Қазақ тілі "Ауа райы" 3 сынып
Мақсаты: жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін сипаттай білу.
Міндеті:
Оқушыларды коммуникативтік қарым – қатынасқа түсуге жетелеу және
байланыстыра сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Жеке, жұппен, топпен жұмыс істей
білуге баулу. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін әңгіме ету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне сипаттама бере алады, жыл
мезгілдері туралы тақпақтар біледі.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс, сыни ойлау
тұрғысынан үйрету
Көрнекілігі:
Интерактивті тақтадағы слайдтар, видео, карточкалар, электрондық оқулық,
бағалау парағы
Түйінді идеялар: Өз ойларын
қорыта білу, түсіндіре білу, оқушыларды тілдесімге жетелеу
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.Сыныпты түгендеу.
Сәлемдесу
Сабаққа дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге
Сәлем бердік біз.
ІІ.Үй жұмысын тексеру
«Жаз» мезгілі тақырыбына
диалог.
-Көктемнен кейін қандай мезгілі басталады?
-Көктемнен кейін жаз басталады.
-Жаз айлары қандай?
-Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.
-Жазда күн қандай болады?
-Жазда күн ыссы болады.
-Жазда балалар не істейді?
-Жазда балалар суға шомылады, балық аулайды.
ІІІ.Түстер арқылы оқушыларды
топқа. Әр оқушыға әр түрлі қағаздар (ақ, жасыл, қызыл, сары) таратып, олардың
қандай жыл мезгіліне қатысы бар екенін сұрау. Интерактивті тақтадан жыл мезгіліне
байланысты слайд көрсету.
1-тапсырма.Топпен жұмыс.
1- топ «Қыс», 2- топ
«Көктем»,
3 – топ « Жаз», 4 – топ «Күз»
тақырыбына сызба бойынша әңгіме құрайды.
2-тапсырма.«Сұрақ - жауап»
ойыны арқылы сол жыл мезгілдеріне байланысты бір – біріне сұрақ қояды, жауап
береді.
3-тапсырма.Ұжымдық жұмыс:
Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:
Көктемде адамдар қандай киім
киеді?
Жазда адамдар қандай киім киеді?
Күзде адамдар қандай киім киеді?
Қыста адамдар қандай киім киеді?
4-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқу
Бұл қай
кезде болады?
Аяз қысып,
Өрік,алма ,
Өрнек сызып,
Шие,алша,
Терезені торлайды, Жидек,жүзім піседі,
Бөбектерім ,айтыңдаршы,
Бөбектерім ,айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? Бұл қай
кезде болады?
Бұлттар төніп,
Қар,мұз еріп,
Жаңбыр төгіп,
Су көбейіп
Дымқыл тұман басады,
Сай салаға ағады,
Бөбектерім ,айтыңдаршы,
Бөбектерім ,айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? Бұл қай
кезде болады?
Рефлексия
-Не ұнады?
-Не қиын болды?
Топ басшылары бағалайды
Үй тапсырмасы модуль бойынша өткен сөздерді қайталау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.