Еңбекке баулу 1 сынып. Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Табиғатқа саяхат.
Күні:
Сабақ мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға адамдардың ең бірінші өмірлік
қажеті еңбек екенін айту. Еңбекке баулу сабағы жайлы мағлумат беру.
Дамытушылық:Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын,
ой - өрісін дамыту. Еңбектену адамға көп жетістіктер әкелетінін түсіндіру.
Тәрбиелілік: Еңбек біліктілігін, қалыптастыру арқылы
еңбекке қызығушылығын ояту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
Сабақ түрі:
жаңа сабақ
Сабаққа қажетті материалдар: еңбекке баулу оқулығы, суреттер.
Сабаққа қолданатын құралдар: плакатты суреттер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа даярлау.
Қажетті құрал – жабдықтарын даярлау.
Еңбек туралы білетіндерін сұрау.
ІІ.Жаңа сабақ
Қолдарыңдағы «Еңбекке баулу»оқулығы еңбек
сабағындағы көмекші әрі ақылшы досың. Ол сендерге ең алдымен өз бөлмеңді
жинауды үйретеді. Беті қолыңды жуу, киімді күту,ата-анаңа көмектесу- осының
бәрі еңбек. 1- суретте қыз гүлге су құйып тұр. Оның бұл еңбегі өсімдікті –күту.
Еңбек сабағында гүл, көкөніс өсіру,бақта жұмыс істеу, үй жануарларын күту
сияқтыеңбек түрлерімен танысасыңдар. өздеріңді қоршаған ортада кездесетін
ағаштардың жапырағы, жаңғақтар ағаш бұтағы, малта тастарсендердің кіп-кішкентай
қолдарың арқылы әп-әдемі бұйымға айналады. Егер еңбек сабағында жақсы жұмыс
істеуге дағдылансаңдар, келешекте жақсы инженер, дәрігер, құрылысшы, аспазшы,
ғарышкер бола аласыңдар. Қандай мамандық иесі болсаңдарда сендерге ең алдымен
білім керек. Сонымен қатар еңбекқорлық қажет. Еңбекқорлық дегеніміз ол-
ептілік, шыдамдылық, батылдылық, икемділік, мақсаттылық. Білімің бола тұра сен
еңбекқор болмасаң онда алған білімдеріңде қажетсіз. Білімнің шегіне жету үшінде
бізге еңбекқорлық қажет екен балалар.
Еңбек сабағында жұмыс жасау үшін бізге қайшы,
желім, ине мен жіп қажет. Үлкейе келе сендер үтікпен, тігін машинасымен жұмыс
жасайсыңдар оларға да тән өзіндік қауіпсіздік ережелері бар.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.