Қазақ тілі пәнінен 6 – класқа арналған тест сұрақтары
Ш оқу тоқсаны материалдары бойынша
1.Етістік дегеніміз не?
А)Заттың не құбылыстың атауын білдіріп, кім?
не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
В) Заттың санын, мөлшерін , ретін білдіретін
сөздер.
С) Заттың қимылын, іс- әрекетін, жай- күйін
білдіріп, не істеді? не қылды? қайттті?
деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
Д) Заттың сапасы мен сынын, көлемі, түр- түсі,
сипатын білдіретін сөздер.
2.
Төмендегі сөз таптарының ішінен етістікті ажыратыңыз.
А) Әдемі, жақсы, жалқау, қызыл В) Адам, табиғат, қар, үй
С) Бес, алтыншы, төрттен бір, жетеу Д) Бар, кел, ойна, оқы
3. Дара
етістікті табыңыз.
А) Жауып тұр, бара жатыр, ойнап жүр
В)
Жауды, ұқпа, үтікте, сана
С) Тарсылдады, тәрбиеледі, айдап келді,
басқарып отыр
Д) Барып еді, келген екен, жүріп келе жатыр,
айтып барған еді
4.
Туынды етістіктерді ажыратыңыз.?
А) Ойна, шегеле, басқар, арқала В)
Ал, айтқыз, келер, тұр
С) Оқы, ақ, айт, жаса Д) Айтып
тұр, білді, тындырады
5. Есім
сөздерден етістік тудыратын жұрнақтарды табыңыз..
А) –мақ, -мек, -ғалы,- гелі, -у В) –ын, -ін, -с, -тыр, -тір
С) –ғыз, -гіз, -ар, -ер, -ып, -іп Д) –ла, -ле, - да, -де,
-ық, -ік, - қар, -кер
6.
Үнемі көмекшілік қызмет атқаратын көмекші етістіктерді табыңыз.
А) айт, сөйле, отыр, жүр В) е, де, ет, жазда
С) жатыр, тұр, бар, қайт Д) ер, бара жатыр, келіп отыр, жаз
7.
Болымды етістік дегеніміз не?
А) Іс- әректтің болмауын, орындалмауын, жүзеге
аспауын білдіретін етістіктер
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс
септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістік
С) Күрделі етістіктің құрамында келіп,
көмекшілік қызмет атқаратын етістік
Д) Іс- әректтің болуын, орындалуын, жүзеге
асырылуын білдіретін етістіктер
8.
Болымсыз етістіктер қалай жасалады?
А) Негізгі я туынды түбір етістіктерге – ба,
-бе, -па, -пе, -ма, -ме жұрнақтарының жалғануы арқылы және белгілі шақ
тұлғасындағы болымды етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы
В) )
Негізгі я туынды түбір етістіктерге – ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер
жұрнақтарының жалғануы арқылы және
болымды етістікке еді, де сөздерінің тіркесуі арқылы
С) Негізгі етістікке –ын, -ін, -н
жұрнақтарының жалғануы арқылы
Д) Туынде етістікке –дыр, -дір, тыр,-тір,
ғыз,- гіз жұрнақтарының жалғануы арқылы
9.
Сабақты етістік дегеніміз не?.
А) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс
септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістік
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс
септіктегі сөзді қажет етпейтін етістік
С) Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс,
көмектес септіктегі сөздермен тіркесіп келетін етістік
Д) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы
істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің
түрі
10.
Салт етістіктерді ажыратыңыз.
А) сөйледі, сұра, жаз, көр В)
баста, секірді, құлап қалды, ұшып түсті
С) бардым, сырласты, шықтың, мақтанды Д) құйды, айтты, бар, келіс
11.
Етістің түрлерін табыңыз.
А) Жалпы, болымсыз, көмекші, негізгі В) Дара, күрделі, негізгі, туынды
С) Салт, сабақты, болымды, ортақ Д) Өздік, өзгелік, ырықсыз,
ортақ
12.
Өзгелік етіс жұрнақтарын ажыратыңыз.
А) –ын, -ін, -н, -ыл, -ыл, -л В) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр,
-дір, -тыр, -тір,-ыр, -ір, -т
С) –ыс, -іс, -с, -ын,-ін,-н
Д) –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р
13. Есімше
дегеніміз не?
А) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы
істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін
білдіретін етістіктің түрі
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс
септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктің түрі
С) Есімдер сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің
де, етістіктің де қызметінде қолданылатын
етістіктің
түрі
Д) Негізгі қимыл- амалды және негізгі қимылды
айқындайтын, қосымша қимылды білдретін
етістіктің
түрі
14.
Көсемшенің жұрнақтарын табыңыз.
А) –ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі,
-қалы, -келі В) –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с
С)-атын, -етін, -йтын, -йтін
Д) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір,-ыр, -ір, -т
15.
Тұйық етістік дегеніміз не?
А) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы
істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін
білдіретін етістіктің түрі
В) Зат есімдерше түрленіп, қимылдың, іс –
әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі
С)
Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен
тіркесіп келетін етістік
Д) Іс- әректтің болуын, орындалуын, жүзеге
асырылуын білдіретін етістіктер
16.
Дұрыс жазылған тұйық етістікті табыңыз.
А) Оқыұ, йіру, бұу, жүу, байыу В) Оқу, йру, бууу, жұу, баию
С) Оқыу, іиіру, бу, байу Д) Оқу, иіру, буу, жуу, баю
17.
Үстеу дегеніміз не?
