақсы білетін мамандар жақсы
жұмысқа орналасады.Көрейік, қалай сендер қазақ тілін білесіңдер! Сендер бірнеше
сынақтан өтесіңдер: мәтін бойынша тапсырма орындайсыңдар,сан есім мен тұйық
етістікті қайталайсыңдар.
Сынақтан өту үшін 3 топқа бөлінеміз. Мына геометриялық пішіндерді таңдап
алыңдар, кім қайсын таңдайды, сондай пішін жатқан үстелдің қасына
отырады.
1-сынақ. Тіл туралы мақалды жалғастыр / бірінші топ бастайды, екінші немесе
үшінші топ жалғастырады/:
Тіл жетпейтін түкпір ... / жоқ/
Сөз - ... /дүниенің сәні/
Сөйлесе білген, ... /үйлесе біледі/
Тілдің құлпы.../ тіс/
Тәтті сөз... / тас балқытады/
Халықтың тілі... / қайнар бұлақ/.
Өте жақсы. Келесі тапсырма:1- топ: берілген мәтінді жалғастыру, мәтіндегі тұйық
етістікті септеу; 2 –топ: мәтінді мазмұндау, мәтіндегі реттік сан есімдерді
атау; 3- топ: мәтін бойынша диалог құру, мәтіндегі есептік сан есімдерді
атау.
2- Бұл сынақтан да жақсы өттіңдер. Ал көрейік, қалай диалог құра
аласыңдар.
1- ҚР рәміздері туралы;
2- қазақ тілі сабағы туралы;
3- ҚР спортшылары туралы.
3- Ал енді ойын түрінде сан есімдерді қайталайық. Ойын жүргізушісі Адель
болсын. Жүргізуші : - мен сан есімдерді атап тұрамын, сендер жинақтық сан
есімдерді естігенде, 1 рет шапалақтайсыңдар; болжалдық сан есімді естігенде, 2
рет шапалақтайсыңдар,т.б.
4- Келесі тапсырма оқулықтың 215-бетіндегі 3- тапсырма:
а) тапсырманы оқу,мәтінді оқу.
ә) сөздік жұмысы / жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру/.
б) тапсырмаларды орындау.
5- Ал енді сөзжұмбақ шешеміз
C
А
Н
Е
С
I
M
Бұл сынақтан да жақсы өттіңдер.
6- Қазір «Кім көп біледі?» ойынын өткіземіз. Қай топ көбірек мақал – мәтел,
жаңылтпаш айтып береді, солар ұтады.
7- Рефлексия. Ал енді «Қазақ тілін білу үшін не істеу керек?» деген сұраққа
кластер құрып, жауап беріңдер.
8- Өте жақсы, осымен сабағымызды қорытындылаймыз, әрбір топ өз-өзін
бағаласын.
- Бәрекелді,сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар, сендер болашақта жақсы маман
боласыңдар деп сенемін.
Үй тасырмасы: 216 – б., 4 – тапсырма, жаңа сөздерді жаттау.
Осымен сабағымыз аяқталды, сендерге рақмет
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.