Әдебиеттік оқу сабағынаң ашық сабақ 2 сынып сабақтың тақырыбы "Сауысқан мен Көкек"
Зеренді
ауданы
Азат негізгі
мектебі
Бастауыш
сынып мұғалімі Жамухамбетова Г.С.
Әдебиеттік оқу
2- сынып
Тақырыбы: Сауысқан
мен Көкек
Сілтеме: Б.А. Тұрғынбаева, З. Муфтибекова, К.Алтаева Алматыкітап
баспасы 2013 жыл
Мақсаты: Ертегінің
мазмұнын түсініп отырып, идеясын ашу
Күтілетін
нәтиже:
А. Кейіпкерлерге
сипаттама беру арқылы өмірмен байланыстырады
Ә.Өз бетімен қорытынды
шығарады.Энциклопедиялық сөздікті және басқа да дереккөздерді пайдаланады
Б.Адамгершілікке
,еңбекқорлыққа тәрбиеленеді
Сабақтың
әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: төмен, жоғары
дәреже
-лі сұрақ. тар., рөлдік
ойын. Топтық жұмыс
Сабақтың
көрнекілігі: Сауысқан мен Көкектің
суреттері, мақал-мәтелдер топтамасы немесе интерактивті тақтадан көрсету Энциклопедиялық оқулықтар(қосымша материал ретінде) Көкек
,Сауысқан туралы керек дерек.
Сабақ барысы:
Тапсырмалар |
уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Кіріспе бөлім Ұйымдастыру 3 мин Негізгі бөлім мин 25 мин Сыни ойлау стратегиялары Сергіту сәті Қорытынды 10 мин Бағалау Рефлексия |
1 мин 2 мин 10 мин 15 мин 1 мин 10 мин 2 мин 5 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Сәлеметсіздерме, балалар!. Бүгін күн қандай ашық. Қазір бір-бірден келіп күн нұрын
таңдап алып, артындағы жазулар арқылы 3 топқа бөлінеміз. Бүгінгі сабағымызға біз топпен жұмыс жасаймыз.Топтастыру. «Жазушылар тобы» , «Ақындар тобы» ,. «Суретшілер тобы» . Әр топтан спикер таңдап алайық. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар бейнеролик көреді. -Балалар біз де бүгін осылай , бірігіп жұмыс істейік. -Балалар сендердің үстелдерінде күн мен бұлт суреттері жатыр. Қазір
біз өз көңіл-күйлерімізді суреттер арқылы көрсетейік. Қызығушылықты ояту. Ой шақыру стратегиясы: Жұмбақтардың шешуін тап: Қайталап атымды
Ән салып аламын
Құйрығы ұзын, өзі ала, Шықылықтап тұрмайды Құйрығы ұзын, өзі ала, Бұл қандай құс? (Сауысқан) -балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Сауысқан
мен көкек сөздерін естігенде, көз алдарыңа не елестейді? Мұғалім:Сендердің көздеріңе құстар елестесе, менің көз алдыма
сауысқан мен көкектің ертегісі елестеді.Ертегі дегеніміз- адамдардың ой- қиялынан
туған шығарма.Ертегінің түрі өте көп. Солардың ішінен бүгін біз құстар
ертегісімен таныс боламыз.Сауысқан мен көкектің суретін
көрсетіп,таныстырамын. Жұмбақтардың шешуін тауып, суреттері арқылы құстарға сипаттама беру.
Құстардың түр-сипатына, қайда мекендейтініне, қоректенуіне тоқталу. Көкек-көкектәрізділер отрядының бір тобы. Көкек- жыл құсы. Дене тұрқы
25-40 см.Қауырсыны айқын түсті емес, аяқтары 4 бармақты, ағаш басында жүруге
бейім.Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды, балапан баспайды.Олар
жылы жақтан сәуір айында ұшып келеді.Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір
айының көкек деп те аталуы осыған байланысты. Сауысқан-торғайтәрізділер отрядына, қарға тұқымдасына жататын, кіші
денелі, түзу ірі қысқа тұмсықты құс. Денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі
ақ болады. Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан, оны қазақта кейде алақанат
сауысқан деп те атайды. Құрт-құмырсқа жейді, етқоректі, шөпқоректі.Сауысқан
шықылықтап үй маңынан шықпай қоюын қазақ жаманат хабар келеді деп
жорыса,жолаушының маңынан шықылықтап ұзап кете қоймаған сауысқанды жақсылықтың жаршысы дейді. Мағынаны тану Енді балалар топпен жұмыс жасаймыз.Сендердің алдарында мәтін
жатыр,соны оқып,түсініктерінді топта айтасыңдар. Уақыт беріледі.Санаулы уақыт
біткен соң,әр топтан бір спикер шығып қорғайды.Әр топқа тапсырма: «Жазушылар тобы» Сауысқан
мен көкек жайында әңгіме жазу. «Ақындар тобы» Сауысқан мен көкек жайында өлең шығару. «Суретшілер тобы» Сауысқан мен көкек тақырыбында сурет салу. Тақтаға ілінеді. Ойлан, жұптас, топтас, ортаға сал. Бағдаршам әдісі.Топтық бағалау Қимылды жаттығулар. оқушылардың шаршағанын басып, қызығушылығын
оятып, ынтымақтық атмосферасын сақтау үшін сергіту сәтін өткізу Ойтолғау Кестені толтыр. Топта орындау Сабақты қорытындылау.Сұрақтарға жауап беріңдер. 1.Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі не? 2.Көкектің қандай ойы болды? 3.Сауысқан ұяны қалай салды? 4.Көкек қандай құс екен? Табиғат байлықтарын қорғау- азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік.
Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, туған елін де сүйе алмас, сондықтан
қоршаған ортаның әр тасы, әр жәндігі, ұшқан құсы, жүгірген аңы-біздің
байлығымыз, болашағымыз, ендеше ол байлықты бірлесіп қорғайық. Топтық жұмысты бақылап, , өзін-өзі, бағалау 1.Сабақ саған ұнады ма? а.иә б.жоқ 2. Сабақта қиын тапсырмалар болды ма? Оқушылар ағашқа түрлі-түсті жапырақтарды жабыстыра отырып, сабақ
түсінікті, жартылай түсінікті, түсініксіз екенін білдіреді. |
Оқушылар назарын сабаққа аударады. Топпен отыру. . Топтық жұмыс Топтан бір оқушыдан оқып, талдау жасайды. Жұпта, топта сыныппен талқылау. Оқушылар топпен тапсырманы орындайды. Топпен жұмыс жасайды, кестені
толтырады. Сұрақтарға жауап беріледі |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.