Сын есім
Орыс мектептеріне арналған
Пән: қазақ тілі
Сынып:7
Құрастырушы: Бітімбаева С.Ж.
Павлодар облысы.
Сабақтың тақырыбы: Сын
есім
Сынып: 7
Пәні: қазақ
тілі
Мақсаты:
1)
Білімділік: Сын есім туралы түсінік беру.
2)
Дамытушылық: Сын есімнің түрлерін өзіне тән белгілерін
білу, сөйлем талдауға, төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Пәнге
қызығушылықтарын арттыру.
3)
Тәрбиелік: Мейірімділікке, адамгершілікке, өзгелердің ойын, пікірін сыйлауға,
құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Схема, кеспеқағаз, семантикалық карта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, дәлелдеу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика.
Жаңа технология: Сатылай кешенді
талдау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) сұрақ-жауап
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есімнің жасалуы?
3. Деректі зат есімдер, дерексіз зат есімдер?
ә) Берілген тапсырмадан: дара зат есімдер, дерексіз зат
есімнің жалпы және жалқы екенін тауып айту.
Өз атын
буынға бөлу. Дыбыстық талдау.
Сергіту сәті.
ІІІ. Жаңа сабақ: Мақсатын, міндетімен таныстыру.
Эпиграф: «Ана тілің алпыс тілге татиды.».
Оқушыларға дәптерлерін аштырып, бүгінгі күнді, айды сабақтың тақырыбын
тақтаға жазып, дәптерлеріне жазу міндеттеледі.
а) сұрақ-жауап
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есімнің жасалуы?
3. деректі зат есімдер, дерексіз зат есімдер?
ә) Берілген тапсырмадан:дара зат есім, күрделі зат есімнің жалпы және жалқы
екенін тауып айту.
Өз атын буынға бөлу. Дыбыстық талдау.
Сергіту сәті..
ІІІ. Жаңа сабақ: Мақсатын, міндетін
таныстыру.
Эпиграф: «Ана тілің алпыс тілге татиды»
Оқушылардың дәптерлерін аштырып, бүгінгі күнді, айды сабақтың тақырыбын
тақтаға жазып, дәптерлеріне жазу міндеттеледі.
а) Жаңа сабақ. Схема арқылы түсіндіріліп өтіледі. Сын есім
туралы түсінік. Сын есім дегеніміз-қандай? қай? Деген сұрақтарға жауап беріп,
заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың сының, сапасын,
түр-түсін, көлемін т.б. сындық, сапалық қасиетін білдіретін сөз табы.
Сынын: |
Аласа |
Көлемін: |
үлкен, кең |
Мысалы:
Салмақтық |
Ауыр |
Сапасын |
Мықты, сараң |
Дәмін |
Тәтті,ащы |
Мезгіл-мекенге |
Құмды дала |
Қатысты |
Сусыз, арна, балалы үй |
|
І. Өзіндік жұмыс: Жаңа сабақты пысықтау.
Әр оқушы жеке тапсырма
орындайды.
ІІ. Ойлан тап: Павлодар облысының 75 жылдығына байланысты.
1.
Оқушылар елімізге қатысты 15 сын есім сөз ойлап айту.
2.
3.
Әр оқушы өз есімінің алғашқы дыбысына байланысты сын
есімдер тауып айту.
(Заттың түрін-түсін білдіру, өзіне
тән белгілер айтып отыру).
4.
Тақтамен жұмыс. Оқулық бойынша тапсырма орындау: оқып
шығып өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар. Мағыналы белгілерін ажырату.
5.
Сатылай кешенді талдау. Жаттығудағы сын есімнің біреуіне
сатылай кешенді талдау жасау. Оқулық бойынша.
6.
«Ақмола» сөзін
септеу.
7.
Терме диктант: Мына мақал-мәтелдерден сын есімдерді теріп
жазу.
1.
Шапшаң
жүргенге шаң жұқпас.
2.
Ақылды кісі ісіне
сенеді.
Әлсіз кісі күшіне сенеді.
3.
Әлсіз адам
сүріншек.
4.
Өжет
адам өлімді жеңеді..
5.
Білекті
бірдіжығады,
Білімді адам мыңды жығады.
7. Сергіту сәті.
1.Қатыгез, адал, күшті, кәрі сөздерінің синонимдерін
табу.
2. Аласа–
Ұзын–
Жылы–
Жаман–
Сөздерінің антонимдерін табу. Сөйлем құрастыру.
8. Ауызша: ҚР рәміздеріне 20 жыл тақырып
бойынша мәтін құрастыру, мәтінде сын есім болу керек.
Семантикалық карта
Сын есім |
Сұрақтары |
Тұлғасына қарай |
Құрылысына қарай |
Негізгі сын есім |
Туынды сын есім |
Мағынасына қарай |
|
|
|
|
|
|
|
Семантикалық карта
Заттың түрін,
түсін білдіретін сын есім |
Заттың көлемін |
Заттың аумағын |
Заттың салмағы |
Заттың сапасын |
Заттың дәмін,
иісін |
Затқа, қимыл
іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сын есім |
|
|
|
|
|
|
|
9. Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту. Сонымен заттың, нәрсенің, құбылыстың,
деректі, дерексіз ұғымдардың сынын, сапасын, түрін-түсін, көлемін т.б. сындық,
сапалық қасиетін білдіретін сөз табын не дейміз?
Үйге тапсырма:
1.Бұйығы, ашық, қайырымды, бойшаң, ашушаң, байқағыш, ойлы
көзді, салмақты, жақсы оқиды, сабақ, жолдас, көмек. Тірек сөздерін пайдаланып
сыныптастарыңның біреуіне мінездеме жазу.
2.Өз аналарың туралы шағын әңгімеа жазу.
Бағалау.