Конспект к уроку английского языка "Hello" 1 класс
Сабақтың
мақсаты: «Шет
тілі», «ағылшын тілі» ұғымдарын қалыптастыру, атап айтқанда - тілдік
коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру.
Күтілетін
нәтиже:
пәндік:
бастапқы
есту және дыбыстау дағдылары мен білімдерін дамыту; Hi, Hello, a teacher лексикалық бірліктерін меңгеру; Good morning, Hello, goodbye,
I'm... ҮФ (модельді фраза бұдан ары
қарай); қолдану; we, say, and ЛБ есту арқылы
қабылдау;
тұлғалық:
оқушы
үшін жаңа болып табылатын білім алушы әлеуметтік рөлін түсіну. Оқушының ағылшын
тілін үйренуге қызығушылығын, жады мен зейінін дамыту;
жүйелік-әрекеттік:
оқулық пен дәптерді
пайдаланудың бастапқы дағдылары.
Сабақты
материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім
үшін: CD-ойнатқыш, дүниежүзінің географиялық картасы, атаулары
ағылшын тілінде жазылған заттардың орамалары, Лондонның көрнекі жерлерінің
суреттері фонында бейнелентен қарғаның суреті.
оқушылар
үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық
байланыс: музыка ("We say
hello" әнін орындау), география (ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдердің атаулары).
Сабақтың
барысы
І Ұйымдастыру сәті
Мұғалім:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау
- Балалар, біз сендермен бірге жаңа «Ағылшын пәнін» оқитын
боламыз. Бүгінгі сабақта ағылшын тілінде қай елдер сөйлейтінін білеміз, кейбір
дыбыстарымен және ағылшын тілінде бір-бірімізбен сәлемдесуді үйренеміз.
ІІІ Тірек білімдерді белсендіру
Бүгін мен сендерге құр қол келген
жоқпын. Мына заттарға, олардың сыртында жазылған жазуларға қараңдар. Бұл
жазулар қай тілде жазылғанын білесіңдер ме? (С1: ағылшын тілінде).
Жарайсыңдар! Бүгін сендер үшін есте қаларлық күн. Біздер ағылшын тілін үйрене бастаймыз. Әр сабақта ағылшын тілін үйрене отырып, ағылшын
тілінің сөздері, әндері және тақпақтары әлеміне қызықты саяхат
жасайтын боламыз. Дүниежүзі картасына қарандаршы. Ағылшын тілі Англия,
Америка, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия тұрғындары үшін ана тілі болып табылады (мұғалім картадан ағылшын тілінде сөйлейтін елдерді көрсетеді және атайды).
- Балалар, әртүрлі
елдердің адамдары бірін-бірі түсіне алады ма? Ата-аналарыңмен
бірге шетелде болғандарың бар ма? (Балалар болған елдерді атайды). Әртүрлі елдердің адамдары
өзара қай тілде сөйлеседі? Дұрыс, ағылшын
тілінде. Балалар, ағылшын тілінде қандай
сөздерді білесіңдер? (CI: Yes, No etc.) Осы оқу жылынан бастап ағылшын тілін
оқып үйренеміз.
IV Жаңа материал
мен жұмыс.
Фонетикалық ойын.
- Балалар, Ақылды Қарға
бізге ағылшын тілін үйренуге көмек
көрсетеді. Mr. Wise Crow! Ол бізге
Англияның, Лондон қаласынан ұшып келді.
Онда оны ұзақ жасайтындығы және ақылы үшін құрмет тұтады (Лондонның қызықты
жерлеріндегі қарғаның суретін көрсетеді). Mr. Wise Crow өте ақылды және күрделі ағылшын дыбыстарын меңгеруге
көмек көрсетеді.
Mr. Wise Crow бізді Лондонға серуендеуге шақырады /еі/, /еі/, /еі/.
Ал енді, балалар, сендердің кезектерің
келді. Ақылды Қарғаның артынан дыбыстарды қайталандар. Now you. Repeat after Mr. Wise Crow, please: /еі/, /еі/, /еі/. Өте жақсы, балалар. Well done, children! Біздің досымыз кішкене тасты басып кетіп, аяғын ауыртып алды: /аі/, /аі/, /аі/. Repeat after Mr. Wise Crow: /аі/, /аі/, /аі/. Well done, children! Досымызды мұқият тыңдандар, ол не айтып тұр? Бұл /d/ дыбысы. Repeat after Mr. Wise Crow, please: /d/, /d/, /d/. Балалар, бұл жай дыбыс емес. Тілдеріңді алдыңғы жоғарғы тістеріңнің артындағы бұдыр жерге тіреп, осы дыбысты тағы бір айтып көреміз: /d/, /d/, /d/. Бұл дыбыс Mr. Wise Crow тұратын
қаланың атауында кездеседі. Тыңдандар. Listen: /lʌndan/, / lʌndan /, / lʌndan /. Енді Лондон сөзін ағылшын тілінде айтамыз. Repeat, please: / lʌndan /, / lʌndan /, / lʌndan /. Well done, children!
