«Олимпиада» спорттық эстафеталық ойыны
Мақсаты:1)
Балаларды жұптасып жүруге, жүгіруге қырымен шоқырақтап жүгіруге, артқа қарап
алға қарай жүруге жаттықтыру. Қолды күшпен серпіп, екі аяқпен шығыршықтан
шығыршыққа секіргенде жұмсақ жерге қонуға үйрету;
2)
Допты тордан лақтыруды, гимнастикалық отырғыштан ішімен өрмелеуде, қолымен алға
қарай қолды түзу ұстап тартылуды қайталау;
3)
балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің шапшаңдық,
күштілік, төзімділік болуға тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, дербестікке, шығармашылыққа, құрдастарымен өзара достық
қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: 3-4 текше, гимнастикалық төсеніш 2 гимнастикалық отырғыш,
гимнастикалық қабырға.
Әдіс-тәсілі: тыңдау әдісі, дұрыс сөйлеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап,
ойын.
Билингвальді компонент: солға, оңға, бұрыл, тіке, т. б.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.