Қазақ тілі "Мектеп неше қабатты? Сан есім" 5 сынып
Сабақтың мақсаты:
1.     Оқушылардың мектеп туралы түсініктерін
кеңейту, сан есім алған білімдерін қайталау .
2.     Сұрақтарға жауап беру арқылы
оқушылардың қисынды ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру
3.     Ата-анаға, жолдастарына,
мұғалімдерге  деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.
Сабақтың
түрі: ашық сабақ (аралас)
Әдіс-тәсілдер:
сұрақ-жауап, СТО, түсіндіру, сөйлем құрау, мақал - мәтелдер, топтық жұмыс
Көрнекілігі:
Мектеп суреті, интерактивті тақта, жұмыс дәптері.
Сабақтың
барысы:
І
Үйымдастыру кезеңі: Біз бүгінгі сабағымызды бір–бірімен
амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге
айтайық! 
1) Психологиялық кезеңі
Бір бірімізге қарайық,
Жылы лебіз айтайық.
Бүгінгі күн сәтті болсын,
Отбасымыз аман болсын./ 1 слайд/
2)Көңілді санамақтар /2 слайд/
К2 лік
Баласына ж2ріп
Ұрысып жатыр к2лік
2леніп, с 2ріп
Алып қапсың 2лік
2ншілей 2ңді
Көрсетпе деп ж2рді.
ІІ.  Жаңа сабақ:
1./Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін мына тапсырмаларды орындайық.
   
а/.Берілген  әріптерден сандардың
өсу ретімен сөзді  құра  /3 слайд/
    4  2  6  1 
3  5   
    т  е 
п  м  к  е 
    ә/ Биыл нешінші
жыл:
       0  5 
1   2
       е 
е  ш  н
    б/ .Енді
сандардың кему ретімен сөзді құра
     2  4  7  5  3  1  6  
     т  а  қ  
б  т  ы  а  
2./ Өте жақсы ,бірақ ол
лексикалық тақырыбымыз, балалар, ал енді грамматикалық тақырыбымыз қандай екен
деп ойлайсыңдар? Жаңа орындаған тапсырмаларында тапсырмалар нелер арқылы
берілген? Міне қараңдаршы.
- Дұрыс, грамматикалық
тақырыбымыз  сан есім қайталау.
3./ – Бүгінгі сабақтың
тақырыбы Мектеп неше қабатты? Сан есім. /4слайд/ Мақсатымыз: оқушылардың мектеп
туралы түсініктерін кеңейте отырып және сан есімнен алған білімдерін қайталау
арқылы ауызекі сөйлесу тілдерін дамыту. Дәптерлерімізге бүгінгі күнін,
тақырыбын жазып алайық.
4./ Бүгінгі сабақтың
тақырыбын анықтағанда Биыл нешінші жыл? деген тапсырма бекер берілген жоқ. Осы
2015 жыл несімен ерекшеленеді: /5слайд/
- Биыл Қазақ хандығының 550
жыл мерейтойы.
- Ұлы Отан соғысының
Жеңіс күніне 70 жыл 
- Қазақстан халықтарының
Ассамблеясына 20 жыл
- Қазақстан
Конституциясына 20 жыл
- Өте жақсы. Осы
мерейтойлар әрқашанда естеріңде жүрсін. 
5./  «Мектеп»
тақырыбына қатысты сөздерді таба білу: Орман, ықшамаудан, дәрігер, оқырман,
теледидар, ата-ана, гүлзарлар, мектеп бітіруші, аспан, қонақ үй, теңіз,
табиғат, пәндер, үйірме, қарағай, шеберхана. /6 слайд/                                                                        
6./Сөздік жұмыс: /7слайд/                                                                                                         
Ғимарат –здание                                                                                                                         Салынған
– построен                                                                                                              
Тойладық –праздновали                                                                                                             Мақтан
етемін –горжусь                                                                                                            
Сөздермен сөз тіркес, я сөйлем құрастыру.
7./Мәтінмен жұмыс
«Мектеп» мәтінді түсініп оқып,берілген 
тапсырмаларды орындау./ 7 слайд/
                                                           
 Мектеп 
        Дарьинск мектеп
гимараты 1938 жылы салынған. 2013 жылы мектептің 75 жылын тойладық.   Мектепте 506 оқушы оқиды. 60 мұғалім жұмыс
істейді.                                                                                                                                       
Біздің мектеп 3 қабатты. 1 қабатта 10 кабинет , кітапхана, шеберхана
және мәжіліс залы бар. 2 қабатта 9 кабинет , спортзал және асхана бар. 3
қабатта да 10 кабинет бар. Мектептің сыныптары кең, жарық және таза. Әрбір
кабинетте парталар 3 қатардан  орналасқан.
Бір сыныпта 20 оқушы.  Біздің мектепте
жыл сайын  «Алтын белгі» иегерлері шығады.
Мен өз мектебімді мақтан етемін.
1-     
тапсырма:  мәтінді
тізбектеп бір сөйлемнен оқимыз.
2-тапсырма: Берілген сан есімдерді
тақтаға сөзбен жазу.
6./ Сергіту сәті.
- Балалар біз сабақтың алдында топқа бөліндік. Келесі тапсырмалар  әрбір топқа беріледі.. 
 Топтық жұмыстар : 
1 –тапсырма : Мәтін бойынша неше,қанша
сұраулы есімдіктермен сұрақ құрастыру.
2 –тапсырма.Келесі тапсырма мақал –
мәтелдердің жалғасын тап.
Оқу - ... /білім бұлағы/ .
Өмір - ... /үлкен мектеп/.
Оқу  - білім азығы,...  /Білім – ырыс қазығы/.
Кітап –... / алтын қазына/ .
Білетінің бір тоғыз,... 
/Білмейтінің тоқсан тоғыз/.
Кітап-ғылым – ... /тілсіз мұғалім/.
Оқу – білім бұлағы,... / білім – өмір
шырағы/.
Күш – білімде,... / білім – кітапта/.
Жеті жұрттың тілін біл,... / жеті түрлі
білім біл/.
Екі жақсы қас болмас,... / екі жаман дос
болмас/.
Жігіт бір сырлы, .../сегіз қырлы болсын/.
Тоқсан сөздің .../ тобықтай түйіні бар/.
3-тапсырма  Берілген сөздерді:  І топ - септеу; ІІ топ- тәуелдеу; ІІІ топ -
жіктеу
І топ: Бірінші                 ІІ топ: Парта                    ІІІ топ: Оқушы
4-тапсырма    «Менің армандаған мектебім» атты тақырыпқа постер
жасау.                          
ІІІ Қорытындылау: 1.Бес жол өлең
құрастыру
І топ:1 Мектеп                 ІІ топ: Мұғалім                   ІІІ топ: Сынып
2. Сұрақ – жауап:
- Сан есім деген не?
- Биыл қандай мерекелерді тойлаймыз?
ІҮ Үйге тапсырма: сан есімнің ережесін
қайталау.
Ү Рефлексия : Мектеп суретіне жылы
лебіздерді ілу.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
 
 