Оқулықпен жұмыс
l-жаттығу. Listen
to your teacher and repeat.
- Суретке қараңдар. 1 қыркүйекте қандай мерекені атап өтеміз? Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
Мұғалім: Good
morning, I'm a teacher! - Сәлеметсіңдер ме, мен мұғаліммін!
Repeat after me : Good
morning!
Әдетте таңертең ересек адамдарға «Good morning!» дейміз, бірақ бір-бірлеріңе «Ні!» немесе «Неllо!» деуге болады. Бір-біріңмен
амандасыңдар.
Бала: Hello,
I'm Alibek! - Сәлеметсіз бе, менің атым Әлібек!
Repeat after me: Hello, I'm Alibek!
Танысу үшін: Who are you? деген сұрақты қойыңдар. Менің сұрағыма жауап беріп көріңдер: Who are
you? - І am Anar.
Track 1
Teacher: - Good morning.
I'm a teacher.
Alibek: - Good morning.I'm
Alibek.
«Танысу» дидактикалық ойыны. (Балалар шеңберге тұрып, сәлемдеседі: - Hello, I'm ... сөздерінің көмегімен өздерін таныстырады. Одан кейін: Who are you? сұрағын және оған берілетін жауапты пысықтайды.)
2-жаттығу. Listen and sing.
- Енді ән тыңдаймыз.
Track 2.
Listen and sing.
We say hello,
We say hi!
Hello and hi,
Hello and hi.
We say - Біз сөйлейміз.
Балалар, осы тақпақты аударып көрейік. Балалар мұғаліммен бірге ән айтады.
3-жаттығу. Listen and repeat.
- Біздін
кейіпкерлердің не айтып тұрғанын
тыңдаймыз. Ал енді, балалар, әр сөйлемді аударып, балалардың соңынан қайталаймыз.
Track 3
- Hi! I'm Anar. I'm a
girl.
-Hi! I'm Olga. I'm a
girl.
- Hello, I'm Alibek.
I'm a boy.
- Hello, I'm Misha.
I'm a boy.
- Енді кейіпкерлерге өздеріңді таныстыру кезегі келді. Берілген үлгіні пайдалана отырып, кезекпен өздеріңжөнінде әңгімелеп беріңдер.
Әр балаға өзі туралы әңгімелеп беруге жағдай жасаңыз.
Сергіту сәті
- Шаршаған шығарсыңдар. Сондықтан дене шынықтыру жаттығуларын жасаймыз (жаттығулар балалар үшін көңілді және қызықты болу керек). Сөздерді сәйкес қимылдармен және ишарамен көрсетуді ұмытпаңдар.
- Қимылдарды орындап, сөздерді менің соңымнан қайталаңдар.
Hands up! Hands down!
Shake! Shake!
Stand up! On the tiptoes
Turn around. Step aside,
Step left! Step right!
Дәптермен
жұмыс
Жұмыс дәптерінде бекітуге арналған жаттығу жасау ұсынылады.
1- жаттығу. Finish the picture and say: a boy, a girl, a
teacher. Оқушыларға балалардың және мұғалімнің аяқталмаған суреттерін толықтырып салу міндеттеледі және оларды ағылшын тілінде атаулары керек.
2- жаттығу. Draw yourself and say your name.
Оқушылар өздерінің суреттерін салып, өздерінін есімдерін айтады. Қосымша практикалық жұмыс ретінде сабақта өтілген: I am a girl. I am a boy сөйлеу үлгілеріне сәйкес өздері жөнінде әңгімелеп берулерін сұрау керек.
V Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгін сендер қай елдерде ағылшын тілінде сөйлесетінін, ағылшын тілі халықаралық тіл екенін білдіңдер. Сабақта өзің үшін тағы қандай жаңалық аштың? Сабақ соңында ата-аналарыңа не туралы айтар едіндер? (С1.: Біз ағылшын тілінде амандасуды Hello - «Сәлеметсің бе» сөзін айтуды үйрендік). Бүгін үйренген сөздерді есімізге түсірейік. (С1.: a teacher, hello, hi, a boy, a girl.) Сонымен бірге өз атымызды ағылшын тілінде айтып
үйрендік. I'm .... (мұғалім бірнеше баладан ағылшын тілінде өз аттарын атауын сұрайды).
Мұғалім: Well done, children!
- Енді біз сабақтың басында үйренген әнді қайталаймыз. Бұл ән адамдар бір-бірімен амандасқан кезде айтылатын сөздерді есте сақтауға көмектеседі. Менің соңымнан қайталаңдар:
We say hello,
We say hi!
Hello and hi, Hello and hi,
Өте жақсы! Сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер. Well done, children!
Ал енді қоштасамыз: Goodbye!
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.