А) Қимыл, іс- әрекеттің, сын- сапаның әр
түрлі белгілерін , сипатын, жай- күйін білдіретін сөздер. Олар өзгертулерге
келмейді, грамматикалық тұлғалармен түрленбейді.
В) Заттың санын, мөлшерін , ретін білдіретін
сөздер.
С) Заттың қимылын, іс- әрекетін, жай- күйін
білдіріп, не істеді? не қылды? қайттті?
деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
Д) Заттың сапасы мен сынын, көлемі, түр- түсі,
сипатын білдіретін сөздер.
18.Үстеу
құрамына қарай нешеге бөлінеді?
А) 6-ға В) 5-ке С) 7-ге Д) 4-ке
19.
Туынды үстеулерді табыңыз.
А) қазір,
дереу, енді, тым, кеше, кейін В) балаша, жаздай, осыншама, зорға,
етпетінен, кезекпен
С) бүгін, биыл, ала жаздай, ендігәрі, сөйтіп,
күн ілгері Д) күні- түні, әрең- әрең, ілгері- кейін,
алды- алдына
20.
Мезгіл үстеуі дегеніміз не?
А) Іс- әрекет, қимылдың амалын, сынын,
бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? неше? деген сұрақтарға
жауап беретін үстеудің түрі.
В) Қимыл, іс- әрекеттің мезгілін, мерзімін
білдіріп, қашан? қашаннан? қай уақытта? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің
түрі.
С) Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын
білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.
Д) Заттың сынын немесе қимылдың, іс- әрекеттің
белгісін я сапасын күшейтіп немесе солғындатып көрсететін үстеудің түрі.
21.
Мекен үстеулерін табыңыз?
А)әдейі, жорта, қасақана, әдейілеп, біле тұра В) ақырын, бірден, қолма-
қол, дереу, әрең
С) ілгері, кейін, артта, жоғары, тұс- тұстан Д) босқа, бекерге,
текке, амалсыздан, лажсыздан
22. Қимыл- сын үстеулері қандай
сұрақтарға жауап береді?
А) ақырын, бірден, лезде, өйтіп- бүйтіп, емін-
еркін, шапшаң В) айрықша, өте-
мөте, орасан, аса, нағыз, сәл
С) мұнша, осыншалық, бірқыдыру, азғантай, неғұрлым, сонша
Д) әуелде, ежелден, таңертең, кешелі- бүгінді,
таң ата, ауық- ауық
23. Мөлшер үстеулерін табыңыз.
А) тысқары, артта, бермен, төмен, ілгері,
асты- үстінен В) біраз, осындайлық, недәуір, әжептәуір,
онша, анағұрлым
С) шарасыздан, амалсыздан, құр босқа, жоққа, текке Д) азар, дереу, жылдам, баяу, кенет,
қаннен-қаперсіз
24. Күшейткіш үстеулері қандай сөз
таптарымен тіркеседі?
А) зат есіммен, үстеумен В) сан есіммен, етістікпен
С) есімдікпен, шылаумен Д) сын есіммен, етістікпен
25. Мақсат үстеулерін табыңыз.
А) әдейі, жорта, қасақана, әдейілеп, біле тұра В) бірен- саран, талай,
бірқыдыру, азғана, соғұрлым
С) бұрыннан, жаздай, әзір, жыл бойы, әнеугүні, жаңа Д) қазақша, орысша, дәл, әншейін, жайдан-
жай, жедел
26. Себеп-
салдар үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді?
А) қашан? қашаннан? қай уақыттан?
В) қалай? қайтіп? қалайша? кімше?
С) неге? не себепті? қалай? Д) қандай? қалай? не мақсатпен?
27. Дұрыс жазылған үстеулердің қатарын
белгілеңіз.
А) таң сәріде, бірте- бірте, қыстыгүні,
абайсызда, биыл В) бұл жыл,
емін еркін, бір қыдыру, кейкүні, әрі бері
С) не ғұрлым, оқта текте, некенсаяқ, таң- ата, ауық ауық Д) білетұра, бір талай, со ғұрлым,
өте мөте, был тыр
28. Еліктеу сөздер дегеніміз не?
А) Айналадағы ( табиғаттағы) әртүрлі
құбылыстардың дыбыстарына, қимыл- әрекеттеріне еліктеуден туған немесе қимыл-
әрекетті бейнелеп тұратын сөздер
В) Қимыл, іс- әрекеттің, сын- сапаның әр түрлі белгілерін , сипатын, жай- күйін
білдіретін сөздер. Олар өзгертулерге келмейді, грамматикалық тұлғалармен
түрленбейді.
С) Заттың санын, мөлшерін , ретін білдіретін
сөздер.
Д) Заттың қимылын, іс- әрекетін, жай- күйін
білдіріп, не істеді? не қылды? қайттті?
деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
29.
Туынды еліктеуіш сөздерді табыңыз.
А) тарс, сарт- сұрт, зу, күрт- күрт, ерби В) селк- селк, талтаң-
талтаң, ду, ыршу, қылт- қылт
С) сылдыр- сылдыр, шолп- шолп, жалт, баж, былқ Д) алшаң, арбаң, ирең, сымпың, кілтің,
бағжаң
30. Бейнелеуіш сөздерді табыңыз.
А) пыр, тырс, сақыр- сұқыр, күрт, гүрс, шарт-
шұрт В) күмбір, сақ- сақ, сылқ-
сылқ, күжіл, гүріл
С) жылт, ербең, жалп, томпаң, қайқаң, лып Д) дүңгір- дүңгір, арс,
борт- борт, ыз- ыз, тарп
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.