Қазақ тілі "Көктем" 3 сынып
Сабақтың мақсаты: Көктем айында айналада болатын өзгерістер жайлы, балалардың түсініктерін кеңейту
Міндеті: тақырыбы бойынша сөздерді
пысықтап, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау
қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын арттыру .
Күтілетін нәтиже: көктем айлары туралы меңгереді,Ұлы Отан соғысы жайлы білімдері кеңейеді.
Қолданылатын модульдер: Ой шақыру, диалогтық оқыту, ұжымдық оқыту,сын тұрғысынан ойлау,бағалау.
Стратегиялық іс-әрекет: «топтық жұмыс», «жеке жұмыс»,
«жұптық жұмыс», пәнаралық байланыс.
Уақыт өлшемі |
Сабақ этаптары |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеттері |
Ресурстар |
1 мин |
Ұйымдастыру Сәлемдесу |
Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу, түгендеу |
Сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді |
|
1 мин |
|
Топтық жұмыстың маңыздылығы жөнінде видеоролик көрсету |
Видеороликті қарап топтық жұмыстың маңыздылығын
түсінеді. |
Видеоролик
|
2 мин |
Топқа бөлу |
Оқушыларды 3 топқа
бөліп отырғызу.
Бағалау өлшемімен таныстырады. |
Оқушылар көктемнің айларына байланысты топқа бөлініп отырады. Бағалау өлшемімен танысады. |
Бағалау парақшалары. |
5 мин |
«Ой шақыру»
|
Көктем
мезгіліндегі табиғаттың өзгерісі туралы бейнежазба көрсету |
Видеороликке қарап көктем мезгіліндегі өзерістермен
танысады. |
|
5 мин |
«Қарлы кесек» |
Өткен материалдар бойынша топ оқушылары сұрақтар дайындайды
|
Топқа сұрақ қояды, топтан бір оқушы жауап береді. Басқа топ мүшелері толықтырады. |
Сұрақтар |
2 мин |
Негізгі бөлім: Кіріспе сөз «Миға шабуыл»
|
Жаңа тақырыпты хабарлап, кіріспе жасайды . -Сабағымыздың тақырыбы
қандай деп ойлайсыздар? – Неге көктем деп ойлайсыңдар? – Көктемде неше ай бар? – Көктем мезгілінің қыс
мезгілінен қандай ерекшелігі бар?
|
Өткен тақырыптар
бойынша алған білімдерін пысықтайды.Топтан бір оқушы жауап береді,топ
мүшелері толықтырады.
|
Мультимедиялық тақта
|
10 мин |
«Бірге ойлаймыз» |
І топ Көп нүктенің орнына
керекті сөздерді қою.
ІІ топКөктем туралы диалог құрастыру. -Жылдың ең жылы мезгілі қандай? -Жылдың ең жылы
мезгілі –көктем. -Көктем айлары қандай? -Көктем айлары :наурыз,сәуір,мамыр. -Көктемде қандай өзгерістер болады? -Көктемде қар,мұз ериді,күн жылынады,құстар ұшып
келеді.
ІІІ топ Венн диаграммасы Көктем мен қыс мезгілін салыстыру
|
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,сөйлем
құрайды.Мәтінді құрау арқылы көктем мезгілі туралы меңгереді.
Оқушылар екеуара сөйлесім
құрайды.Комуникативтік дағдылары қалыптасады.
Салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдейді. |
Оқулық
Кесте
Сағат суреті
Сөйлемдер
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.