Сызу "Негізгі көріністер"
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға өз білімдерін талдап түсіндіре алуына,
бір-бірімен сұрақ қою арқылы ұйымшылдығын арттыруға негізгі көрініс тақырыптары
бойынша білімдерін жетілдіруге бағыт-бағдар беру.
Дамытушылығы: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,
рпактикалық, теориялық салыстыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды әдемі де саналы болуға, топпен әділ
шешім шығара білуге, ынтымақты және ізденімпаздыққа, өз бетінше жұмыс жасай
білуге үйрету, қалыптастыру.
Типі: жаңа білімді игеру сабағы.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: топпен жұмыс, талдау, салыстыру, баяндау, тірексызба, сұрақ-жауап, ой
қозғау.
Көрнекілігі: үйлестірмелі карточкалар, геометриялық денелер,
плакаттар, әр оқушының екі топтың қызыл, көк «эмблемалары».
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу.
- Түгелдеу.
- Сынып тазалығын тексеру.
- Назарларын сабаққа аудару.
- Құрал-жабдықтарын тексеру.
- Екі топқа бөліп ат беру. (диаметрия,
изометрия).
II. Үй
тапсырмасын тексеру:
Үйге №12
графикалық жұмыс, оған аксонометриялық проекцияны салып, оны үш көріністе салып
келу.
- Аксонометриялық проекция нешеге
бөлінеді?
- ОХ осіне дейінгі аралықты не деп
атайды?
- ОУ осіне дейінгі аралықты не деп
атайды?
- ОZ осіне дейінгі аралықты не деп
атайды?
- Алдыңғы көріністі қандай проекция деп
атайды?
- Үстіңгі көріністі қандай проекция деп
атайды?
- Сол жақ көріністі қандай проекция деп
атайды?
- Геометриялық денелерге қандай денелер
жатады?
Оқушыларға
үлестірмелі карточкаларды тарату.
Оқушылардың бүкіл
сызып келген сызуларын жинап алып бағалау.
Қосымша: Екі топтан жарыс ұйымдастыру (ол үшін әр
топтан 3 оқушыны тақтаға шығарып, плакаттағы суретке қарап жауапты тақтаға
сызып көрсеткізу. Сонда 6 оқушы
бағаланады. Орнында отырған 2 оқушы алгоритмнің сұрақтарына жауап беріп,
бір-біріне сұрақтар қояды).
III.
Үй тапсырмасын қорытындылаймыз:
Нәтижесінде
бүкіл оқушы бағаланады. Үй жұмысын сызғаны, тақтаға шыққаны, бір-біріне сұрақ
қоюы, алгоритм сұрағына жауабы, топ басшыларының жауабы бар – түгел оқушыны
қамтып, сұрап шығуға болатынына көз жеткіземіз.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.