Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: «Интернет»
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың тақырып бойынша алған білім- дерін тексеру,хабарламалар,
суреттер арқылы әңгімелеуге,өз ойларын жеткізе білуге үйрету;
2. Өздігінен ой
қорыту, сол ойын жинақы,тұжырымды түрде бере бі -лу дағдыларын
дамыту,ізденгішттікке,іскерлікке баулу, ауызша, жаз-баша тілдерін дамыту,сауаттылықтарын
арттыру.
3. Жаңа заманға сай
білікті,білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау, сұхбат, тест, салыстыру,өзін-өзі бағалау.
Пәнаралық байланыс: музыка
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар,баға қиындысы
Сабақ барысы:
1). Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасып, кезекші есебін сұрау.
2. Сұрақтар қою:
-Қазір қай сабақ?
-Нешінші сабақ?
-Қай жыл мезгілі басталды?
-Қыс айлары қандай?
-Айдың басы қай мерекемен басталды?
-Енді қай мерекені тойлаймыз?
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2). Қызығушылықты ояту.
Сабақ үш бөлімнен тұрады:
«білемін»,»білгім келеді»,»білдім»
3). 1.»Білемін»
1.Сөздік сөздерді тексеру.
2.Сұрақтарға жауап беру: «Тілшімен сұхбат»
Тілші:
-Интернет деген не?
-Сенде
интернет бар ма?
-Оны қайда
қолданасың?
-Қазақ
тілінде сайт бар ма?
-Оны
қолданасың ба?
-Интернетте
қанша уақыт отырасың?
-Интернет не
үшін керек?
Толығырақ
интернет туралы кім айтып береді?(3-оқушының хабарламасын тыңдау)
Мұғалім:
-Ал енді
грамматикалық сұрақтарға жауап беріңдер:
Етістік
қандай сұратарға жауап береді?
Етістіктің
түрлері?
Етістіктің
шақтары?
4). 2. «Білгім келеді» бөлімі
1.Тест
1.Етістіктің шақтары дегеніміз не?
А)Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың
өту кезеңін білдіру
В) Сөйлеп тұрған сәтке байланысты заттың
мағынасын білдіру
С) Сөйлеп тұрған сәтке байланысты ұғымды
білдіру
2. Шақтың негізгі түрлерін көрсет
А)
осы, келер, ауыспалы
В) Өткен , келер, осы
С)
ауыспалы, келер, өткен
3.Осы шақтың неше түрі бар?
А)2
В)4
С)3
4.Қалып етістіктерді көрсет
А) отыр, жазып отыр, келе жатыр
В)отыр,тұр,жүр,жатыр
С) барамын, бара жатырмын, бармақпын
5.ІІ жақта жіктелген сөзді көрсет.
А)
Оқып отыр
В) оқып отырмыз
С)
оқып отырсың
(Бірін-бірі тексеріп, бағалайды)
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.