Дүниетану. Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы қарым-қатынас
Сабақтын мақсаты:Білімділік:Балаларға отбасы – әр адам жанына жақын, ең қымбат байлық екенін, отбасы бірлігі – бақыттың кілті екенін түсіндіру. Отбасының барлық мүшелеріне мейіріммен қарауға баулу. Дамытушылық:Дүниетанымын, ойлау, елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды білімділікке,ұйымшылдыққа,шапшандылыққа,еңбекқорлыққа,бірін-бірін сыйлауға тәрбиелеу..
Күтілетін
нәтиже: Оқушылар білуі тиіс:Отбасы деген не ? Ондағы отбасылық
қарым-қатынас.
Сабақтын
типі: ашық сабақ
Сабақтын түрі: жаңа сабақ
Қолданылатын
әдістер: түсіндіру,сұрақ-жауап,анализ жасау,ой толғау
Көрнекі
құралдар: суреттер,үлестірмелі парақшалар,ЖИТСО срат-я,эссе жазу.
Кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Уақыты |
І. Ұйымдастыру кезеңі. |
Оқушылармен амандасу,назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық Шаттық шеңберін құрып,сәлемдесу! Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз. Қайырлы таң деп айтамыз, Мәңгі бірге боламыз!
|
Мұғаліммен амандасу,керекті құрал-жабдықтарды дайындау. |
2 мин |
ІІ. Ой ашар |
Үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушылардан үйге берілген тапсырма сұралады. Бүгінгі сабаққа Алдар көсе деген досымыз қонаққа келді.
Ол сендерге арнап өзінін сандықшасына 4 пен 5 деген бағалар алып келді.Алдар
көсе сендерге бір өтінішпен келіпті мектепке арнап гүл өсірмекші. Сол гүлге
сендердін көмектерін қажет деп сендерге келіпті. (гүлдердің әр бір бөлігінде
қайталауға арналған тапсырмалар берілген соларды орындау) |
Сұраққа дұрыс және дәл,нақты жауап беру |
6 мин |
ІІІ. Жаңа сабақ |
Отбасы кімдерден тұрады Ата
Әже Ана ? Әке Ұл
Қыз |
Белсенді жауап беру |
2 мин |
Мәтінмен жұмыс |
Бүгінгі тақырыбымыз"Отбасындағы
қарым-қатынас" болмақ.2 топқа
тапсырмалар беріледі Мозайка жасау,қиып балаларға тарату,соны құрастырғызу
және әр топта не жайлы айтылған соны топ ішінде бір-біріне айтқызу,және
мәтінді қалпына келтіру. |
|
8 мин |
ІY.Ой толғау. |
Кесте құру-Қыздар,Ұлдар осыларға тән нәрсе,соны жазып шығу. |
Дұрыс құрастырып, оқып, жеткізе білу |
8 мин |
Y. Сергіту сәті |
Қызыл өрік |
Сергіту сәтіне белсенді қатысу |
2 мин |
YІ. Дәптермен жұмыс |
Өз отбасында қандай адамдар бар соны жазу. |
Қатесіз,дұрыс жазып беру.Шапшандыққа үйрену. |
9 мин |
YІІ. Қорытынды |
Отбасындағы қарым-қатынас не екенін қорытындылау үшін, сурет
арқылы эсск жазу, қорытындылау |
Түсініктерін берген тапсырма арқылы жеткізу |
5 мин |
YІІ. Үй тапсырмасын беру |
Өз отбасың туралы әңгіме жазып келу |
Үй тапсырмасын жазып алу |
2 мин |
ІХ. Бағалау,мадақтау |
Бағалау парағы
арқылы және топтағы гүлдері мен алмаларын санап бағалау, мадақтау |
|
1 мин |
Пән мұғалімі: Муханова Салтанат Оразовна
Тексерген:
Отбасындағы қарым-қатынас
Табиғат бүкіл адамзатты еркек пен әйелге,____ мен _________бөлген.
