Дүниетану 4 сынып. Сабақ тақырыбы: Өзен және көл
Сабақ мақсаты: Білімділігі: Қазақстанның өзен және көл жайында бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өзен мен көлдерді тиімді пайдалану және сақтау жөнінде пікір, сенім қалыптастыру. Өзен және көл туралы өмірден білетіндерін толықтыру.
Дамытушылығы: ой-өрісін, білім дәрежесін,
сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: табиғатта су өте көп
болғанымен тұщы судың аздығын ұға отырып, суды қорғауға әр адамның міндетті
екенін түсіндіріп, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: карта, суреттер, сызба
«өзен, көл»
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой
қозғау, көрнекілік, картамен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Түрі : Жаңа
білім беру сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі .
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жер асты сулары
1. Судың
қасиеті: а) жақсы еріткіштігі , ә) аққыш , б) түйіршіктігі .
2. Жер астынан
шығатын суларды қалай атайды? а) тұщы ә) қышқыл б) минералды
3. Ішуге
жарамды сулардың бір литрінде қанша грамм еріген тұздар болады?
а) 40-
ә) 2-20 грамм б)
4. Жер астынан шығатын минералды судың температурасы:
а) 25-36˚ С
ә) 59 ˚ С
б) 49-52 ˚ С
Сұрақтарға
жауап: Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? Бұлақ туралы қандай аңыз
білесіңдер? Минералды су дегеніміз не?
III . Жаңа
сабақ.
Кең дала , көремісің сонау жатқан ,
Жібектей жасыл шөптен бетін жапқан
Асқар тау , айдын шалқар көл мен өзен ,
Әне , сол анам еді мені тапқан , -
деп Сәкен
Сейфуллин атамыз айтқандай , Қазақстан – кең байтақ өлке , ол Еуразияның ең ірі
мемлекеттерінің бірі . Жер көлемі жағынан төртінші орында . Солтүстіктен
оңтүстікке , батыстан шығысқа қарай созылып жатуына байланысты табиғатыда алуан
түрлі . Қазақстан орман – тоғайлы , шалғынды ,таулы , жазықты , өзен – көлді
жерлерге бай .
IV . Трек сызбаларымен жұмыс
V . Оқулықпен жұмыс :
1 . Мәтінді тізбектей оқыту
2 . Картамен жұмыс
Ертіс , Жайық , Сырдария , Іле өзендері
мен Каспий , Арал , Балқаш көлдерін картадан көрсету .
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.