Сабақ тақырыбы: Мектебім- алтын бесігім.
Сабақтың
мақсаты: «Мектеп» тақырыбынан өткен материалдарды кайталату
арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту,оларды тақырыпқа байланысты
өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын
ашу.
Сабақтың
міндеттері:
Білімділік: өткенді еске түсіру,
сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана
білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік
қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту,
ой-өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: білім алуға ынталандыру, оқушыларды оқуға шақырып, өз мектепті құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Саяхат сабағы
Сабақтың
типі: білімді жүйелеу сабағы .
Сабақтың
әдісі: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, қайталау,
сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру,
талдау, топпен жұмыс жасау, бір-бірін тексеру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мәтіндер,сигналды кәртішке, бағалау
парағы.
I.Ұйымдастыру
кезеңі:
-Cәлеметсіздер ме, балалар?
-
Сабақтың ұранымыз
Бір бірімізді тындаймыз.............
Психологиялық
дайындық
Балалар,
көңіл күйлеріміз қалай ? /Өте жақсы/
Балалар,
менің алақаным сондай жылы
Бүгін сабақта Мен сендерге өз алақанымда бар жылулықты,
жақсылықты, жақсы көңілімді беремін. /
Қалай балалар ,
жылулықты сездік пе ?
Солай
болса, сабағымызды бастайық.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы белгісіз, оны анықтау үшін
сендер тақтаға назар аударып, асыл сөздерін тындап тақырыбын
білесіңдер.
ВИДЕО
Гимназия / тақпақ оқу/
Мектеп есігін алғаш рет ашқан күннен бастап біз үшін мектеп өмірі басталды. Сабаққа бару ,
үзіліске шығу, күнделік толтыру, үй тапсырмасын орындау, ғылыми жұмыстарға дайындық
жасау, түрлі мерекелерге қатысу- міне осының бәрі мектеп өмірі.
Кім
болса да мектебін ұнатады,
Кім болса да ұстазын сағынады.
Әрқашанда әнін, биін саған арнап,
Осы екеуін құрметпен еске алады.
Үйретейік,
үйренейік біз бүгін,
Білімнің
толтырайық сандығын.
Білім жолы
басталады мектептен,
Білімсіз қандай
адам алыс кеткен.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.