Ер адам мен әйел адамның дене құрылысы,киім киісі,мүдделері жағынан бір-бірінен
айырмашылығы бар,бұл-___________________
_________қозғалыс ойындарын жақсы көреді. Жолдасымен күш
сынасудан,төбелесуден қашпайды. Нағыз _______ала кішкентайларға қамқор болады,_____________
ренжітпейді.
______,отағасы-отбасында әйелі мен балаларына қамқорлық
жасап,үйдегі ең ауыр жұмысты өзі атқаруы керек. Өйткені табиғат ____адамдарды
мықты,төзімді және табанды етіп жаратқан. Ұл әкені сыйлап,бүкіл
отбасының ісінде жәрдемшісі болуы керек.
_________мен _________адамзаттың екінші жартысын құрайды.
Әйелдерді әдемілікке теңеу етеді. Өйткені табиғат әйелге маңызды міндет-әйел
және ана болу міндетін артқан ғой.
Әйел ежелгі кезден-ақ _________болған. Ол тамақ
дайындаған,балаларды тәрбиелеген,үй шаруасымен айналысқан
________әйелдер ер тұрмысына белсенді араласады: бар
салада жұмыс істейді,спортпен айналысады,ғылыми жаңалық ашады,тіпті ғарышқа да
ұшады. Дегенмен,қамқорлық,ізгілік және нәзіктік әйелдің ең маңызды сапалары
ретінде сақталған.
_________әйел де,еркек те бірін-бірі сүйіп,бірін-бірі
қамқорлық жасауы керек. Отбасын қазақтар екінші сөзбен "________"деп
те атайды. Отбасы туралы халықта осындай жылы сөз бар.
Өмірде шешуі қиын мәселелер көп туындайды. Оларды бүкіл
отбасы болып,бірігіп шешкен жөн. Егер біреуі ауыра қалса,отбасының басқа
мүшелері оған дәрігер шақыру,дәрі сатып әкелу,тамақтандыру және сусын беру
сияқты қамқорлық жасауы тиіс.
Өз отбасын құрып,жеке тұрып жатқан ересек балалар ______ата-аналарына
көмектесуі керек. Оларды туған күнімен құттықтап,үйіне қонаққа шақырып,айрықша
маңызды күндерді бірге тойлауы тиіс. ____________тірек болу және
қолдау-балалардың борышы. Халық "Ата-анаңа не істесең,алдыңа сол
келеді"деп бекер айтпаған
Қазақстан
Республикасы Конститутциясында 27
бабында не айтылған?
"Неке
мен отбасы,ана,әке және бала мемлекеттік қорғауында болады"
Отбасы неден
құрылады?
"Отбасы
ер мен әйелдің келісімі арқылы құрылады."
Отбасы деген
не?
"Отбасы
біздің мемлек-дің,халқымыздың бір болігі"
Қазақ
отбасында қандай дәстүрлер сақталған?
Қазақ
отбасында үлкенді сыйлау,құрметтеу және кішіге қамқорлық,Отанды шексіз сүю
дәстүр сақталған
Кішілердіңи-ақылшысы
кімдер? үлкендер
Бала дүниеге
келгенде мемелекет тарапынан кандай көмек қарастырылған?сәби дүниеге келгенде
әр бала үшін жәрдемақы толенеді,т.с.с
Гүлдерге жабыстыру
Барысы: .
Ұйымдастыру кезеңі.Шаттық шеңбер құрып сәлемдесу.
Отбасының
гүліміз,
Көңілді өтер
күніміз.
Қайырлы таң
деп айтамыз,
Мәңгі бірге
боламыз!
Ұлдар |
Қыздар |
Жас жігіт Ер адам Отбасына қамқорлық жасайды. Әйелі мен балаларын асырайды, қорғайды. Ауыр жұмыстарды атқарады. |
Бойжеткен Ана, әйел Отанасы, балаларды тәрбиелейді. Үйді ұстау, тамақ жасау, отбасына қамқорлық жасайды,
мейірімділік пен нәзіктік бейнесі және т.б. |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.