Қазақ тілі пәнінен 8 – класқа арналған тест сұрақтары
Ш оқу тоқсаны материалдары бойынша
1.Құрмалас
сөйлем дегеніміз не?
А) Сөз не сөз тіркесінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлемнің
түрі
В) Іс- оқиғаның жайын баяндамай, соған қатысты мекен, мезгіл,
құбылысты атап көрсететін сөйлем
С) Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен
құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем
Д) Тұрлаусыз мүшелері қатыспайтын жай сөйлем,
яғни бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем
2.
Құрмалас сөйлемді ажыратыңыз.
А) Талғар өзені сияқты Шелек өзені де Ақтаудың
орталық қыраттарынан басталады.
В) Абай сүйсінгеннен қарқ- қарқ күліп, аттан
секіріп түсті.
С) 1945 жыл. Ақпан айы.
Д) Өз сыныбынан Жантасты іздей бастады.
3.
Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылықтарын табыңыз.
А) Құрамы жағынан кем дегенде екі жай сөйлемдерден құралады, күрделі ойды
білдіреді.
В) Құрамы жағынан жеке сөздерден құралады, бір
ғана ойды білдіреді.
С) Жеке, дербес ойды білдіреді, бастауыш пен баяндауыштан тұрады.
Д) Дауыс ырғағы тиянақты болады, аяқталған бір
ғана ойды білдіреді.
4.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер төмендегі тәсілдер арқылы
байланысады:
А) Сөздер бір- бірімен ешбір жалғаулықсыз
қатар, іргелес тұрып;
В) Сөз тіркестері кейде алшақ тұрып, жанаса;
С) Құрамындағы жай сөйлемдері бір- бірімен тең
дәрежеде, тек салаласа;
Д) Интонация арқылы іргелесе, жалғаулық
шылаулар арқылы, бағыныңқы сыңарларының баяндауыштары тиянақсыз тұлғада
келіп, басыңқы сыңармен ұласпалы түрде
құрмаласа;
5.
Құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.
А) Салалас, аралас, толымсыз.
В) Жалаң, атаулы, жайылма.
С) Толымды, толымсыз, аралас.
Д) Салалас, сабақтас, аралас
6.
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір- бірімен
өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.
А) Аралас құрмалас
В) Сабақтас құрмалас
С) Салалас құрмалас
Д) Себеп бағыныңқылы сабақтас
7.
Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Жомарт биылғы демалысын шетелде
өткізетініне қатты қуанды.
В) Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді.
С) Ес жиған соң, жұрт Көксеректің құлағына
қарап отырып, бұрынғы кеткен Көксерек атты күшікті таныды.
Д) Сөйлер сөзге, тілге адамзат сонау көне дәуірдің
өзінде- ақ ерекше мән берген.
8.Сабақтас
құрмалас сөйлем дегеніміз не?
А) Құрамындағы жай сөйлемдерінің біреуінің
баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың
түрі
В) Құрамындағы
жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір- бірімен өзара тең
дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі
С) Құрамындағы жай сөйлем сыңарлары сабақтасып
та, салаласып та байланысатын құрмаластың түрі
Д) Іс- оқиғаның жайын баяндамай, соған қатысты мекен, мезгіл,
құбылысты атап көрсететін сөйлемнің түрі
9.
Сабақтас құрмаласты ажыратыңыз.
А) Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған.
В) Ұлттық ойындардың, әсіресе, жасөспірім
балаларға арналған түрлері өлеңмен өрнектеліп отырған.
С) Шоқан Семейден шыққанда, май айының алғашқы
бір әсем күндері еді.
Д) Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-
ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы.
10.
Аралас құрмалас сөйлемнің анықтамасын табыңыз.
А) Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары
тиянақты тұлғада келіп, бір- бірімен өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас
сөйлем
В) Құрамындағы жай сөйлем сыңарлары сабақтасып
та, салаласып та байланысатын құрмалас сөйлем
С) Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойға
тән іс- әрекеттің жүзеге асырылу мезгілін білдіретін сабақтас құрмалас сөйлем
Д) Құрамындағы жай сөйлемдерінің біреуінің
баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмалас
сөйлем.
11.
Аралас құрмалас сөйлемді ажыратыңыз.
А) Бұл қалада Алаш көсемдері, ұлтымыздың
ардақты тұлғалары Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхановтар болған.
В) Ал Аңғара қорықпады, бірақ атасына қарсы
келмей, бетін солтүстікке қаратып, жан-
жағына қарап тұрды да, алға жүре берді.
С) Зерделі, тумысынан өнерге бейім, зерек
жасөспірім домбыра тартып, ән үйренді.
Д) Сары жотаға қарап- қарап қойып, әрлі- берлі жүріп, жер иіскелейді.
12.
Салалас құрмаласқа да, сабақтас
құрмаласқа да тән құрмаластың түрлерін табыңыз.
А) Ыңғайлас салалас, мезгіл бағыныңқылы
сабақтас
В) Талғаулықты салалас, себеп бағыныңқылы
сабақтас
С) Қарсылықты салалас, қарсылықты
бағыныңқылы сабақтас
Д) Шартты бағыныңқылы сабақтас, кезектес
салалас
13.
Төменде берілген құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтаңыз.
Көктем келді, дегенмен күн жылына
қоймады.
А) Ыңғайлас салалас В) Себеп –салдар салалас
С) Қарсылықты салалас Д) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
14.
Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.
А) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас В) Талғаулықты салалас
С) Түсіндірмелі салалас Д) Мақсат бағыныңқылы сабақтас
15.
Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз - көбейемін деп үмітті,
жарлы- байимын деп үмітті, ауру- жазыламын деп үмітті.
А) Түсіндірмелі салалас В) Қимыл- сын бағыныңқылы сабақтас
С) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас Д) Кезектес салалас
16.
Біресе бұлбұл нақысты, көп ырғақты «Жиырма бесті» созады, бірде назды қоңыр кең
тынысты «Жанбота» шығады.
А) Шартты бағыныңқылы сабақтас В) Ыңғайлас салалас
С) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас Д) Кезектес салалас
17. Өз
қалауларын білдірмек болып, жастар алаңға шықты.
А) Қимыл- сын бағыныңқылы сабақтас В) Қарсылықты салалас
С) Себеп- салдар салалас Д) Мақсат бағыныңқылы сабақтас
18.Төменде
берілген құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойыңыз.
Әнді
орындағандар екеу екен біреуі көрші Әсеттің баласы екіншісін онша танымадым.
А) Үтір, қос нүкте, сызықша В) Қос нүкте, сызықша, үтір
С) Сызықша, үтір, қос нүкте Д) Нүктелі үтір, дефис, үтір
19.
Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді.
А) Үтір, сызықша В) Қос нүкте, дефис
С) Сызықша, үтір Д) Дефис, нүктелі үтір
20.
Қарсылық білдірмек боп көтеріле беріп еді әкесінің ызғарлы қабағына көзі
түсіп батылы жетпей сылқ етіп отыра
кетті.
А) Үтір, қос нүкте, сызықша, үтір В) Үтір, сызықша, үтір, үтір
С) Нүктелі үтір, дефис, үтір, сызықша Д) Сызықша, үтір, қос нүкте, үтір
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.