Шағын орталық. Ашық сабақтың тақырыбы: Жақсылыққа-жақсылық
«Жақсылыққа-жақсылық адамдықтың белгісі»
Нақыл сөз.
Міндеттері :
-адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту
-өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;
-үлкендермен, құрбыларымен
сыйластық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.тбасындағы сүйіспеншілік туралы
түсініктерін кеңейту;
Шаттық шеңбері
-Балалар,бүгін мен сендерді көргеніме өте
қуаныштымын.Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. ,бәріміз бір-біріміздің
қолымыздан ұстап «Біз-өмірдің гүліміз» атты
өлеңді бірге айтайық.
«Біз-өмірдің гүліміз»
Ә.Дүйсенбиев
Зеңгір көктен
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен
Біз-өмірдің гүліміз.
Бал достыққа
Жолдастыққа
Шақырады әніміз.
Тыныштықта,
Нұр құшақта
Бақыттымыз бәріміз.
Әңгімелесу
-Балалар өлеңге дейін сендердің
көңіл-күйлерің қандай болды?
Бал. жауаптарын бет-пердемен көрсетеді.
-Жақсы, бірқалыпты, жайбарақат,
көңілсіз, жайдарлы, ашық.
-Ал, «Біз-өмірдің гүліміз» атты
өлеңінен кейін көңіл-күйіміз өзгерді ме?
Бал.жауаптары.
-Менің көңіл-күйім өзгерді,
себебі маған ән ұнады.
-Менікі де өте жақсы болды.
-Ал мен, қуанышты сезімдемін,
қуандым.
-Көңілім көтеріңкі тамаша
болды, өйткені бұл ән көтеріңкі күймен айтылады.
Тәрб.
-Ал көңіл-күйлерің
жақсы,көңілді болғанда, кім қандай жақсылық жасағанды ұнатады?
Ойын: «Жақсылық жасау үшін не істеу
керек?»
\ Суреттер: ағаш, құс, мысық,
т.б\
Балалар суреттің қасына керекті суреттерді
іледі.
-Мен гүлге су құйып, күтер
едім, себебі одан да жайқалып өссін.
-Мен ағашқа ұя іліп, құстарға қамқорлық жасар едім.
-Менде құсқа жем салғыш қойып,
дән салар едім.
-Ал мен, мысыққа сүт берем,
қарны тоқ болсын.
Тыныштық
сәті . Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші сөйлейді.
Сендердің жүректерің - сендердің кішкене жарқыраған
күндерің.Ол да күн сияқты жылытады.Сендердің күндерің сендерге жылулық береді.
Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер.Ал, кәне жақсылық
сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің
достарымызға, барлық адамзатқа, табиғатқа,
келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер
шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды
күні бойы сақтауға тырысыңдар.
Тәрб.
-Ия, барлығыңда жақсылықты
еңбекпен, іспен ,ақылмен көрсетіп жақсылық жасайды екенсіңдер.Тағы да жақсылықты
қалай түсінесіңдер?
Бал.жауаптары.
-Жақсылық бұл-әрқашан досымызға
көмектесу.
-Үйде үлкенге,кішіге
көмектесіп, қолғабыс көрсету.
-Табиғатқа да жақсылық жасау
керек деп ойлаймын, мысалы ,қысты күні құстарды тамақтандыру, күту,жақсылық
жасау.
-Менің Азамат деген інім бар,
анам дүкенге кеткенде, мен оны ойнатамын, киімі суланса ауыстырамын.
-Кейде әжем сырқаттанып қалса,
мен оған дәрісін ішуге су әкеліп беремін.
Тәрб.
-Ия, дұрыс. Әрдайым жақсылық
жасап, біреуге көмек көрсетіп, қамқорлық жасап,жамандықты ойламай, өзгелерді
ренжітпей, айналаңа жақсы істер жасап қуантсақ, көңіліміз қуанышқа бөленіп,
бақытты боласыңдар.
Тәрб. Жақсылық туралы қандай
әңгіме, ертегілер білесіңдер!
1.
«Қарлығаштың
құйрығы неге айыр»- суретін көрсету- мақал
2.
«Қайтпай қалған
қарлығаш»- суретін көрсету- мақал
3.
«Ақ тиін мен
қасқыр»-суретін көрсету- мақал
Дәйексөз
«Жақсылыққа жақсылық-адамдықьың
белгісі»
Мейірімді адамның жасағн
жақсылығы өзіне жақсылық болып оралады, біреуге жақсылық жасап, әрқашан қол
ұшын беріп көмектесссең сол жақысылық өзіңе мол бахыт, қуаныш боылп оралады.
Мақал-мәтел айту.
Жақсылық туралы қандай
тақпақтар білесіңдер?
/ тақпақ/
Жүректен- жүрекке шеңбері
«Болайықшы осындай»
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.